Қан қысымы қанның тамырлар жүйесі бойынша қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ететіні белгілі нәрсе. Сөйтіп, ағзадағы тіндердің зат алмасу процесін іске асырады. Артериялық қысым шамасы, негізінен, жүректің жиырылу күшіне, әрбір жиырылу кезінде жүректің шығаратын қан мөлшеріне, қан тамырлары қабырғаларының кедергісіне байланысты анықталады. Қысым мөлшері артерия, күре тамыр және майда тамырларда әртүрлі болады. Ол ағзаға өз қызметінің жағдайын көрсетеді. Артериядағы қан қысымы жүрек жиырылғанда (систола) артады, босағанда (диастола) кемиді.

Артериялық қан айналымының ірі артерияларында 160/100 мм сынап бағанасына дейін және одан жоғары болса, жүректің соғуы жиілеп, артерия қабырғасының серпінділігі бұзылады. Қан қысымының көтерілуіне немесе төмендеуіне көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы: тамырларда сұйықтық деңгейінің төмен түсуі (гипотензия) адам уланғанда, жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылғанда, қан қысымы төмендейді. Ал қысымның көтерілуі ағзада эндокриндік жүйенің бұзылуынан, бүйрек ауруынан болады. Ал жасөспірімдерде қан қысымы жыныстық жетілу кезінде жиі байқалады, мұны ювенильді-гипертензия деп атайды.