Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.01.2017
өлшемі326,36 Kb.
#2364
1   2   3

Бәйтерек 

Бәйтерек  (Байтерек)  –  көне  дүниенің  сыр  сандығы  мифологиялық 

аңыздарда  да,  кәзіргі  қазақтың  дәстүрлі  сенім-нанымдары  арасында  да  жиі 

кездесетін кейіпкер. 

Неге біз ай далада келе жатып жапан түзде оқшау тұрған бір ағаш болса 

елең ете түсеміз? Неге біздің үлкендеріміз оның бұтағына ақ байлап жатады. 



 

Неге біз зират ішінде, бұлақ жағасында ағаш өссе қасиет деп санаймыз? Бұл 



сұрақтардың бәріне де жауапты тарихтың бәйтерек туралы түсініктері береді. 

Бәйтерек  –  тек  аспанмен  тілдескен,  немесе  оқшау  өскен  ағаш  емес.  Ол 

тәңірі мен Байана арасын байланыстырып тұрған алтын көпір. Қозы көрпеш 

– Баян сұлу жырының негізгі нұсқаларының бәрінде де Қозы мен Баян Шоқ 

теректің түбінде кездеседі: 

«Бар екен бір ағашта жалғыз бұлақ, 

Екеуі сол ағашты қылды мекен». 

Бәйтерек  –  кейде  аспанмен  тілдесіп  тұрған  өте  биік  ағаш,  кейде  жапан 

түзде оқшау өскен ағаш. Екі жағдайда да сахара адамы ондай бәйтеректі аса 

қадір тұтады. 

Ертегіге  жүгініп  көрейік:  «Ертеде  бір  кедей  адам  болыпты  екен  дейді. 

Қанша  жерден  тіршілік  жасаса  да  бақ,  байлық  қонбаған  соң  кедей  бір  күні 

Алла  тағаланың  өзіне  (бір  нұсқаларда  Қыдыр    атаға)  жолығып,  жүзін  көріп, 

арызын  айтпақшы  болыпты…  Көп  күндер  жүріп  темір  таяғы  тебенгідей, 

темір  етегі  теңгедей  болған  уақытта  бір  биік  таудың  басында  шығыпты… 

аспанмен  таласқан  бәйтерек  өсіп  тұр  екен.  Маңайы  қызылды-жасылды  гүл, 

ұшқан  құс,  тіршілік.  Кедей  енді  алла  тағаланың  жүзін  көре  алмаймын  деп 

күдер  үзіп  отырғанда  Бәйтеректен  бір дауыс  шықты  дейді:  Ей,  адам  баласы 

арызыңды айт, - деген…». 

Бәйтерек  Адам  мен  Құдай  тағала  арасындағы  дәнекер  ғана  емес, 

жаратушының  жер  бетіндегі  құдыретінің  көрінісі.  Бәйтерек  космостың 

кіндігі (осі): оның ұшар басы Көкке тіреліп, діңгегі жер бетіндегі тіршілікке 

сүйеніш  болып,  тамыры  жер  асты  әлеміне  кетеді.  Қазақтың  космос  туралы 

түсінігі  үш  сатылы:  жоғарғы,  жер  бетіндегі,  төменгі  әлемдер.  Осы  үшеуін 

жалғастырып  тұратын  дәу  Бәйтерек.  Қазақтың  аңыздары  бойынша  жер 

бетінде  адамадар  белбеулерін  (кісе)  беліне  салса,  жоғарғы  әлемде  мойнына, 

ал төменгі әлемде аяғына салады екен-мыс делінеді. 

«Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырындағы  Бәйтерек  образы  Шоқ  терек 

арқылы берілген. Шоқ терек екі түрлі қызметті толық атқарып тұрғаны жыр 

мазмұнынан  көрінеді.  Бірінші  жолы  ол  космостың  үш  сферасының  басын 

қосып  тұр  (диахрондық  байланыс  жүйесі).  Қозы  көрпеш  пен  Баян  сұлу  осы 

Шоқтеректің түбінде кездеседі. Яғни адам мен құдай (жаратушы) арасын да 

қосатын  Бәйтерек.  Адамның  Құдайға  деген  махаббатының,  ашық  сезімінің 

куәсі  Шоқ  ағаш,  Қозы  көрпешке  пана  болған  Шоқ  ағаш,  Қозы  көрпеш 

өлгенде де осы Шоқтеректің түбінде өледі. Қозы көрпештің қайта тірілуі де 

адам  баласының  тіршілік  туралы  көзқарастарына  сәйкес.  Тіршілік  мәңгілік 

жаңғыру. 

Шоқ  терек  сонымен  бірге  Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  дәнекер 

(синхронды  байланыс  жүйесі).  Шоқтеректің  түбінде  Батыстың  өкілі  Қозы 

мен  Шығыстың  өкілі  Баян  кездеседі.  Бұл  жағынан  алғанда  Шоқтерек 

әлемінің екі горизанталді сферасының арасындағы шекара сияқты. Қазақ жер 

ортасы Көктөбе дейді: 

  Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелі, 

  Ортасында Көктөбе белгі етелі 


 

10 


   

 

(Шоқан нұсқасы) 



  Осы Көктөбенің басында Шоқ терек өсіп тұр: 

  О, бастан Қозы-екем өзі сұмды, 

  Шоқтеректі, барды да, мекен қылды 

   


 

(Шоқан нұсқасы).  

Шоқ  терек  атты  жер  Ә.Х.Марғұлан  жазбаларына  қарағанда  Аягөз 

маңына  жақын,  Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу  мұнарасынан  8  шақырымдай 

солтүстік  батысқа  орналасқан.  ХХ  ғасырдың  басында  осы  атпен  Батыс 

Сібірдің  он  шақырымдық  картасына  түскен  бұл  Шоқ  теректің  мифтік  Шоқ 

терекпен арасында ұқсастық, байланыс  бар ма, ол жағы мағлұм емес. Қалай 

болғанмен «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырына қатысты талай ескерткіштер 

бір жерге топталған. Шоқ терек, Көк төбе – жер ортасы деген ұғымдарды әлі 

де зерттеу қажеттілігі көп: 



Келді ғой Шоқтерекке Баян батыл, 

Болады осы арада заман ақыр. 

Зар жыламай не қылсын сорлы Баян 

Қозыеке арыстандай өліп жатыр. 

Ә.Х.Марғұланның  жазбаларында  Шоқ  терек  атты  жер  аты  Орталық 

Қазақстанда Атасу бойында да кездеседі. 

«Қасиетті  бәйтерек»  дүние  жүзі  халықтарының  көпшілігінде  кездеседі. 

Бұл  тіршіліктің  өсіп-өнуінің  символы.  Бәйтеректің  қасиеттері  қазақ  аңыз-

ертегілерінде  аса  марапатталады.  Оның  жөні  де  бар,  шөл  мен  дала  астасқан 

өңірде  ағаш  та  көп  емес.  Мүмкін  тіршілік  туралы  аңыздарға  негіз  болған 

сюжеттер осы жерден басталған болар. 



Қодар 

Қодар  –  «Қозы  көрпеш-Баян  сұлу»  жырындағы  негізгі  кейіпкерлердің 

бірі.  Біздің  ойымызша  Қодар  бейнесі  Қозы  көрпешке  антипод,  яғни  негізгі 

кейіпкерге  қарама-қарсы  жасалған  көркем  образ.  Бір  қайратты  жыр 

туғызушы  орта  қақ  жарып  екі  бөлген  де  бір  жағын  Қозыға,  екінші  жағын 

Қодарға берген.  

Қодар  Баян  сұлуды  (Байана)  Қозыдан  кем  жақсы  көрмейді.  Оның 

Баянсұлуға деген махаббаты шексіз: 

Баянға ауызба ауыз бір тілдесу, 

Қодарға жұмыс болды көкей кесті, - дейді жыр өрнегі. 

Қодардың  Баянға  деген  құмарлығы  сондай  күшті.  Ол  осы  құмарлық 

сезімінің  жетегінде  бірнеше  жыл  Қарабайдың  ең  ауыр  қызметін  жасайды. 

Бетпақ шөлде Қарабайдың 90 мың жылқысы қырылайын деп жатқанда құдық 

қазып алып шығады: 

Ант ұрған білдірмейді Қодар жасып, 

Әр жерден жүз кісілік құдық аршып. 

Сонымен  қатар  Қодар  алапат  батыр.  Аягөзге  көшіп келген  Қарабайдың 

Баян сұлу есімді қызы бар деп жан-жақтан 90 сері қызды көрмекке келгенде 

солармен жалғыз айқасып жеңіп шығады. 


 

11 


Бірақ Қодардың қанша қызмет істесе де Баян сұлуға қолы жетуі мүмкін 

емес.  Ең  алдымен  Баянның  атастырған  күйеуі  бар.  Баян  Қодардың  тілегінің 

бәріне бір-ақ жауап береді: 

Тимеймін ноғайлыға арым бар-ды, 

алтын айдар, шоқ белбеу жарым бар-ды! 

«Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу»  жыры  адам  баласының  жан-жануар 

әлемінен бөлініп шығар тұстағы ең басты тіршілік қағидасын – неке тәртібін 

заңдастырып  отыр.  Тәртіпті  неке  (атастыру,  қалың  мал,  құдалық  салты) 

адамды  қоғам,  ұлт,  мемлекет  есебінде  қалыптастырған  негізгі  институт. 

Қодар  осы  қасиетті  түсініктің  құрбандығы.  Баян  сұлудың  әкесі  Қарабайдың 

да жағымсыз болуына негізгі себеп осы салтты мойындамау. 

Екіншіден  Қозы  көрпеш  Тәңірінің  арнайы  ықыласы  түскен  адамға 

ұқсайды,  ол  Баян  сұлу  махаббатына  ие  болған.  Бұл  адам  баласының,  соның 

ішінде  көшпелі  түркі-моңғол  халықтарының  дүниетанымдағы  «бақ/құт» 

деген  ұғымды  ескерсек  түсінікті  болмақ.  Қозының  басына  қонған  бақ  оны 

ешқандай  кедергілерге  қаратпай  (шөл  дала,  қиқулының  қырық бөрісі,  түлкі, 

мыстан кемпір, түйе, орман т.б.) Баян ауылына қарай жетелейді, жеткізеді. 

Қодар болса осының екеуінен де махрұм қалған. Ол неке жолына түсіп 

қойған,  атастырылған  қызға  ғашық,  оның  Қозының  басындағыдай 

жарқыраған алтын айдары жоқ. Алтын айдар Қозының ерекше жаратылысын, 

Тәңіріге сүйкімділігін білдіреді. 

Кейде осылай қанша талпынғанымен құдай бұйыртпай отырса адамның 

еңбегі  еш  болады.  Басқа  амалы  қалмаған  Қодар  Шоқ  теректің  түбінде 

ұйықтап  жатқан  Қозыны  садақпен  атады.  Міне  осы  жерде  Қодардың  іс-

қимылы  кәдімгі  қарапайым  адамға  тән  көре  алмаушылық,  қараниет, 

жауыздық  кейпін  киеді.  Тіршіліктің  тікелей  қозғаушы  күші  жақсылық  пен 

жамандық  арасындағы  күрес  өзінің  шырқау  шегіне  жақындайды.  Бұл 

мәңгілік  күрес,  бұл  тіпті  әр  адамның  өз  ішінде  болып  жататын  күнделікті 

күрес.  Жақсылық  бар  жерде  жамандық  та  бар.  Ғұлама  Мәшһүр  Жүсіп 

«Күнәсі  жоққа  Құдайдың  рахымы  да  жоқ»  дейді,  онысы  осы  күрделі, 

бинарлы  түсінікті  меңзегені.  Жақсылық  өлсе  жамандық онымен  бірге  өледі. 

Қозы көрпеш өліп еді Қодар да өлді, оны жыр құдіреті күшті Байана қолымен 

жасайды.  

Ай, Таңсық 

Ай (Айғыз) – образы жыр сюжетін байытатын, көркем құралдардың бірі 

деп  есептеуге  болады.  Ай  мен  Таңсық  жырда  Қарабайдың  қыздары  еді 

делінеді: 

               Айтады қыздарына келіп майда, 

              -Ай, Таңсық – менің екі қызым қайда? 

                                                    (Жанақ нұсқасы) 

Бұл  жерде  бір  шарттылық  сезінгенімен  Шығыстың  негізгі  белгі  екенін 

ескерсек Ай, Таңсықтың Баянға апа – сіңілі болулары түсінікті. 

Ай, Таңсықтың Баян сұлу мен Қозы көрпеш махаббатына жанашырлығы 

жырда  жақсы  суреттелген.  Белгілі  дәрежеде  Ай,  Таңсық  образдары 

космогониялық  сарындарға,  білімге  негізделгенімен  де  жырдың  көркемдік 



 

12 


деңгейін көтеру үшін әр-түрлі қоғамдық тіршілікке белсене араласады. Оның 

бір мысалы екі қыздың жерімен қоштасуы: 



                Балталы, Бағаналы ел аман бол, 

                Бақалы, Балдырғанды көл аман бол 

                Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, 

                Ойнап, күліп ер жеткен ел аман бол! 

                                                   (Радлов нұсқасы) 

Жыршы екі қыздың көңіл күйін, Қозы мен Баянға деген сүйіспеншілігін 

жырлап отаншылдық, адалдық, сұлулық сезімдерін маздата жағады: 



                 Жөнелді сонда екі қыз белін буып, 

                 Тым сұлу көркемдігі айдай болып. 

                 Кешіне жылай – жылай әрең жетті, 

                 Жылаған жасы атының жалын жуып 

                                                 (Радлов нұсқасы) 

Таңсық  (Айтаңсық)  –  жыр  мазұмынындағы  қосалқы  кейіпкер. 

Таңсықтың  негізгі  атқаратын  функциясы  Аймен  ұқсас  –  туған  жерге  деген 

махаббат  сезімін  бекіту,  жарға  деген  адалдық  (ол  екеуі  де  Баян  бесікте 

атастырылған  күйеуі  Қозыға  адал  болуы  керек  деп  біледі),  қазақ  қыздарына 

тән қам көңіл, жұмсақ жандар. 

Бірақ  екі  образдың  түп  нұсқасы  көне  дүниенің  табиғат  әлемі  туралы 

түсініктерінен  туындаған.  Ерте  кезеңдегі  жаратылыс  ілімінде  Байана 

құдайдың  маңындағы  Әлем  жарықтары  осылар.  Тәңірі  -  әлемнің  ең  жарық 

жұлдызы  Күнмен,  Байана  Аймен  байланысты,  ал  енді  Ай  мен  Күннің 

ұштасар,  ауысар  тұсы  –  Таң.  Бұл  көшпелілердің,  көшпелілерге  дейінгі  әлем 

халықтарының  дүниетанымының  құрылымы.  Біздің  пікірімізше  ғұн,  түркі 

замандарында табиғат туралы ілім әбден қалыптасып барып саңлақ мифтерге 

ауысқан. 

Әлем  құрылымы,  тіршілік  заңдылықтары  туралы  көне  білімнің  ең 

көрнекті  мысалдарының  бірі  Уыз  (Оғыз)  хан  туралы  генеалогиялық 

әфсаналарда  көрініс  береді.  Рашид-ад-дин  дала  қарияларынан  естігеніне 

сүйеніп  Алаша  ханды  Нұқ  пайғамбардан  тікелей  таратады.  Осы  Алаша 

ханнан Диб-Бакуй туады, одан өз кезегінде төрт бала: Қара хан, Ор хан, Көр 

хан  және  Көз  хан.  Осы  төртеуін  аталары  әлемнің  төрт  бұрышына  жіберді 

екен дейді… Қара ханның баласы Уыздан (Оғыз) шежіре алты ұл туған екен 

дейді.  Олардың  екі  қанатқа  бөлінетіні,  бұзоқ,  үш  оқ  атанатыны  шежіреден 

көпшілікке белгілі. Олардың аттары мынадай: Күн хан, Ай-хан, Жұлдыз хан, 

Көк-хан, Тау хан, Теңіз хан. 

Уыздың  ортаншы  ұлы  Айханның,  Қарабайдың  үлкен  қызы  Айғыздың 

өмір  сүрген  заманы  қай  дәуірге  келеді?  Біз  жеке  адамнан  гөрі  бұл  жерде 

жаратылыс  туралы  түсініктің  қашан  бір  ретті  құрылымға,  мифтік 

/дүниетанымдық/  жүйеге  түскеніне  көңіл  аударғанымыз  жөн  болар. 

Зерттеушілердің  арасында  Оғызды  (Уызды)  ғұнның  Модэ  шаньюімен 

теңдестіретін  пікір  бар,  бірақ  Оғыз  туралы  сюжеттердің  ғұмыры    тарихи 

Оғыздан  әлдеқайда  ертерек  болған  деп  шамалауымыз  керек.  Уыз  (Оғыз) 



 

13 


туралы жырлардың да тағдыры «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырына ұқсас – 

бұлар көне дүниенің өзі аңыз есебіне тыңдаған әфсаналар. 

Соныменен  Ай,  Таңсық  жырға  көне  мифтік  түсініктерден  келіп  еніп 

кеткен қаһармандар. Олар әлемнің, жаратылыстың, әлем қарама-қайшылығы 

(жер  мен  көк,  жарық  пен  қараңғылық),  тіршілігі  туралы  қалыптасқан 

астральді мифтердің элементтері. 



Айбас және оның жер шолуы  

Жырдағы  өте  ұнамды  кейіпкердің  бірі  Айбас  екені  мәлім.  Айбастың 

шыққан  тегі  белгісіз.  Бірде  ол  Тайлақ  бидің  кенже  інісі  болса,  бірде 

Сарыбайдың құдалық кезінде Қарабайға қарғы бау деп берген құлы. Қалайда 

осы  Айбас  Қарабай  мен  Сарыбайдың  (Шығыс  пен  Батыстың)  арасындағы 

дәнекер екені анық. Егер жырдың мифтік мазмұнын жеке қарастырсақ Айбас 

құдайлар  пантеонындағы  ара  ағайындық  функциясын  атқаратын  ірі 

күштердің бірі сияқты. 

«Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырында  қазақ  даласының,  тіпті  онымен 

шекаралас  Еуразия  аймағының  ең  шоқтықты,  белгілі,  қасиетті  жерлері 

аталатыны  оқырманға  белгілі.  Бұл  жерде  Су  аяғы  Құрдым  да,  Мұз  теңіз 

(Солтүстік Мұзды мұхит), Бетпақтың шөлі де, Жетісу мен Түркістан да, Еділ 

мен  Жайық  та  бар.  Жырдағы  ең  бір  әдемі  топонимиялық  сюжеттер  Айбас 

серінің саяхаттарына байланысты кездеседі: 

                      Айбас құл адасқанын енді білді, 

                      Ғарып жанын қыз үшін отқа салды. 

                      Баян туған жерінде демін алып, 

                      Баян аула деген тау содан қалды 

                      Тоқырауын – Бақаайғыр тоқтаған жер, 

                      Жәмші де ақ жәмшісі түсіп қалды 

                      Баянның қарқарасы түсіп қалып, 

                      Қарқаралы – Қазылық сонан қалды 

                                                         (Шөже нұсқасы) 

Осылай  жыршылар  Айбас  серіні  адастырып  отырып  қазақтың  біраз 

жерін аралатады. Шөжеден кейін Айбасты көп қыдыртатын жыршының бірі 

Жанақ: 

                      Көктаймен батыр Айбас төмен шапты, 



                      Мәнісін таман жолдың оймен тапты. 

                      Қыздың берген белбеуі түсіп қалып 

                      «Қызыл белбеу», «Құба жон» қоя сапты 

 

                      Қыздың берген жалауы түсіп қалып, 

                      «Абыралы», «Жалаулы» қоя сапты 

                                                         (Жанақ нұсқасы) 

Жанақ  нұсқасында  тек  қана  Айбас  емес,  Қарабайдың  өзі  де  тоқсан 

мыңның соңында дамылсыз көшеді: 

                      Дамыл, аял көрмейді көзі терлеп, 

                      Өзге жақпен жүре алмас, малы кернеп. 

                      Дамыл да жоқ, тыным жоқ көше беру, 


 

14 


                      Өне бойлы жағалап ертіпті… 

Осылай  Қарабайдың  көші  бірде  құмды  жағалап,  бірде  Алатауға 

дамылдап,  одан  Іле  басы  Құлжаға,  Іледен  көшіп  Шыршыққа,  ең  ақыры 

Сарыарқаны сағынып қайта көшіп дамыл көрмейді. 

Орталық  Азияның  алапат  даласын,  тауы  мен  құмын  аралап  көше 

берудегі  мақсат  не?  Бір  қарағанда  бұл  әлі  де  көші  –  қон  жолдары,  қысқы  – 

жазғы  қоныстың  сорабы  анықталмаған  өте  көне  тарихи  кезеңдерді  еске 

түсіреді.  Тас  дәуірінің  неолит,  одан  бергі  энеолит  кезеңдерінде  (б.э.д.  ІІІ 

мыңжылдыққа  дейін)  жылқыны  жаңа  ғана  қолға  үйретіп,  шаруашылықтың 

көшпелі  тәсілдерін  игеріп  жатқан  елге  бұл  көшу  заңды  да  шығар?!  Екінші 

жағынан  жыр  мазмұнынан  сезілетін  туған  жерге  деген  қимастық,  Ай  мен 

Таңсықтың  туған  жермен  қоштасуы  сияқты  романтикалық  сюжеттер 

Қарабайдың  көші  мен  Айбас  саяхаттарының  ар  жағында  көшпелілердің 

Шығыс  пен  Батысқа  бағытталған  ұлы  сүргін көштерінің  сипатын  береді.  Ең 

алдымен  еске  шумер  лер  мен  хеттердің  оңтүстікке  бағытталған,  кельт  және 

герман  тілді  тайпалардың  Батысқа  бағытталған,  үнді  –  арий  тайпаларының 

оңтүстік  –  шығысқа  бағытталған  ұлы  көштері  еске  түседі.  Одан  бергі 

ғұндардың  батысқа  және  оңтүстікке  аттанған  ордалары,  түрік  заманындағы 

көші-қон,  одан  бергі  Шыңғыс  заманындағы  түрік-моңғол  тайпаларының 

Еуразияның  ұлы  даласын  тұтас  қамтыған  қозғалыстары,  ең  ақыры  Бабыр 

бастаған моғолдың көштері.  

Жырдағы  қимастық  сарын  осы  көшкен  елдің  туған  жерге  деген 

махаббатының  іздері  емес  пе?!  Ата  жұрт  «Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу» 

жырынан сан қырлы, жұмбақ сырлы сән – салтанатымен көз алдыңда жатқан 

картадай  көрінеді.  Жырдағы  жиі  кездесетін  жер  шолу  мотивтері 

көшпелілердің  алтын  бесігі  болған  Ұлы  даланың  негізгі  –  негізгі  деген 

биіктерін  ұрпақтың  жадында  сақтау  мақсатынан  туындаса  керек.  Айбас 

серінің  Шығыс  пен  Батыс  арасында  жортақтап  жүруіне  де  осы  себеп,  ол  не 

Батыс  емес,  не  Шығыс  емес,  осы  космогониялық  тұлғаның  жырдағы  негізгі 

қызметі Жер-Сумен таныстыру болады. 



Тайлақ би 

Тайлақ  би  –  жырдың  кейбір  нұсқаларында  кездесетін  кейіпкер.  Ол 

Мұзтауын  мекендеген  үлкен  елдің,  Сарыбай  елінің  Қабырғалы  биі,  жол 

басшысы,  ақылшысы.  Жыр  мазмұнында  белгілі  бір  функционалдық 

қызметтен көрі бертінгі кездегі талап – тілекке байланысты енген сияқты. 

Сарыбайдың өлімінен кейін Тайлық бастап елі ас береді: 

                     Қай адам ер Тайлаққа тең келеді, 

                     Жиылған жаназаға көп ел еді. 

                     Мақтауын батыр Тайлақ алғаннан соң, 

                     Халқына сауын айтып жөнеледі 

                                                   (Жанақ нұсқасы) 

Дәл  осы  сияқты  жыр  мазмұнына  Тайлақ  батыр  Қозы  өлгеннен  соң  да 

кіреді. Ол қол бастап келіп Қарабайдың ауылын шауып, Қозыға бейіт соғып 

(дың), қалған жұртты айдап кетті сынтас қойып. 

         (Радлов нұсқасы) 


 

15 


Бір сөзбен айтқанда Тайлақ образы жыр мазмұнына көшпелі мал баққан 

қазақ үшін жағымды қазақи рең беру үшін енгізілген тұлға. 



Сасан би 

Сасан  би  –  жырдың  кейбір  нұсқаларында  кездесетін  кейіпкер.  Қарабай 

келіп паналаған қалың елдің силы биі осы Сасан: 

                       Ол Сасан сауын айтып жарлық етті, 

                       Елінде бір би еді қасиетті. 

                       Асының айтқан күні болғаннан соң, 

                       Басы Қодар, Қарабай асқа кетті 

                                                     (Жанақ нұсқасы) 

Жанақ  жырлаған  «Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырының  осы  бір  тұсы 

«Алпамыс  батыр»  жырын  еске  түсіреді.  Қодар  мен  Қарабай  асқа  кеткенде 

Қозы  мен  Баян  оңаша  «он  екі  күн  бұршақты  төгілдіріп»  қызық-думанға 

бататын  жері  бар  ғой.  Осыған  куә  болған  бір  қатын  Қодардың  алдынан 

шығып естіртеді: 

                      Қозы көрпеш жүр екен, 

                      Тазша болып, жар-жар. 

                      Көрсетейін сен жүрсең, 

                      Жатқан жерін, жар-жар. 

                      Сен кеткелі он үш күн, 

                      Болып қалды, жар-жар, 

                      Сонан бері бикешпен, 

                      Бірге жатыр, жар-жар! 

Жырдың  осы  жолдары  «Алпамыс  батыр»  жырындағы  Бадамша 

сақаудың диуанаға (Алпамыс) айтатын ау-жарына ұқсас поэтикалық амалды 

қолданады: 

                    Бісміллә деп өлеңді, 

                    Көп айтамын, жар-жар, 

                    Асықпасаң, тойыңда 

                    Көп айтамын, жар-жар 

                                      (Алпамыс батыр) 

«Қозы көрпешті» – «Алпамыс батырға» ұқсатып тұрған кейіпкер Сасан. 

Тарихи  тұрғыдан  келгенде  Алпамыс  жырына  өзек  болған  оқиғалар  ақ 

ғұндардың  (эфталиттердің)  Сасан  империясымен  соғыстарына  тікелей 

байланысты. 

Сасан  әулеті  Парсы  (Иран  жерін)  400  жылдай  биледі  (225-651  жж.). 

Сасан немересі Арташир, оның ұлы Шапур заманында Парсылар Рим әскерін 

бірнеше  рет  талқандап  мемлекет  билігін  бұрын-  соңды  болмаған  дәрежеде 

нығайтты.  Ү  ғасырдың  ортасында  Пероз  патша  тұсында  парсылықтардың 

бұрынғы  күш-қуаты  таусылып  көршілерінің  жемі  бола  бастады.  Сасан 

әулетіне  қорлықты  ең  көп  көрсеткен  ақ  ғұн  (эфталиттер)  еді.  Тарихи 

деректерге қарасақ Пероз патша ғұндармен үш рет соғысқан екен. Бірінші рет 

әскері жеңіліп өзі тұтқынға түскен жерінен оны Византия императоры Зенон 

болысып сатып алыпты.  Екінші рет  тағы да жеңіліп, тағы да  тұтқын азабын 

көріп жатқан жерінен өзінің елі ғұндарға  қашырға артқан күміс динар төлеп 


 

16 


сатып алған екен. Үшінші рет (484 ж.) Пероз тас-талқан болып жеңіліп жеті 

ұлымен  бірге  соғыста  өліпті.  Осы  соғыстардың  бәрі  де  қазіргі  Орта  Азия 

жерінде  болған.  Соңғы  соғыстан  кейін  100  жылдай  Иран  ақ  ғұндарға 

бағынышты  болып  тұрды.  Бұл  кезде  Сасан  әулетінен  билікке  келген  Кей 

Қуат, Кей Қысрау патшалар ғұндармен жақындасып, сүйеніш қылушы еді. 

«Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырына  қиялап  келіп  Сасан  атының  еніп 

кетуіне  жоғарыда  баяндалған  жағдайлар  себеп  болса  керек.  «Алпамыс 

батыр»  жырына  Кей  Қуат  аты  қалай  енсе,  «Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлуға» 

Сасан  аты  осылай  кірген.  Жырдың  негізгі  көне  мазмұнынан,  оның 

космогониялық сипатынан Сасанның оқшау тұру себебі осында. 



Тоқсан (90) мың 

Тоқсан  (90)  мың  –  жырдың  қай  нұсқасында  болсын  айтылатын 

Қарабайдың  қарамағындағы  жылқы  межесі.  Қарабайдың  жылқысының 

көптігі сондай жүрген ізі соқпақ болып қалады: 

                       Бір күнде сапар қылып бізді іздесең, 

                       Тоқсан мыңның осы ізі соқпақ болар 

                                                       (Потанин нұсқасы) 

Су  аяғы  Құрдымнан  басталған  көш  жолында  Қарабайдың  тоқсан  мыңы 

еш  жерге  симайды,  барғанмен  барқадар  таба  алмайды.  Осылай  Қарабайдың 

тоқсан  мыңы  ақыры  Шудың  төменгі  бойында  Бетпақтың  шөлінде  қамалды. 

Арқадан  Сарысу,  Жетісудан  Шу  келіп  зым-зия  жоғалып  кететін  жері  осы. 

Қарабайдың Баян сұлуды саудаға салуына да осы шөл себеп. 

Жырдың  кей  нұсқаларында  90  мыңның  орнына  «мол  жылқы»,  «көп 

жылқы»  деген  эпитеттер  қолданылады.  Қалай  десек  те  Қарабайдың  жанын 

қоярға жер таптырмай жүрген тоқсан мың қай заманның жылқысы? 

Қазақ  қашаннан  жылқылы  ел  болғаны  белгілі.  Ақ  қашып  қызыл  қуған 

жиырмасыншы  ғасырдың  басында  бір-екі  мың  жылқы  көп  аталады  екен. 

Біздің этнографиялық деректеріміз бойынша Арқаның қазағы көп жылқыдан 

ХІХ  ғасырдың  ортасына  таман  айрылған.  Оған  дейін  Арқада  Құдайменді 

төре,  Азынабай  (Сүйіндік),  Сапақ  (Қуандық),  Бапақ  (Сүйіндік),  Шабанбай 

(Бәсентиін),  Мұрат  (Қанжығалы)  сияқты  жиырма  мың  мөлшерінде  жылқы 

айдаған  байлар  болғаны  белгілі.  Әрине,  жылқы  пәленшенікі  деп  сыртынан 

айтылғанымен  алдымен  бір  қауым  елдің,  одан  қалды  бір  рулы  елдің, 

тайпаның  байлығы,  ризығы,  сыртқа  айбаты,  құдайдың  берген  ризығы 

есептеледі.  Кұт  қонған  құтпан  байлар  елдің  мақтанып  жүретін  адамдары. 

Көшпелілер  қоғамында  әлеуметтік  статус,  қоғамдық  марапат  алдымен 

жылқыға байланысты қалыптасады. 

Дегенмен  қазақтың  байлығы  шектен  асып,  Сарыарқа  ақтылы  жылқыға 

толып  кетті делінетін Абылай заманында да (қайырусыз жылқы бақтырған), 

одан  бергі  жаугершілік  тоқтап,  тыныштық  өмірге  еніп,  қойын  құрттап, 

сорпасын  ұрттап  жүрген  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  да  қазақта  90 

мың шамалы жылқыны меңгерген адам жоқ. 

90  мыңға  жақын  жылқының  санын  біз  энеолит  дәуірінің  қонысы 

Ботайдан  кездестіреміз.  Бар-жоғы  үш-төрт  жүз  жылдай  өмір  сүрген  осы 

қоныстан  жүздеген  мың  жылқы  қаңқасы  табылды.  В.Ф.Зайберт  «кости 


 

17 


лошади  на  поселении  составляют  99,9  процентов»  деп  жазады  (6,  198  б.). 

Нақты  зерттеулерде  кейін  анықталғаны  70  мың  жылқының  сүйегі  болып 

шығады. Ескеретін бір мәселе қоныс әлі де толық зерттеліп болған жоқ. 

Энеолит  дәуірінде  (б.э.д.  ІҮ-ІІІ  мыңжылдықтар)  қазақ  жері  қалың 

жылқының  орталығы  болғандығы  Ботай  сонысы  сияқты  ескерткіштерден 

анықтала  түседі.  Батысқа  жылжыған  сайын  жылқы  үлесі  біртіндеп  азайа 

беретіні  де  қазіргі  күні  археологиялық  зерттеулерден  белгілі  болып  отыр: 

Дон  өзені  бойындағы  қазба  жұмыстарынан  энеолит  қоныстарында 

жылқының үлес салмағы 80 процент маңын көрсетсе, Днепр өзені маңындағы 

энеолит қоныстарында 60 процентке түседі. 

Қарабайдың  жер  –  көкке  сиғыза  алмай  жүрген  90  мыңы  осы  энеолит 

дәуіріндегі  байлардың  тіршілігі  емес  пе  екен?  Жыр  қанша  үңіле  қарасақ  та 

бертінгі белгілі көші-қон жолдарын айта қоймайды, оның орнына дамылсыз, 

белгілі  бір  маршрутсыз  көшкен  елді  көреміз.  Жырда  көбінесе  Ертіс 

айтылады:  Ертістің  басы  Қара  дөң,  Ертісті  өрлеп  т.б.  Қазіргі  күн  ғылымға 

белгілі  энеолит  қоныстарының  көпшілігі  Ертіс-Жайық  арасындағы  алқапта 

белгілі  болып  отыр.  Бетпақ  даладан  өтетін  көш  жолдары  жыр  мазмұнына 

қарағанда жаңа игеріліп жатыр, оның өзінде де Қодардың жан кештілігімен. 

«Сараң  болмай  байлық жоқ»  –  жырдағы  Қарабайдың  сарандығы  негізгі 

мотивтер қатарына енбейтін сияқты. Оның іздегені тоқсан мыңға лайық жер: 

«Арғы шеті Аягөз, Лепсі, Үржар, Тоқсан мыңға лайық жақсы жер бар». Бұл 

үшін  адам  кінәлі  бола  ма?  Қарабай  образына  жауыздық  сипат  беріп  тұрған 

сарандық  емес,  адам  және  қауым  тіршілігіне  жат  қимылдары:  жаралы 

Сарыбайды  далада  тастап  кетуі,  уағданы  бұзып,  серттен  шығып  Баянды 

атастырылған  жары  Қозыдан  ала  қашуы  т.б.  Бұл  келеңсіз  құбылыстардың 

сыры неде деген сұраққа жауап беру оңай емес. Мүмкін біз жыр мазмұнынан 

көне  дәуірдегі  ру  қауымы,  адам  болып  өмір  сүру,  белгілі  бір  адами 

құндылықтарға бағынған қарым-қатынастардың жаңа қалыптасқан дәуірімен 

кездесіп  отырған  болармыз?!  Қарабайдың  баққан  90  мың  жылқысы  сол 

дәуірді меңзейтін жыр құралы болар… 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет