Артикуляция нені білдіреді? Артикуляция



бет1/4
Дата20.12.2023
өлшемі24,86 Kb.
#141791
  1   2   3   4
Байланысты:
Артикуляция, Дикция, Әйелдер және ерлер дауыстарының түрлері


Артикуляция нені білдіреді?
Артикуляция (лат. articulus — анықтап айту, бөлу) – тіл дыбыстарын айтудағы сөйлеу мүшелерінің қызмет ету жүйесі. Артикуляция термині тіл білімінде, физиологияда, музыкада қолданылады. Музыкалық аспапта немесе дауыспен орындағанда үн шығару әдісін артикуляция әдісі деп те атайды. Ән айту кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды айқындап айту артикуляциямен тікелей байланысты.
Артикуляцияның 3 түрі бар. Олар үнді байланыстыра (legato), бөле (nоn legato) және қысқарта (staccato) шығару.
Артикуляция сөз арқылы (legato, pіzzіcato, tenuto, portato) немесе өзіне тән жазба таңбалармен белгіленеді: лига, нүкте, сызықша, т.б.
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет.
Адамның сөйлеу мүшелері артикуляция мүшелері немесе артикулятты аппарат деп аталады. Олар, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері болып табылады.
Сөйлеу мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке — дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өзара тығыз байланыста болады.
Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды.
Тіл дыбыстары тәуелсіз үш: артикуляциялық (физиологиялық), акустикалық (физикалық) және функционалдық (лингвистикалық) топқа бөлініп, жасалым, айтылым, естілім және қолданылым тұрғыларында қарастырылады.
Адамда дыбыстарды айту қабілеттілігі туған кезден бастап бар. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса, ол қиындықты артикуляциялық гимнастика арқылы шешуге болады.
Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппаратты, яғни сөйлеу мүшелерін дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет