Артикуляция нені білдіреді? Артикуляция



бет2/4
Дата20.12.2023
өлшемі24,86 Kb.
#141791
1   2   3   4
Байланысты:
Артикуляция, Дикция, Әйелдер және ерлер дауыстарының түрлері

Дикция дегеніміз не?
Дикция (үн реңі) (лат.) – айтылу, айту деген мағына. Дикция - мақам яғни сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуы.
Дикция дегеніміз - сөздер мен сөз тіркестерінің анық және айқын айтылуы, ана тілінің дыбыстарының дұрыс артикуляциясы. Ой сөзбен, ал тәжірибе интонациямен айтылады. Жақсы дикция әр түрлі мамандықтағы адамдарға қажет: актерлер, дикторлар, мұғалімдер, радио жүргізушілері немесе гид-аудармашылар ғана емес. Ауызша түсінікті, түсінікті және қызықты мазмұнмен толтырылған сөйлеу әрдайым жағымды және түсінуге оңай. Ол сөзбе-сөз сиқырлайды, сол арқылы әңгімелесушіні жеңіп алуға көмектеседі. Басшылардың мақұлдауына ие болып, мансаптық өсуге ықпал етеді. Дикция сөз сөйлеудің, айтудың анықтығы, тазалығы. Әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп, дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Тағы да бір ескеретін мәселе, айтылған сөздің мағынасына мән беру. Айтылатын ойдың нақты, анық болуы үшін орфоэпиялық сауаттылық пен сөз байлығы, логикалық ойлау кеңістігінің жан-жақтылығы, философиясы болу керек.
Талаптар:
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі-балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыруы керек. Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен поэициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына, кей дыбыстарды (р, ш, с) дұрыс айтуға дағдыландырады, тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді. Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады. Мәнерлеп оқудағы дикцияны қалыптастыру – айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы. Мұғалім оқушылардың дикциясын қалыптастыруда бірден–бір жол шығармаларды, өлеңдерді мәнерлеп оқыту үшін ережелерін үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады.
«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына. Дикция дегеніміз-дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) жетілуі. Әсіресе бір типті дауысты дыбысардың (а, ө, ұ, и, у, ы, е, о) анық айтылуына көп көңіл бөлген дұрыс, бұл бір типті дауысты дыбыстардың бірыңғай құрылуы дауыстардың жақсы шығу жағына, себепкер болады. Шығарма желісінде дауыссыз дыбытардың (қ, к, ш, г, д, ) жеңіл, анық болуына көңіл аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет