НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА - БИЗНЕСТЕ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтін түрі. «Бизнес» сөзінің мағынасы Америка Құрама Штатынан шыққан сөз – «іс» деген мағынаны білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғандағы мағынасы – «жұмыс».
Біріншіден қаржылық математика үғымына тоқталайық.
Қаржылық математика – бизнестің кішігірім бір бөлігі болып табылады , бірақ өте ауқымды және қолданысты.
Қаржылық математика - коммерциялық және қаржылық операциялардың параметрлерін зерттейді.
«Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?» деген сұраққа: өздерінің бизнестерін өткені мен болашағын талдайтын менеджерларға, білікті жұмысшыларды жалдау мүмкіндігі жоқ, шағын және орта кәсіпкерлерге, бухгалтерлерге және экономистерге.
Кәсіпкерлерге және экономистерге қаржылық математика маңызды, бірақ қарапайым инвесторлар үшін негіздерің білгені жөн.
Мысалы: «Жылына 1000 % қанша есе артық?». Шешімі: 100% +1000% = 1100%, 1100% /100% = 11. Сонда салынған капитал 11 есе өседі дегеніміз.
«Инфляция 140% құраса, онда бағалар қанша есе өседі?». Жауабы - 2,4 есе өседі (140% +100%)/100% = 2.4)
Түрлі қаржы құралдарының гүлденіп тұрған кезінде, заңды және заңсыз , қарапайым және күрделі , әрине, шындыққа жанаспайтын төлем жасауға уәде беретін де адамдар бар, сол үшін кәсіпкерлер мен экономистер ғана емес , сонымен қатар қарапайым азаматтарға коммерциялық және қаржылық операциялар пайдалары мен шығындарды салыстыру негіздерімен танысуға қабілетті болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |