Артпедагогика, Арт-терапия түрлерінің сипаттамалық белгілері Артпедагогика



бет1/2
Дата27.01.2023
өлшемі18,49 Kb.
#63337
  1   2
Байланысты:
Артпедагогика


Артпедагогика, Арт-терапия түрлерінің сипаттамалық белгілері
Артпедагогика-педагогикасы ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың педагогикалық коррекциялық бағытталған көркемөнер арқылы даму процесінің теориясы мен практикасын дайындауын қамтамасыз ететін және өнер мен көркемөнер шығармашылық іс-әрекеті арқылы (музыкалық,бейнелеу өнері,театрландырылғын ойын) көркемөнер мәдениет негіздерін қалыптастыру мәселелерін қарастыратын, жалпы қабылданған педагогикалық принциптер мен әдістерді өзіне қосатын ғылыми білімнің екі саласының қосындысынан құралған (өнер және педагогика) ғылым.
Артпедагогиканың мәні ерекше балаларды өнер құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеуде және балаларда көркемөнер мәдениет негіздерін және көркемөнердің әр түрінде білік дағдыларын игеруді қалыптастыруда жатыр.
Артпедагогиканың мақсаты ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларда көркемөнерді дамыту және көркемөнер мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,тұлғаны өнер арқылы әлеуметтік бейімдеу болып табылады.
Арпедагогиканың негізгі қызметтері:
- мәдениеттік;
- білім берушілік;
- тәрбиелік;
- түзетушілік
Тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін, әдістемелерін қолдану өте маңызды.Арттерапия-бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған.
АРТ-терапиясы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. 
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. 
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. 
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі. 
Арт терапияның түрлері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет