Орынбасу терапиясы – организде табиғи биогенді заттар жеткіліксіз өндірілген кезде немесе өндіруге қабілетсіз жағдайда және науқастың бұрын қабылдаған дәрілік зат/есірткі затын зияны аз,тиімді дәрілік затпен алмастыру арқылы жүргізілетін терапия түрі.
Метадондық орынбасу терапиясы – опиоидты заттарды қолданудан туындаған наркомания кезінде есірткі орнына метадонды қолдану арқылы жүргізілетін терапия түрі.
Метадондық орын басу терапиясы барлық Америка елдерінде, Батыс Еуропа елдерінде, Шығыс Еуропаның және ТМД көп мемлекеттерінде (Ресей мен Түркменстаннан басқа) қолданылады.
Героиндік орынбасу терапиясы
Героиндік орынбасу терапиясы (диморфинмен емдеу терапиясы) – метадондық терапия көмегін тигізбейтін немесе көтере алмаушылық шақыратын науқастарға синтетикалық героин енгізу арқылы жүргізілетін терапия түрі.
Бұл терапияны қолданатын елдер : Швейцария, Германия, Нидерландия, Дания және Ұлы Британия. Канада мен Бельгияда клиникалық тәжірибелер жүргізіледі.
Гормоналдық орынбасу терапиясы – эндокриндік ауруларда гормондар организмде жеткіліксіз мөлшерде немесе түзілуін тоқтатқан кезде қолданылатын терапия түрі.
Гормоналдық препараттардың жіктелуі:
Гипофиз және гипоталамустың гормоналдық препараттары
Бүйрек үсті безінің гороналды препараттары
Қалқанша безінің гормоналды препараттары
Ұйқы безінің гормоналды препараттары
Жыныс бездерінің гормоналды препараттары
Патогенетикалық терапия
Патогенетикалық терапия – функциясы бұзылған мүшені емдеуге, қалпына келтіруге бағытталған терапия түрі.
Патогенетикалық терапия Дезинтоксикациялық терапия
Иммуностимуляциялық терапия
Маңызды мүшелерді емдеуге бағытталған терапия
Жүрек – қан тамыр жеткіліксіздігі терапиясы
Аллергияға қарсы терапия
Бұзылған функцияны қалпына келтіру терапиясы
Комплексті терапия
Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаты зақымдалған науқастарға (гастроэнтериттер) әрқашан терапияның барлық түрін қарастыра отырып емдеу қалданылады: