Оқушының бейімделе алмаушылығы неден көрінеді ? Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет; олар бір ай немесе одан да көп уақыт бойы сабақта ойнап отыруы мүмкін немесе мұғалімнің ескертуіне қарамай сыныптастарымен төбелесуі мүмкін (немесе керісінше «кішкентай балалар сияқты» жылап және олардың оқу бағдарламасын меңгеруі қиындыққа түсуі мүмкін. Тек бірінші тоқсанның соңында ғана олардың тәртібі дұрысталады.
Басқа балаларда оқу бағдарламасын меңгеруден басқа мейлінше маңызды қиындықтар болуы мүмкін. Олардың тәртіптері нашарлап, көңіл-күйіне кері әсер етеді. Мұғалімдер мен сыныптастары көбінесе осындай балаларға шағымданады. Мұндай балаларды көбінесе сынып ұжымы қабылдамайды, ал бұл олардың керісінше қарсылығын, наразылығын тудырады — үзілісте төбелеседі, сотқарлық жасайды, айғайлайды, сабақта өзін дұрыс ұстамайды. Егерде мұндай тәртіптің себебін дер кезінде анықтамаса, бұл жүйке жүйесінің жұқаруына және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан, егер баланың тәртібі мұғалімді, ата-аналарды мазасыздандыратын болса, балалар психологы мен психоневролог дәрігерге көрсету қажет. Әрине осындай психологиялық жүктемелер мен бірінші сынып оқушысының өмір сүру қалпын қайтадан өзгерту «физиологиялық деңгейде» жүзеге асырылады.
Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:
Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақты орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдетердің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жағдайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады.