Оқу іс-әрекетінің дұрыс жүзеге аспауы неден байқалады? 1. Іс-әрекеттің мақсаты. балаларды қызықтырарлықтай нақты міндет қою керек.
Олар нені бақылауы керек? Не үшін? Мұнда нені білу қажет?
2. Оқушының іс-әрекетінде себептер яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетке бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор атқарады. А.К. Дусавицкий мен мен В.В. Репкиннің зерттеулері көрсеткеніндей, барынша тиімді ұйымдастырылған оқу ісінде төмеңгі сынып оқушылары бағаға қызығудан шынайы танымдық мүлдені білуге тез ауысады.
3. Іс-әрекеттің мазмұны –бұлар оқушыларға орындауға тиісті білімдер (елестетулер, түсініктер),-оларға белгілі болған білімдер ғана емес сондай-ақ оқушылар келешекте іс-әрекет үстінде яғни мұғалім берген тапсырмаларды шешу барысында меңгерген тиісті білімдер.
4. Оқушылар жүзеге асыратын іс-әрекетке кіретін қимыл аса маңызды. Бұл –бала еңбекпен немесе ойынмен, музыкамен немесе математикамен айналысқанда қолдануға тиіс дағды шеберлік тәсіл. Оқушыдан әр түрлі ақыл-ой әрекеттерін талап ететін тапсырмалар, үлкендердің кейде айтуымен орындалатын операцияларды орындағанға қарағанда зор дамытушылық беретініне көз жеткізу қиын емес.
5. Оқушының іс-әрекеті дамушылық сипатқа ие ьолуы үшін балаларға өскелең талар қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру керек: іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты мен міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің күрделенуі-өсіп келе жатқан оқушыға оның дамытушылық әсерінің көбірек болуы маңызды.
6. Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін білу үшін алғашқысын бекітіп, екіншісін жою үшін, мұғалімнің тарапынан оның іс-әрекетін бақылау және бағдарлау –қызықты және нәтижелі іс-әрекетке ынталандыратын роль атқаруы тиіс.
Отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіне әсері? Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігі белгілі. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Отбасылық тәрбие жүйесінің және «ана-бала» қарым-қатынасы үйлесімділігінің бұзылуы – балаларда невроз ауруының пайда болуына себепші негізгі патогенетикалық фактор деген көзқарасқа кейбір ғалымдар ерекше көңіл бөледі. Мысалы А.Е.Личко мен Э.Г.Эйдемиллер ерекше мінезді және психопатия белгілері бар балаларға отбасылық тәрбие берудің 6 түрін атап көрсетеді.
Гипопротекция (гипоқамқорлық) балаға қажетті қамқорлықтың жоқтығымен сипатталады (балаға уақыт жетпейді). Мұндай қарым-қатынас кезінде бала өзімен –өзі болады, өзін ешкімге керегі жоқ деп сезінеді. Басым гиперпротекция баланың дербестігіне, ынталылығына тосқауыл болатын тым артық, ығыр қылатын қамқорлықтан туады. Гиперпротекциялық тәрбие кезінде ата-ана баладан үстем болады, яғни баланың тәртібіне қатаң бақылау жасалып, оның шын мәніндегі қажеттілігі ескерілмейді (мысалы, баланың қарсылығына қарамай анасы оны мектепке дейін шығарып салады). Қарым-қатынастың мұндай түрі басым гиперпротекция деп аталады. Оның бір түріне отбасының еркесі ретінде баланың барлық қажеті мен еркелігін қанағаттандыратын құптаушы гиперпротекция жатады.
Эмоционалды шеттету баланың қай қылығын да қабылдамаудан туады. Шеттету ашық түрде ( мысалы, сен мені мезі еттің, кет, жолама маған деген сияқты) немесе мазақтау, кекету, мысқылдау сияқты жасырын түрде болады. Қатал қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы көрінеді немесе жасырын, яғни эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан көрінеді /1/. Жоғары моральдық жауапкершілік бала болашағының ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары моральдық тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын ата-аналар балаға отбасының басқа мүшелеріне қамқоршы, қорғаныш болуды жүктейді. Дұрыс тәрбиелемеу бала мінезінің одан сайын бұзылуына әсер ететін фактор болып табылады.