Бала дамуындағы психологиялық ауытқулар және олардың әсері Жалпы, ақылойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың көбі толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шығады. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарымқатынас жасай алмайды және бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.
Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақылойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады.
Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, бетіне қараумен білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақылойы кем балалар селсоқ, сенімсіз болады. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болып келеді.
Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Ал, кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, атааналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады.
Ақыл-ойы кем балалардың эмоциялық көңіл күйі көбінесе ойын және еңбек ісәрекетінде көрініс береді. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші ісәрекетінің түрі – ойын болса, мектепке дейінгі ақылесі кем балалардың дамуында ол қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар сюжеттікрөлдік ойындарды өз беттерінше меңгере алмайды. Ересектердің көмегімен ғана ойын барысында сатушыны, сатып алушыны және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын ұйымдастыра алмайды.
Сондықтан, осындай балаларға арналған оңалту орталықтарында танымдық іс-әрекетпен қатар оларды еңбекке баулимыз. Себебі, ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормасын, қарымқатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. Қорыта айтқанда, мұндай балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем қалыптаспайды. Барлық білім түрін бақылау, балаларды ынталандыру, ісәрекет мүмкіндігін дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа жағдайға көшіру, сезіну – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің құрамды бөлігімен ара-қатынасын анықтау, тапсырманы өз бетінше шешу, үлкендер жағынан көрсетілген көмекті қабылдау қабілетін дамыту және тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішіндегі маңыздысы педагогтың, мектеп психологының бағалауы болып табылады.