«Қарттарын қадірлеген ел ардақТЫ»



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі45 Kb.
#11503
түріСценарий
  1   2   3
Байланысты:
қарттар күніне тәрбие сабақ


«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»
1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
Күні: 01.10.2019ж.
1-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,

Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.


2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.


1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.
2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер дегім келеді. Сабағымызды бастамас бұрын мектебіміздің директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші: Алдында ақыл берер қария ғой,

Жақсылар жақсылыққа жария ғой.

Жастарға ол парасатты кеңес берер,

Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.

Ауылымыздың ардагері ______________________________________ сөз кезегін береміз.
Ән: «Асыл әжем». Орындайтын: _______________________________________________

1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік. (бастауыш монологы)
1-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады

Той деп бүгін әлем сырын ашады

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады.

Мектебіміздің биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!

(«Қазақ биі». 7 сынып қыздары)
2-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!


1-жүргізуші: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
«Ата – әже» әні. Орындайтын:_________________________________________________

1-жүргізуші: Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау?!

Өзің бірге көре алмасаң қызығын.

Сіздердің құрметтеріңізге _______________________________________________ әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
2-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет