Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы



бет6/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.


Біз білім беру жүйесі арқылы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртқымыз келеді. Сол арқылы әр адам бойындағы қабілеттерін толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат игілігіне пайда келтіре алатындай болуы керек… Бала бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан-дүние-сіне үңіліп, болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданы-мен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші!- деген С.А.Назарбаева.


Шәкәрім Құдайбердіұлы-ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Адам баласын тәрбиелеуде ғылымға Ар-ұят ғылымын ендіру қажет. Бұл туралы ғалымдар ойлану қажет. Оны барлығы үшін міндетті түрде
«оқыту пәні» ретінде дайындау қажет деп өз заманында айтқан тұжырымы бүгінгі өмірде өз мәнін табуда. Бұл бүгінгі күнде «Өзін – өзі тану» пәні болып іске асуда..

Бағдарламаны жүзеге асыру принциптері


Бағдарламаны тиімді жүзеге асырудың қажетті жағдайы жеке тұлғаны тәрбиелеуді рухани-адамгершілік құндылықтарға, жалпы принциптерге бағыттау.
Адамгершілік принципі 1-ші кезекте адамгершілік идеялар мен бағдарларды алға қояды:
Жалпыадамзаттық құндылықтар принциптері “Өзін-өзі тану” пәнінің мазмұны- жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген.
Білім деген тек дағды мен білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет екендігін ізгілікке зәру ХХ ғасыр кеш түсінген тәрізді. Білімнің басты мазмұны адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. Кезінде ұлы Абайдың да
басты өмірлік қағидасы “Адам боп келдің өмірге, адам боп өту парызың !”- деген емес пе еді?
Білім беру үдерісі–ең алдымен адамның рухани әлеуетін ашу, адамгершілік қасиетін тәрбиелеу және ішкі танымын дамыту-деп пайымдайды. Олардың тәрбиесі Рухани болмысты терең толғану, ажырату, өздігінен іздену, интуиция, адам игілігі үшін риясыз қызмет ету арқылы түсінуге болатындығын дәлелдеді. Сана Рухани шындыққа мәңгілік ақиқат ретінде, жүрек оған риясыз сүйіспеншілік пен бақыт ретінде қол жеткізеді. Адам Рухани бастауды өзінің жоғары МЕНІ ретінде таниды.Рухани адамгершілік білім-адам жанының тереңінде орын алатын құбылыс.Ал әр адамның жан дүниесі тек сүйіспеншіліке ғана құшақ жаяды. Өзін-өзі тану мұғалімі оқытпайды, білімді дайын күйінде ұсынбайды, ол оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді танып білуден өзінің ішкі жан дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды. Оқушылар өздерінің ішкі жан дүниесін аша отырып,саналы түрде даму жолына түсіп өздеріне қажетті білімді және ар-ұждан даусын өзі ашады. Ішкі жүрек үні егер біз түсіне білсек «Өзіңді өзің танып-біл!» -деп тұрған жоқ па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет