Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Махаббат туралы армандайық!



бет23/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Махаббат туралы армандайық!


Махаббат түрлері... /5 -6 минут/ Берілген параққа білгендерінше махаббат түрлері жазылады, оқылады. Пікірлеседі.
Мүмкін жауаптар: мөлдір махаббат, баянды махаббат, ессіз махаббат, қорғансыз махаббат, есепті махаббат, пәк махаббат т/б.
Махаббаттың 25 – ке тарта түрі бар екен. Осы махаббаттың қайсысы сіздің бойыңызда бар?
/ Жауап айтылады/
-Ананың махаббаты /сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын/
-Әке махаббаты /жауға қарсы кеткен ұлын мойнына бұршақ салып, соқыр көзінен жас парлап күткен аталық махаббат/
-Бауырға махаббат /басына іс түскенде «әйел жолда, бала белде, бауырды қайдан табасың» дегізген бауырмалдық махаббат/
-Отанға деген махаббат / туған жерден, атажұрттан алыстап бара жатып бір уыс топырақты түйіп әкеттірген махаббат/
-Достық махаббат
-Өмірге махаббат
-Табиғатқа деген махаббат т/б


Аудиожазба «Ғашықтық ғаламаты» Мұхтар Шаханов / 5-6 минут/ Сауал: - Естайдың махаббаты махаббаттың қайсысына жатады?


- Қазір мұндай махаббат бар ма?
Топтық жұмыс: /5 минут/
«О,Махаббат!» тақырыбында әр топтың өздері шығарған өлеңдері оқылады.
Тақырыпқа байланысты өз суреттерін салып қорғайды,ой-пікірлерін айтады. Дәйексөз жазылып таңдалып ұсынылады.

І. Есенберлин «Ғашықтар» романынан үзінді /2-4 минут/


Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол-үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау– бәріміздің қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата–анасын, бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса, жанын құрбан етуден бас тартады? Меніңше, бұл қайсымыздың да қолымыздан келетін іс. Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан–тәнімен сүю меніңше, адамда бір–ақ рет кездесетін қасиет.
Сен махаббаттан құмарлықты, еркек пен әйелдік сезімді алып тасташы, сонда бірін–бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз–бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар–шын ғашықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет