Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық
Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақирет — өлгеннен соңғы өмір жолы деп атаған Шәкәрім.
Барлық әлемнің түп негізі нұр болғаны
Нұр — жарық. Нұр күннен не оттан шықса да, жан-жағының бәріне күлтеленіп шығады.