Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет46/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Ғабиден Құлахмет


Ізгілік пен зұлымдық туралы баллада

Қаз қалпында сақталған, бәрі есімде, ұмытқам жоқ оларды... сенесің бе?! Бір батып, бір шығып жүр екі бейне, қайран бала күнімнің елесінде.


II
Зәбірі жоқ, зорлығы жоқ басқаға, бізбен көрші үйде тұрды жас бала. Тағдыр оның жүрегіне от беріп, есесіне тілін буып тастаған.
Бұлқынса да бейкүнә өмір нешеме, маңдайына тиіпті осы пешене. Өгей әке қаһары ма... қой оны, «Мама» деп те айта алмады шешеге.
Ауыр сырқат қойса-дағы кәріп қып, жалғыз ұлға қамқор еді жарықтық.
«Алыс жаққа» жолаушылап кеткенде, ойын қуған мына біздер қамықтық. Өгей әке, бала қоңыр күйге енді, Елеуғазы көп ұзамай үйленді.
Күлкісі емес, қарғысы көп жеңгейге, бақ онанда өз үйіңнің көк атын», -деп Елекең сабап-сабап алатын.
Күндіз көзге көрінуді қойса да, іңір түсе бізді тауып алатын.
Досқа деген ықыласын білсек те, - ортаға кел, бері отыр,- деп жүрсек те, Қошеметті көпсіне ме, қол сілтеп қызараңдап отыратын бір шетте.
Қашты ма екен, мылқау ұлды бағудан, жеңгей ме әлде төркіндерін сағынған,
Шөпке кеткен Үндеместі қалдырып, Елеуғазы көшіп кетті ауылдан. Кісәпірдің мейірімсізі-ай, қаталы-ай, Қол сілтесіп қойған едік,..
О, тоба-ай,
Болса да өгей, сүйеді екен әкесін, зар иледі бейбақ жетім ботадай. Ақсақалдар: «Ортамызда бол», - депті, оған, бірақ мылқау бала көнбепті. Шешесінің суретін сап қойнына, Тастап қашқан әке артынан ол кетті.
Өз дауысы, айтар әні болғасын, тапты кейін жас толқындар арнасын. Өмір жайлы оқылмаған бір өлең, сияқты боп кете барды сол досым. III
Тау менен тау кездеспеген... Ал, адам мәңгі-бақи кездесуге жаралған. Ауылдағы барлық адам үйренді. қоштассақ та сәбилікпен ақ уыз, Ессіздікке көп барамыз әлі біз. өзі үндемес, өзі қорқақ баланы Жәбірлеуге құмар едік бәріміз. бәрімізге... бастан шертпек беретін, Сансыз саусақ маңдайына төнетін, шекесі ісіп, жыларман боп кетсе де Ертеңіне ол және қайтып келетін. кез болады, ойын еңсе басатын,
Ұтылғандар жазалаудан қашатын. сондай кезде тайсақтасақ...біз үшін Үндемес кеп тақыр басын тосатын! көк шыбықтай болсақтағы орманбыз, Ойхой, қалай дәу жігіт боп қалғанбыз! сол бір күзде біз мектепке бардық та, Жаутаң қағып қалып қойды ол жалғыз бір мезгілде бізбен үйден шығатын, Кайтқан кезде... жолда тосып тұратын. үндемес деп жүруші едік бар бала, Кейін білдік Достық деген шын атын. жалғыздықтан ауыр айып болмайды, Адам болып туғандарға Анадан. Өткеніңнің өлшеп,дұрыс,қатесін,
Өмір болса кәрілікке жетесің. Кездестік біз... келе жатыр сол досым Арқалап ап баяғы өгей әкесін. Бет-ауызын ісік алған көлкілдеп, Елеуғазы шал болыпты елпілдек. Жауар бұлттай түнеретін қабақ жоқ, Нұрсыз көзде тамшы жас тұр мөлтілдеп.

  • Жағдай осы... Өзің көрген хал бүгін,

Бәліністен үйге сұрап алды ұлым, Немерем бар... Достықжаным үйленген,

  • Жуып-шайып жатыр енді барлығын. IV

Күзгі бақтың жапырағын жел тонап, Сағыныштан сарғайғанда шартарап. Көңілімде өксіп тұрып алатын, Түйнегі көк тілсіз қалған махаббат?!
Түйнегі көк, тілсіз қалған махаббат, Кұрды бүгін көз алдымда салтанат. Жүр екен ғой жер бетінде ізгілік, Зұлымдардың ар-ұятын арқалап!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет