Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай.
Сонымен, жетілудің негізі–жанды, жүректі жетілдіру екен. Бұл–адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жансақтауыөте-мөте әділетсезімінетәуелді. Соның айғағы-әділеттіліктіжанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау шоқтығын, қастерлі биігін ғұлама Шәкәрім былайша өрнектейді: Нысап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті,
Мақсатқа жетпей қалсақ та. («Анадан алғаш туғанымда», 1929).