Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет30/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Жан менен дене һәм көңіл


Басында жан мен дене екi басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа. Дене сауыт сықылды жанның орны, Оған да күту керек бұзылмасқа.
Ал ендi сипатталық көңiлдi бiз, Ескерiп бұл сөзiмдi жақсы ұғыңыз. Жан мен дене – қосылған ерлi-қатын‚ Екеуiнен туады көңiлiмiз.
Жан құмары – iстемек, бiлiп алмақ, Бөгет бола бередi дене, салмақ.
Асыл iздеп асылды аласұрар,
Амал бар ма, денесiз қайда бармақ? Жан талпынар талайды көрмек үшiн, Әр сырын дүниенiң бiлмек үшiн.
Дене байғұс салмақ боп баса берер, Жаралған ғой түбiнде өлмек үшiн. Балалар жас күнiнде тым елгезек, Әрнемеге жүгiрiп қағар дедек.
Ол кезiңде жан күштi‚ дене нашар, Осыдан-ақ сөзiмдi ұқсаң керек.


Ш.А.Амонашвили (1931 ж) ұлы педагогтың «Педагогикалық симфония»

  • 2002 ж., «Антология гуманной педагогики», «Өмір мектебі» атты адамгершілік тәрбие жүйесі туралы жазған еңбектері бар.

Януш Корчак маған үйлесімді даму дегенмен байланысты тағы да бір даналықты түсінуге көмектесті.
Корчак қарапайым,бірақ Жоғары педагогикалық ақыл-оймен кеңес береді: Өсиет:жақыныңды сүй–бұл үйлесім,кеңістік,еркіндік.Айналаңа қара–күлімсіре!» Бұл ой мені ғылыми дандайсынудан ада етті. Шынымен:үйлесім – жақыныңды сүйе білуде. Егер кімде кім үйлесімді жан болғысы келсе, сүюді үйренсін ;егер кімде кім балаларды үйлесімді тәрбиелегісі келсе,оларды сүюге
үйретсін.
«...Балаларды бар жүрегіңмен жақсы көру керек, ал оларды осылай жақсы көру үшін, махаббаты қалай көрсету керектігін олардан үйрену керек. Мектептегі әрбір күнді, әрбір сабақты педагог ол балаға сыйлық болатындай ұйымдастыруы тиіс. Баланың өз ұстазымен араласқан әрбір қарым-қатынасы оған қуаныш пен оптимизм сыйлауы керек». Осы еңбегінде ол балаларды жақсы оқуға үйрету жайында айта келе ол: «Егер сенің сыныбында балалардың көпшілігі оқығысы келмесе, онда сен – жаман ұстаз болғаның, ал сыныпта балалардың көпшілігі оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстазсың, ал егер сенің сыныбындағы балалардың барлығы оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстаз ғана емессің, сонымен қатар жақсы тәрбиешісің»- дейді Лев Толстой
“ Бізді әрдайым басқалар бізді жақсы болғанымыз үшін сүйетіндей көрінеді.Бірақта бұл үшін емес ,бізді сүйген адамдар жақсы болғандықтан екенін шамалай аламыз”.
“Махаббат, яғни адам рухының бірлесуге ұмтылысы және де осы ұмтылыстан туындайтын әрекет адам өмірінің жоғары және бірден–бір заңы,мұны дүниенің жалған ілімі мен шатаспайынша,іштей барлық адам біледі әрі сезеді».
Бұл заңды барлығы дерлік әлемдегі үнділік,европалық,гректік,римдік даналар да жария еткен.
Д.С.Лихачев-Ресей философы, академик.
Адам мейірім ортасында өмір сүру керек. Мейірімділік ортасы өзінің белгілі іс әрекеті арқылы құрылады. Ол өзінің қайырымды ісі, мейірімді сезімі арқылы қоршаған ортаны мейіріммен есте сақтайды.Мейірімділік- адамгершіліктен,ал адамгершілік-қайырымдылық пен қамқорлықтан ажырамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет