Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет28/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Өмір


Өмір–адам үшін Жаратқанның тамаша сыйы мен таңқаларлық сыны. Тірліктің тәттісіне тойымсыз пенде жалғанның жалтырағына масаттанып, оның шырмауығына қалай шырмалып, шырғалаңға түскенін де білмей қалады. Атақ- абырой, шен-шекпен, бақыр-байлық, дүние-думанда да қанағат қадір екенін ұмытып, у ішеді де, естен танады. Орынсыз өкпелеп, текке тіл безеп, жанын шырылдата жанталасып, даңғой дарақыланып, беймаза күй кешеді. Басқа қонған бақ пен қолда бардың бағасын білмей, тағы да у ішеді де, сары уайымға салынады. Шіркін, осы ушыққан дертке шипа боларлық ем-дәрі бар ма екен?! Тірліктің «алқындысынан» тым құрыса қас-қағым сәтке ес жиып, жүрегіміздің соғысына құлақ қойып, оның айтар сырын тыңдап көрелікші.
Жүректі мазалаған бұл ойлар ескінің естелігі немесе болашақтың болжамы емес, заманға өзіндік, өзгеше заманауи көзқарас. Сағыныш та емес, қиял да емес, заман мен замандас туралы ой, оларды жаңаша танып, жете түсінуге талпынған жүректің сыры. Кезінде ақын Мұқағали Мақатаев:
«Мен іздеген нұр-бақыт, Ұстатпаса, зуласын.
Тек жүрегім бір уақыт, Жүксіз қарап тұрмасын.
Жүрек болып туғасын…»,-деп қазақ жырының жүрекке жүгінгенін өзінің өлең жолдарында көркем өре отырып, «Соғады жүрек» атты туындысын дүниеге әкеліп еді.
Иә, жүрек болып туғасын… жанады, өмірді жан-тәнімен сүйеді, сағынады, еске алса, жабығады да жұбанады. Ал, өмір маусымдарын зерделесек, «Көктем- жүрек» – балауса шақ, «Жаз-жігер»–нағыз қамал алып, орда бұзар кезең, «Күз- ақыл»–ата атанып, бәйгеге қосқан жүйрігіңнің тізгінін тартар тұс. Соның бәрінен сүрініп жүріп те сергек өткен адам үшін немере сүйіп, ұрпақ қызығына ағыл-тегіл шаттанатын және оларға ақ батаңмен ақжол тілейтін мәуелі маусым–
«Қыс-парыздың» да орны ерекше-ау! Бірақ, Көктемің–жырлы, Жазың– бәйгелі, Күзің–сырлы, ал Қысың – сабырлы болсын десең, сол есею кезеңдерінің алмасқан сәттерін дер кезінде жазбай аңдап, соған лайық мінез таныта білсек, қандай! Жалғанның оп-оңай жазым етер алдамшы «қызығына» босқа малданып, текке арамтер болмай,өзіңнің жас пен жасамыс, егде мен еңкейген
жылдарыңның әрқайсысының бағасын біліп, қадір-қасиетіңді жоғалтпау ләзім шығар.
«Атысу, аңдысу мен таласудың, Санасу, табысу мен жарасудың, Мінезін мынау адам баласының
Білсем деп құпиясын аласұрдым…» (М. Мақатаев, ).
Тірліктің тәтті ұйқы мен ашкөз қомағайлықтан, яғни өзіңді-өзің еркін меңгеріп, ерік-жігеріңді билей алмаудан асқынатын әсіре «қызылы» мен әзәзіл ләззатына салынып, көрсеқызарлық, құмарлық, мансапқорлық, дүниеқоңыздық сияқты сырқатына шалдықсаң-ақ, шектен көп шекер де «У» - ға айналып, тірідей
«жерлеп» тынады. Сондықтан адам рухы асқақ болып, тән оның құлы ретінде қызмет етсе, шіркін!Керісінше жағдайда, пенденің хайуаннан айырмасы, фәниде мән-мағынасы жоқ.Кемеңгер Шәкәрім қажы айтпақшы: «Тән–терезе, ой қожасы; оймен анық байқасаң» немесе «жан қожа тәнге, тән құлы;еріксіз айдап жүр демек».
Жан адамды жүрек арқылы билейді. Жүрек аса сезімтал:көреді, естиді, сөйлейді және талдайды,зерделейді,түйіндейді, шешім қабылдайды. Жүрек сезім пернесі арқылы тыныстайды және өз әмірін тағы да сол сезім құдіреті арқылы жеткізеді.Ал, сезімнің дүр қасиетін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе?! Көк жүзінен себезгілеген сәуледей жарқын, самал сүйген гүлдей нәзік, телегей теңіздей тұңғиық, кеңістіктей шексіз де шетсіз ол… нәзік, мөлдір, терең, сыршыл, жүйрік, намысшыл және мейірімді, қатал, аса кешірімшіл. Себебі, ол алғыр, адал, сабырлы, жанашыр, батыр, зерделі, аса әділетті.
Жүректен туса солай, жүректерге жетеді. Қуантады, ренжітеді, толғантады, тебірентеді. Маңдайыңды, тіпті тасқа ұрғыза отырып та үйретеді, үлгі етеді. Сезім сөлін сезіне алсаң, көгінде шарықтап, тереңінде тебірене алсаң, «өмір» деп, лүпіл қаққан жүрек тілін түсіне алсаң, адам деген атты ардақтай алсаң, үкілеп, үміт артады. Алға мақсат қоясың, арман қанатында қалықтап, шыныға түсесің, адам боп өтуді аңсайсың. Егер сезім селкеу тартса, сөзде салмақ, істе қадір, тірлікте мағына қалмайды. Адамға тән асыл қасиеттерді азырқанып, оларды нағыздандырмақ болып нағыз адам, жаңа адам, нағыз батыр, нағыз ғалым, нағыз туыс, тіпті мөлдір махаббат, т.с.с. іздеп әлекке түсетініміз де сол адами құндылықтардың сұйылған татымсыз сиқы ғана. Шындығында, адам мен оған тән адами қасиеттер–ешқандай қосымшасыз-ақ асқақ.
Сезім–қатал.Шынайы болған соң солай.Найзағайдай жарқылдайды, жаныңды шүберекке түйесің.Жүректен туған соң солай. Сене тұрып, сүйе тұрып алдансаң. Аянбайды ол. Небір қатыгез қару-жарақ та, зәрлі зілзала да оның жанында түкке тұрмайды. Ештеңені бүйім көрмейді.Сезім наласы жойқын. Назаланған жүрекке де, жазаланған жүрекке де – жантәсілім.Жарады, жарылады. Жалын жүрек күрт суынса-күлпарша.Жүректегі жарылысқа тең келетін ешқандай қуат жоқ.
Сезім – сабыр екен… сарыуайымға салынбай, сабыр табу да рухқа тәуелді- ау! Сабыр… сұлу сезімнен салиқалы ой, сындарлы пікір туса керек.
Сезім… ән мейірім екен. Неткен ғажап, еріксіз таңданасың.. Ән– сезім, дара туып, дүйім жұртты дүр сілкіндіретін сезім және сезім болғанда да топта талай сыналған сұлу да сырлы дүр сезім емес пе?!
Сезім ақ пен қараны ажыратуға үйретеді екен. Сөйтіп, өзіңше, яғни өзгеше пікір түюге түрткі болады.Сөйлейсің, сезіп, білгеніңді сыртқа шығарып, бөлісесің, ұстанымыңды айқындайсың, өмірге араласасың, қайралып, қайраттанасың. Сөз саптауың бірте-бірте түзеліп, шаруаң шымырлана түседі. Сөйлейсің… есейесің..
Сезімнің төресі туған елге деген махаббат, оның еңсесі Эверестей асқақ, мәртебесі мәңгі болса деген Арман! Аспандай асқар, теңіздей терең де телегей, кеңістіктей кеңбайтақ, алмастай өткір алты алаштың талай ақ иық ұлдарының аманаты бұл.
Сезім… сенім–ерекше сезім. Мөлдір сезім жүректен туады, жүрекке жетеді. Жүрек сенеді, кейде тым аңғал-ақ. Оған, бірақ не дерсің? Адам болған соң, өмірге сену, замандасқа адалдық табиғи сезім. Онсыз мынау қатал тірлікте бақас күйбеңнен басқа не мән қалады?!
Сенім–терең адами,ерекше қасиет.Ең әуелі, Жаратқанға, оның жалғыздығына сенім.Сосын тағы да өзің сияқты Құдай сана берген замандастарыңа сену. Басқаша болуы, тіпті де мүмкін бе?!
Сезім–сағыныш.Ол сөйлемейді, өз шуағына бөлейді. Бұл жерде оған ең соңғы жетістік дейтін техникаң да, көктегі спутнигің де тең келмейді. Олар ұшқыр да алғыр сезімнің, мәртебелі мәдениеттің жемісі ғана ғой.
Сезім аса кешірімшіл, пернесін тап бассаң шапағаты мол.
Шынайы болған соң солай.Өкпесін ұмытады, елжірейді, аялайды.Жүректен туған соң солай.Түсінуге тырысады,жақсысын жадында тірілтеді,тағы да жүрекке жүгінеді. Мұзды ерітіп, тасты жібітеді. Кешірмейтін не бар бұл тірлікте. Кешіре білу–ұлы сезім.
Сезім–сәйгүлік, тіпті уақытқа да шаң қаптырады.Шынайы болған соң солай. Ол алдын-ала ойланады, алаңдап, қамқор болады. Жүректен туған соң солай. Бауырдың басы ауырса, бүйіріңе батып, жақын-жуық қысылса, жаның бірге сыздайды. Ұрпағыңның болашағын ойлайсың, армандайсың. Бұл уақ сәйгүлік сезім небір тұмсығымен құс ілген тұлпарыңа да қарасын көрсетпейді.
Сезім… ол адамның жанын да, тәнін де билейді.Өзіндік бір күретамыр іспетті:бүлк-бүлк соғып,ерік-жігеріңді басқарады,мінез-құлқыңнан, іс- әрекетіңнен көрінеді. Жаны сұлудың өмірі–өнеге.
Сезім–арман,жақсылыққа құштар жүректің арманы, фәнидегі сенімді серігі, адастырмас жарық жұлдызы. Ол әр кез жасындай жарқ ете түсіп, жер- желмаясындағы жолаушының жанын сезім сәулесімен нұрландырып, замандасқа ғашық етеді, оның өмірі мен айтар өнегесі де сол Арман!


«Өмір дегенге
Тірлікке сірә жетер ме ой!
Жарық сәуледен Басқаның бәрі бекер ғой. Бекер ғой, бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой.» –деп Мұқағали жырлағандай, өмірде, әлбетте қателескен, жақынның көңілін қалдырып, ренішке себеп болған кезіміз де жоқ емес шығар.Ет пен сүйектен жаралған пендеміз ғой.Соның бәрінен сабақ алсақ, шіркін!.. сол қателіктерді жібермеуге де болар еді...
Неміс кемеңгерінің абсолютті идеясы–тірліктің бастауы да, бағыт-бағдары да сана екенін көрсететін Темірқазық іспетті. Ақыл-ой жол көрсетер нұр-сәуле.
«Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. Жан құмары дүниеде немене екен –
Соны білсең әрнені білгендерің, –деп, былай өріледі: білмекке құмарлықты мадақтайды, – ұлы Абай. Бірақ, соның бәрінің де фәнилік санаулы «ғұмыры».
«Өмір, дүние дегенің- Ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің. Ойлай берсең, у екен»,-
Ұлы ұстаз ұлағатын бойына сіңірген Шәкәрім, тірліктің басты ақиқаты және қайнар көзі – сананы ұлықтайды:
«Баяғы Канттың сөзі еді, Жаңаны көрсе жүгірген, Ақылдан әбден түңілген, Осыдан дұрыс жол жоқ деп, Бұл Уды судай сімірген, Дененің соқыр көзі еді.
… Жан ісі онан бір бөлек. Еркімен ойлап түрлемек. Жан қожа тәнге, тән құлы, Еркін айдап жүр демек…».
Олай болса, күйбең тірліктің илеуіне көнбей, аз ғана ғұмырда ағайынмен сыйластықты ардақ тұтып, жүрегіңді суытып алмағанға не жетсін.
Пендешілік әбден басыңа шығып, ақыл көзін тұмшалап,әңгіртаяқ ойнатса ше?!Бәрібір кештік етпейді, Жүректі тыңдасаң солай.Күзің мен қысыңда ағайынның алдынан өт, жақсылыққа қуанып, ақ батаңмен айналып, қиындық түссе басына ағайынға жанашыр болып, ұлағаттылық ақ тілегіңді арнасаң, жүрек ісі осы емес пе?!
Алайда, жүрек ағайындықты сезіну үшін ғана жаралған ба? «Жақсыда – жаттық жоқ» демей ме, қазағым: адамға тірі пенденің ешқайсысы бөтен емес. Қазақтың қанында бар ұлы қасиетті қайтадан қалпына келтіріп, жас ұрпақ бойына дарытып тәрбие бағытында үлгі –өнегені өзімізден көрсете алсақ ұрпақ алдындағы парызымыздың өтелгені.
Бірақ, жүрек–жалқы, оның тіршілік атаулыға риясыз сүйіспеншелігі еш бөлінбес бірегей емес пе?! Ата-анасын, бауырларын, жан жары мен бала- шағасын, атамекенін сүйе білген жүректің қызуы да баршаға бірдей, тек жақындарыңа ол көбірек сезілсе, алыстағыларға азырақ жетеді. Сырттай қарағанға солай. Ал, жүрек жылуын әділеттілік тұрғысынан таразыласақ, ол адамгершілік деп соғады, адамды, ақиқатты ерекше ардақ тұтады.
«Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан тәңірінің ісі…» (Абай, 45-ші сөзден). Адамзаттың жіктелуі адам рухының әлі де болса кемелдікке жете алмай жатуының салдары. Олай болуы заңды да, адамзат өз көктемінен жазына енді ғана қоныс аударды. Жүрегіңді суытып алма,адамзат баласы !
...Уағдаға тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса мойындау–ерлік, батырлық...
“...Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт нәрсені кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айналасына анық раушан болып түседі.Ондай нәрсе тұла бойыңа жайылады, тез ұмыттырмайды”.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. Абай

Туған ауыл. Бәрі – бәрі таныс маған, Жүрегімде сағыныш жаныштаған.


Іңкәр жүрек соғады, дүрс-дүрс етіп,
Бал күндерді аңсаумен алыс қалған... Г.Сүндетқызы

Дариға сол күндерде күнім қараң, Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған. Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,


Күнәні жүрекке қой, қойма маған. М.Жұмабаев
Жүректен шыққан жылы сөз, Жүрекке барып жетеді.
Жылы сөзден дос жүрегі, Мейірімге толып кетеді. Махаббатқа толы жүректер, Орындала берсін тілектер. Махаббат оты жалынды, Жылытсын бәрін, бәріңді.
“Білгенге маржан, білмеске арзан”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет