Ас қорыту физиологиясы бойынша №1 сабақТЫҢ БӨЖ –ге арналған тапсырмалары



бет2/2
Дата21.04.2023
өлшемі17,97 Kb.
#85173
түріСабақ
1   2
Сіңу түрі

Сипаттамасы



Пассивті тасмалдану



Пассивті тасымалдау (ПТ) деп, зарядсыз бөлшектерді (заттарды) концентрациясы көп С1 ортадан концентрациясы аз ортаға қарай тасымалдауды, электролитте зарядталған бөлшектерді (заттарды) электр өрісінің потенциалы жоғары j1 ортадан, потенциал шамасы төмен j2 ортаға қарай тасымалдауды, немесе электрохимиялық потенциалы жоғары m1 нүктеден, электрохимиялық потенциалы төмен m1 нүктеге қарай тасымалдауды атайды. Аталған тасымалдаудың бұл түрлерінде сырттан энергия жұмсалмайды, жүйе ішінде концентрациялық, электрлік т.б. градиентте жинақталған энергия қоры есебінен жүреді. 

Белсенді тасмалдану



Белсенді тасымал — бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы тасымалы болып табылады. Бұл қозғалыс әдетте бір бағытты, ал диффузия екі бағытта да бола алады. Энергия көзі ретінде АТФ қолданылады. АТФ тыныс алу процесі кезінде түзілетін қосылыс, сондықтан белсенді тасымал тыныс алу болмаса жүзеге аспайды. Белсенді тасымал плазмалық мембранада орналасқан нәруыз-тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады. Бұл нәруыздарға, жеңілдетілген диффузияға қатысатын нәруыздармен салыстырғанда, конформацияның өзгеруі үшін энергия қажет.

Жеңілдетілген диффузия



Жеңілдетілген диффузия - заттардың мембрана арқылы қосымша энергия жұмсамай өтуі. Әдетте бұл заттардың электрлік және химиялық градиенті бойынша жүретін процесс. Яғни, заттардың көптеп ағзаға қарай бағытта таралуы.

Фагоцитоз, пиноцитоз,
эндоцитоз, персорбция


Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — клетка) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп клеткалы жануарлар клеткасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады.
Пиноцитоз (pinocytosis; лат. pinos — жұту, ішу, сіміру; kytos — жасуша) — жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі.
Эндоцитоз - бұл макромолекулалар мен олардың агрегаттарын фагоцитоз және пиноцитоз арқылы тасымалдау.
Персорбция дегеніміз заттарды жасушааралық кеңістік бойымен тасымалдау. Бұл механизм белоктардың аз мөлшерін (антиденелер, аллергендер) және басқа заттардың ас қорыту каналынан ішкі ортаға енуін түсіндіреді.


Орындаған студент: Ізтілеу Марал тобы: 009 факультет: ФӨТ


Тақырып қаралды, күні:

_________________ оқытушының қолы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет