Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту реттелуінің механизмдері мен принциптері. Дәрістің жоспары



бет9/11
Дата13.11.2022
өлшемі1,54 Mb.
#49694
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
As qorituv

Ауыз қуысында ас сіңбейді, тек тілдің астына салынған кейбір дәрілер –валидол, нитроглицерин сіңеді.
Қарында қанға ас тұзы, су, алкоголь, глюкоза аздап сіңеді.
Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді.

Қоректік заттар ішекке түскеннен кейін 1-2 минуттан соңолар ішеккен шығатын қанда және лимфада пайда болады, ал 5-10 минут өткен соң қоректік заттардың қандағы мөлшері ең жоғарғы мәніне жетеді.

  • Жіңішке ішек астың сіңуіне бейімделген ағза:
  • ұзындығы,
  • қатпарлар, бүрлер, микробүрлер ішектің жанасу бетін 600 есе ұлғайтады,
  • микроциркуляция ерекшеліктері – капилляр эндотелиінің тесіктерінің (фенестрленуі) болуы.

Астың сіңірілуі механизмдері
Жасуша мембраналарының түрлі заттарды іріктеп өткізу қасиеті бар. Өткізгіштік тасымалданатын заттардың молекулаларының сөлшері мен құрылысына және олардың тасымалдану механизмдеріне байланысты:
  • Пассивті тасымалдау тасымалданатын заттар концентрациялық, осмостық, электрлік, электрохимиялық, механикалық градиентке байланысты диффузия, осмос, сүзілу жолдарымен өтеді.
  • Активті тасымалдау: біріншілік активті тасымалдау – заттар ферменттердің қатысуымен, АТФ энергиясының жұмсалуымен градиентке қарсы өтеді (Na+) екіншілік активті тасымалдау – энергия арнайы тасымал жүйесімен басқа да заттардың қосымша тасымалдануына қолданылады (глюкоза, амин қышқылдары).
  • Жеңілдетілген диффузия мембраналық тасымалдағыштардың қатысуымен (моноглицеридтер мен май қышқылдарының өт қышқылдары тұздарының қатысымен тасымлдануы – мицелла, хиломикрон)
  • Фагоцитоз, пиноцитоз, эндоцитоз, персорбция.

Тоқ ішектегі ас қорыту

  • Химус құрамыдағы ферменттер-қоректі заттарды қалдықтарын ыдыратады
  • Химус қоюланып-нәжіс пайда болады
  • Көптеген микроорганизмдер бар: клетчатканы ыдырататынын; Белоктарды шірітетін
  • Сүт қышқылын пайда болдыратын- ашыту процесті күшейтеді –микробтар. Сүт тағамдары көп.
  • Белоктардың шіру процесінде пайда болатын-индол,фенол, скатол, крезол- улы заттар-бауырда-зиянсыз қосылыстарға айналады
  • Тоқ ішектің микрофлорасы витамин, К- -түзеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет