Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту реттелуінің механизмдері мен принциптері. Дәрістің жоспары



бет10/11
Дата13.11.2022
өлшемі1,54 Mb.
#49694
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
As qorituv

Эндокриндік қызметі

Ішек-қарынның кілегейлі қабығында көптген гормондар түзіледі-гастроинтестинальдық гормондар (25 гормон бөлініп шығады). Олардың көбі пептидтер (гастрин, секретин, панкреозимин-холецистокинин, сомастотатин,гастрин, бомбезин,мотилин. ВИП т.б.). Бұл гормондар: а) ас қорыту бездерінің сөл шығару қабілетін, моторикасын, астың сіңуі, т.б. қызметтеріне қатысады.


Өт, оның маңызы
Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады.
Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.
Өттің құрамы
Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі.
рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0
бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0
Меншікті салмағы – 1,008-1,015
Су – 86,6-97,4%
Құрғақ қалдық: 4 % бауыр өтінде, 20 % өт қабында

Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар
  • Өт пигменттері: билирубин, биливердин
  • Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80%
  • Холестерин.
  • Муцин.
  • Май қышқылдары, липидтер.

Na+, Fe2+, Mg2+, K+, Ca2+, аниондар: Cl-, HCO3-.

Ас қорытудағы өттің маңызы
  • Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді.
  • Майларды эмульсиялайды.
  • Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді.
  • Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.
  • Ішек қимылын күшейтеді.
  • Нәжістің қалыптасуына қатысады.
  • Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.
  • Бактериоцидтік әсер көрсетеді.

Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.
Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин
Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет