«ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дайындық тест тапсырмалары


Бұл жағдайда қандай патогномониялық симптом ЕҢ ықтимал?



бет2/2
Дата31.03.2023
өлшемі40,46 Kb.
#77956
1   2
Байланысты:
Тесты по пищеварению.каз. 24.01.22.

Бұл жағдайда қандай патогномониялық симптом ЕҢ ықтимал?
1) ауырсыну сипатының өзгеруі
2) еріксіз құсу+???????
3) асқазан секрециясының жоғары болуы
4) қызба
5) тұрақты жүрек айну


77. Асқазан диспепсиясы
1) ас қорытудың бұзылуы+
2) дефекация актісін бұзу
3) тамақтың өңеш арқылы өтуінің бұзылуы
4) дәрет шығаруға жалған шақыру
5) тәбеттің болмауы.


78. Жас жігіт, 32 жаста, жедел жәрдеммен эпигастрий аймағындағы «қанжар» сұққандай қатты ауруына шағымданып, қабылдау бөліміне жеткізілді.
Бұл жағдайда ең ықтимал диагноз қандай?
1) гастрит
2) асқазан жарасының өршуі
3) он екі елі ішектің ойық жарасының өршуі
4) асқазан жарасының перфорациясы +
5) колит


79. 44 жастағы әйелді соңғы 3-4 айда бір күн бұрын жеген тамақты құсу, арықтау мазалайды. Анамнезінен – бұрынғы жылдары он екі елі ішектің ойық жарасынан емделген, бүгінгі күнге дейін мазаламаған.
Бұл белгілер қандай ауруға тән?
1) энтерит
2) гастрит
3) панкреатит
4) асқазанның ойық жарасы.
5) пилорикалық стеноз +


80. Тенесмус – бұл
1) дәрет келіп тұрғандай жалған сезім+
2) спастикалық ауырсынулар
3) жүрек айну
4) іш қату
5) тәбеттің болмауы.


81. Гиппократ бет әлпеті қандай патологияға тән?
1) гастрит
2) асқазанның ойық жарасы
3) асқазан-ішек жолдарынан қан кету
4) перитонит+
5) ойық жаралы колит.


82. Асқорыту жүйесі ауруларын диагностикалауда физикалық тексерудің негізгі әдісі болып табылады
1) пальпация+
2) перкуссия
3) аускультация
4) қарап тексеру
5) нәжісті талдау.


83. Ер адам, 47 жаста, слесарь, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданып келген, ФГДС кезінде өңештің және асқазанның кардиасы веналарының варикозды кеңеюі анықталды.
Бұл симптом келесі патологиялық жағдайдың көрінісі болып табылады
1) жаралы емес диспепсия
2) порталдық гипертензия+
3) бауырдың қабынуы
4) созылмалы холецистит
5) созылмалы эзофагит.


84. Бауыр аурулары кезіндегі геморрагиялық синдром қандай патологиялық жағдай көрінісі болып табылады?
1) гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік
2) порталдық гипертензия+
3) өт жолдарының дискинезиясы
4) холангит
5) сарғаю.


85. Бауыр ауруларындағы спленомегалия қандай патологиялық жағдай көрінісі болып табылады?
1) гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік
2) холангит
3) өт қабының дискинезиясы
4) порталдық гипертензия +
5) гастрит.


86. Бауыр ауруларындағы дис- және гипопротеинемия қандай патологияға байланысты болады?
1) гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік+
2) порталдық гипертензия
3) өт жолдарының дискинезиясы
4) холангит
5) холелитиаз


87. Курлов әдісі бойынша бауырдың мөлшерін анықтау үшін неше өлшем анықтайды?
1) үш өлшем+
2) төрт өлшем
3) бес өлшем
4) екі өлшем
5) алты өлшем.


88. Құрамында пигмент мөлшері көбейген зәр мен нәжіс қандай патологиялық жағдайда болады?
1) бауыр үсті сарғаю+
2) бауырдың сарғаюы
3) бауыр асты сарғаюы
4) бауыр циррозы
5) өт тас ауруы.


89. 31 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы «ерте» ауру сезіміне шағымданды. Бұл шағымдар ойық жараның қай локализациясына тән?
1) асқазанның кардиальдық бөлігі+
2) он екі елі ішекте
3) соқыр ішекте
4) сигма тәрізді ішекте
5) пилорикалық бөлімде


90. Ойық жараның локализациясы үшін «кеш» ауырсынулар тән
1) сигма тәрізді ішек
2) асқазан
3) шажырқай
4) ұлтабар +
5) соқыр ішек.


91. Колит ауруындағы ауыру сезімі немен байланысты туындайды?
1) тамақтану
2) дефекация актісі+
3) жүрек айну
4) құсу
5) эмоционалды күйзеліс.


93. Әйел 45 жаста, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айну, аузында ащы дәмге шағымданып отбасылық дәрігерге қаралды. Анамнезінен – бұл шағымдар мезгіл-мезгіл соңғы 5-6 айда мазалайды, өз бетінше мезим, ношпа қабылдаған. Дегенмен, соңғы жылдары ауырсыну жиілеп кетті. Қарап тексергенде аздап салмағы жоғарылаған. Қалыпты түсті тері. Пальпацияда іштің тік бұлшықеті мен оң жақ қабырға доғасының қиылысу нүктесінде ауырсынады, Ортнер симптомы оң. Науқаста қандай синдром дамыған

  1. бауырдың қабынуы

  2. өт қабының қабынуы +

  3. бауыр жеткіліксіздігі

  4. ұйқы безінің секреторлық жеткіліксіздігі

  5. асқазан диспепсиясы



94. Оң Грегерсен реакциясы қай ауруға тән?
1) холецистит
2) панкреатит
3) асқазан жарасы+
4) гастрит
5) өңештің ахалазиясы.


95. Он екі елі ішектің ойық жарасында ауырсынудың сипаты
1) тамақ қабылдағанда күшейетін эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі
2) оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, оң жақ иыққа тарайды
3) тамақ қабылдаумен байланысты емес тұрақты сыздап ауырту
4) аш қарынға және тамақтанғаннан кейін 2-3 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырсыну+
5) тамақ ішкеннен кейін 30 минуттан соң ауырсыну.


96. Цирроздың дамуына әкелетін негізгі факторлар
1) бактериялар, паразиттер
2) гепатит вирусы, алкоголь+
3) иондаушы сәулеленудің әсері
4) эндокриндік бұзылыстар
5) тағамдық фактор.


98. Асқазанның пилорикалық бөлігінің ойық жарасында ауырсыну эпигастрий аймағында қалай орналасады?
1) семсер тәрізді өсіндінің төменгі бөлігінде
2) ортаңғы сызықтың оң жағында+
3) ортаңғы сызықтың сол жағында
4) сол жақ қабырға асты аймағында
5) оң жақта, оң жақ мықын аймағына тарайды


99. 43 жастағы әйелде майлы тамақты жегеннен кейін пайда болатын оң жақ қабырға астындағы мерзімді ауру сезіміне шағымданған, он екі елі ішекті зондтау кезінде өттің барлық бөліктерінде көп мөлшерде шырыш, эпителий және лейкоциттер үлпектері анықталды.
Бұл жағдайда өт жолдарының қандай зақымдануы ЕҢ ықтимал?
1) холецистит+
2) өт тас ауруы
3) холангит
4) гипертониялық түрі бойынша өт жолдарының дискинезиясы
5) гипотониялық типті өт жолдарының дискинезиясы.


100. 52 жастағы ер адамда, оң жақ қабырға астындағы тұрақты емес аздаған ауыру сезімі бар, әлсіздікке, әлсіздік, тез шаршағыштық. Қарап тексергенде: склераның сарғаюы анықталды. Зертханалық тексеру: тура және тура емес фракциялардың әсерінен гипербилирубинемия бар.
Осы науқаста сарғаюдың қандай түрі дамыды?
1) бауыр үсті
2) бауыр+
3) бауыр асты
4) токсикалық
5) эритремиялық


101. Ұзақ уақыт бойы сүрлеуші (маляр) болып жұмыс істеген 46 жастағы әйелде лимон түсті сарғаю пайда болды. Қан анализінде бос билирубиннің(тура емес) жоғарылауы байқалады; несепте уробилиноидтер, ал нәжісте -стеркобилиноген..
Науқаста сарғаюдың ЕҢ ықтимал түрі қандай?
1) бауыр
2) бауыр асты
3) бауыр үсті+
4) эритремиялық
5) трансфузиядан кейінгі


103. Өт жолдарының дискинезиясында ауру сезімі пайда болады



  1. өт қабының жиырылуынан

  2. Одди сфинктерінің жиырылуынан+

  3. гипербилирубинемиядан

  4. өт қабындағы қысымның төмендеуінен

  5. холестаздан



104.Бауыр ауруында эстрогеннің артық болуы келесі белгілермен көрінеді, мысалы

  1. «тамырлық» жұлдызшалар+

  2. иық белдеуінің бұлшықеттерінің атрофиясы

  3. склералардың сарғаюы

  4. депигментация

  5. асцит



105. Холестаз синдромының көрінісі болып табылады

  1. тері қышуы +

  2. гинекомастия

  3. әлсіздік

  4. мазасыздық

  5. ұйқының бұзылуы



106. Ішек ауруларындағы ауыру сезіміне тән

  1. түнгі уақытта, «ашқарынға » ауырту

  2. тамақ ішкенге тікелей байланысты болуы

  3. бұғана асты аймағына таралу

  4. дефекациядан кейін азаяды+

  5. дененің көлденең орналасуымен байланысты



107. Мендельдің оң симптомы



  1. өт қабын пальпациялағанда дем алған кезде ауырсынудың күрт артуы;

  2. эпигастрий аймағында саусақпен ұрғылағанда пайда болатын ауырсыну

  3. оң жақта қабырға доғасының бойымен алақанның шетімен қағу кезінде ауырсыну+

  4. супраклавикулярлы шұңқырда оң жақта саусақпен басқанда пайда болатын ауырсыну

  5. іштің пальпациясында сол жақта және кіндік үстінде жергілікті ауырсыну.



108. 34 жастағы ер адам, отбасылық дәрігерге аш қарынға немесе түнде эпигастрий аймағындағы, тамақ ішкеннен кейін басылатын ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен жоғарыда аталған шағымдар 3 жыл бойы мазалайды және көбінесе күзде және ерте көктемде пайда болады. Ол өзін шөп тұнбаларымен емдеді. Қарап тексергенде астениялық, терісі орташа бозарған. Пальпацияда эпигастрийдің оң жақ жартысы сезімтал.
Бұл жағдайда қандай патологиялық жағдай ЕҢ ықтимал?

  1. он екі елі ішектің ойық жарасы+?????

  2. өт қабының дискинезиясы

  3. антральді жара

  4. жаралы емес диспепсия

  5. асқазан ойық жарасы



110. Ер адам 49 жаста (химиялық қоспалармен көп жылдар бойы жұмыс істейді) , оң жақ қабырға астындағы тұрақты ауру сезіміне, жүрек айнуына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен бұл шағымдар шамамен 5-6 айда пайда болды, бірақ науқас оларды жұмыс жүктемесімен байланыстырды. Қарап тексергенде – склераның орташа сарғаюы, пальпацияда оң жақ қабырға астындағы ауырсыну. Курлов бойынша бауыр мөлшері 13х11х9 см.Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, гиперглобулинемия, тимол сынамасы оң.
Науқаста қандай синдром дамыған?

  1. бауырдың қабынуы +

  2. порталдық гипертензия

  3. өт жолдарының дискинезиясы

  4. өт қабының қабынуы

  5. гепатоспленомегалия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет