Ас қорту мүшелерінің патологиясы



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі30 Kb.
#13386
1   2   3   4   5   6
3.Гастриттер. Ас қазанның қабынуы (гастриттер).Ағымы бойынша өткір және созылмалы, ал формасы экссудат сипатын байланысты. Серозды гастрит: кілегей және кілегей асты қабықтың қызауры, олар серозды ағуларды сіңіріп алады және ісінеді. Кескен кезде серозды сұйықтық ағады. Гистологиялық әдіспен қан тамырларының кеңеюін байқалады, кейде эпители ұлпасының түйіршікті және майлы дистрофиясы, оның лейкоцитарлы инфильтрациясы анықталады. Катаральді гастрит (өткір): эпителидің мүмкіншілігінің жоғары регенерациясы немесе созылмалы түрге өту нәтежиесіне байланысты сипатталатын белгілері жоқ. Гистологиясы: шырышты, қабатты эпителидің майлы және вакуольді дистрофиясы, без саңылауында шырыштың жиналуы, нейтрофильді лейкоциттердің инфильтрациясы, өткір,іркілген гиперемия және кілегей астық қабығының ісінуі. Созылмалы катаральді гастрит болуы мүмкін: Гипертрофиялық: Қабырғасы жуан, қыртысты, оның үстінде жұмырбас түзілімдер болуы мүмкін – полипозды гастрит. Гистологиясы: бездердің гиперплазиясы, кілегей қабықтың және нейтрофильді лейкоциттердың кілегей асты қабығының инфильтрациясы. Атрофиялық: Қабырғасы ұшталған және жуан, дәнекер ұлпасы ұзарған, безді бөлігі атрофияға ұшырайды. Гистологиясы: кілегей қабықтарындағы бездер кішірейген және қысқа, барлық қабаттарында дәнекер ұлпасы ұзарған болады (склероз). Фибринозды: Жиі инфекциялық ауруларк кезінде (оба, іш сүзегі және т.б.) пайда болады және ас қазанның ішкі беткейінде фибриннен, эритроциттерден, лейкоциттерден және эпителлилерден тұратын сұр-сары түсті жалған қабықшаның болуы мен сипатталады. Егер қабықшаны жойғаннан кейін кілегей қабықтың гиперемиясы немесе эрозиясы байқалса, онда гастриттің крупозды түрі. Гемморрагиялық гастрит. А с қазанның ішкі беткейінде зақымдалған аумақтар қою-шие немесе қызыл түсті болады. Кілегей асты негізі серозды- гемморагиялық инфильтраттан тұрады. Эпителиде некроз ошақтары пайда болуы мүмкін (сұр түсті). Ас қазан ішіндегісі қан аралсқан. Зақымдалу орындарындағы кілегей қабықтары көк-қызыл түсті, қабыршақтары жуандап, ісінеді. Тамырлары сирек кеңейеді және эритроциттерге толысады, дәнекер ұлпасына инфильтратталады. Іріңді гастрит абцесстер және асқазанның барлық қабырғасының диффузды зақымдалуы түрінде болуы мүмкін. Абцесстер эмболия, гелминтоздар, бөгде заттармен зақымдалу кезінде пайда болады. Іріңдеген жерлерде асқазанның ішіне қарай ашылады. Диффузды іріңді гастрит (флегмона) үрдісі кілегей асты негізіне орналасады. Лейкоцитарлы инфильтрация, ісіну, гиперемия байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет