АС ҚОРТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ
Жоспар
1.Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары
2.Ас қазандағы өлімнен кейінгі болатын өзгерістері
3.Гастриттер
4.Мес қарынның тимпаниясы. Травматикалық ретикулит
5.Ішектің өткізгіштігінің бұзылуы әсерінен болатын өлім
6.Ішектің қабынуы
7.Бауыр аурулары
1.Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары. Катаральді стоматит (Stomatitis catarallis) – ауыз қуысындағы кілегей қабықтың катаральді қабынуы, жиі болады, және шектелген, таралған түрлері бар. Ол қандайда болсын механикалық себептердің (өткіртістерден, азу тістердің қытырлануынан болатын тітіркенулер) немесе химиялық (қышқылдар, сілтілер, йод, хлорлы әк және т.б), зат алмасу мен қоректенудің жалпы бұзылуы себептеріен туындауы мүмкін. Катаральді стоматит ауыз қуысының басқада ауыр ауруларымен, сондай-ақ, кейбір созылмалы және өткір инфекциялық үрдістермен ілесуі мүмкін.Зақымдалған орындарда, атап айтқанда тіл ұшында, қызыл иекте және тілдің шеттерінде, сондай-ақ, жақтың ішкі беткейінің қызылданып, ісінеді. Эпттелилердің түсуі салдарынан ақшыл дақ пайда болуы мүмкін. Ол шырыштын, түскен эптелилерден және микроағзалардан тұрады. Ойық – жаралы стоматит (Stomatitis ulcerosa) Ауыз қуысының кілегей қабығы қатты зақымдалған кезде беткі қабаты өледі және қабықшалары шеттелгеннен кейін ойық-жаралар пайда болады. Өлген массалар бактериялардың әсерінен ыдырайды, қабыну нашарлай түседі. Кілегей қабығы қатты ісінеді, лай сары немесе жасыл сары массамен жабылады.Қабықшаны қоршаған ойық-жаралар қызыл түсті болады. Жаралы стоматит механикалық зақымдалу мен кілегей қабығының қатты тітіркенуі әсерінен өзіндік жеке ауру ретінде байқалады, ол ерін және жақтың ісінуімен сүйемелденеді. Сондай-ақ, еркін формасыда кездеседі – ауыздың іріңді қабынуы. Жүдеу жас жануарларда рахит, кейбір авитаминоздарда, лейкоз және т.б аурулар кезінде байқалады. Ойық-жаралы стоматиттің өзіне тән формасын алвеолярлы пиоррея көрсетеді (pyorrhea alveolaris). Ол бірінші беткейінле пайда болып, кейін тіс мойнына жанасқан, қабынған қызыл иек бөлігіне таралады; Іріңнің көп бөліну үрдісінің әсер етуі қызыл иек пен тіс арасындағы қуыстарда іріңнің түзілуіне, альвеолярлы аймақтың ашылуына, тамырлық қабықшаның бұзылуы мен тістің босауына әкеледі. Іріңді стоматит (флегмонозды – Stomatitis purulenta, phlemonosa). Шырыш асты қабат пен оның астында орналасқан ұлпаларда іріңді инфильтрация ойық- жаралы стоматиттің әр түрлі формасы түрінде кездеседі; олар тілде, ауыз қуысының түбінде дамиды. Ауру еріннің, жақтың және тілдің ісінуімен өтеді. Іріңді глоссит (тілдің қабынуы) жеңіл зақымдалулар мен соққылардан кейін, күйдіргіш заттардың әсер етуі салдарынан, тіпті ешқандай себептерсіз пайда болуы мүмкін. Кілегей қабығы гиперемияға ұшырайды. Тіл қатты ісінеді, ауызға симауы мүмкін, жұтқыншақ пен тістердің арасында қысылады. Сілекейдің жиналуы, сондай-ақ тілдің қандайда бір бөігінде абсцесстардың пайда болуы байқалады. Гангренозды стоматит. Сулы рак (Stomatitis gangrenos, Noma). Іріңді немесе ойық-жаралы стоматиттің ауыр ормасына ұлпаның өлуі де қосылуы мүмкін. Әдетте, жақтың кілегей қабығында кездеседі. Үрдіс жақтың ішкі беткейінде жараларды пайда болуынан басталады және олар іріңді ыдыраумен тез таралады. Инфильтрат жақтың терісіне дейін жетеді, жара сыртқа шығады және бас пен мойынға жанасқан бөліктеріне өтеді. Афтозды стоматит (Stomatitis aphtosa). Афта деп ісінген, сары және сары – жасыл түсті, іші суға немесе қанға толған, көлемі 5 мм-дей шырышты қабык үстінде кездесетін қотырлар. Олар қызыл қабықшамен жабылған және ойық – жара тудырмай жазылып кетеді. Афталар кейбір өткір инфекциялық аурулар (мысалы, аусыд) және химиялық тітіркенулер салдарынан түзіледі. Ауыздың уылуы (Soor). Candida albicans ашытқы саңырауқұлақтарымен тудырылады., жиі жаңа туған төлдердің кілегей қабықтарында пайда болады. Ақ немесе сарғыш қотырлар түзіледі, көбінесе еріннің алдыңғы бөлігінде немесе таңдайда. Олар дақ түрінде болуы мүмкін. Ауыщ уылуының дамуына стоматит әсер етуі мүмкін. Тістің босауы. Әр түрді зат алмасудың бұзылулары кезінде тіс ұяшықтарының атрофиясының дамуы салдарынан болады, әсіресе анемия, диабет аурулар кезінде, буаздылық мерізімінде және кәр жануарларда. Сілекей безінің қабынуы (Sialoadenitis). Қабынуға жиі құлақ маңы безі ұшsрайды (Parotitis). Қабыну себептері болуы мүмкін: сілеке тұздарының түзілуі кезінде шығару жолының бітелуі, маңайындағы бөліктерден қабынудың өтуі, сепсис, сальмонеллез, пневмония кезіндегі метастатикалық қабынулар. Сілекей бездерінің серозды қабынуы абцес немесе флегмонаның дамуымен іріңді түрге өтеді. Созылмалы сиалоаденттерде кездеседі. Ауыз жұтқыншақ аурулары Өткір фарингит (Pharyngitis) – жұтқыншақтың қабынуы, өткір стомктиттегі секілді төгілген катар түрінде кездеседі. Ол механикалық, химиялық, термиялық тіткенулер әсерінен дамиды. Бұл өзгерістер шырышты қақырық пен қанталаулары ұлғайған кілегей қабықтың қызару мен ісінуінен тұрады; қабынуға әдетте, лимфоидты түзілуілер 92 ұшырайды. Кілегей асты қабығы мен лимфа түйіндерінде абцесстердің дамуы мүмкін. Өткір катар өңештің барлық бөлігін қамтуы мүмкін, ол әсіресе инфекциялық аурулар кезінде болады. Мұрын жұтқыншақ жолының өткір катары мұрынның кілегей қабығының қабынуы салдарынан дамиды. Ол мұрын жұтқыншақ жолынан бөлінетін шырыштың жиналуымен және кілегей қабықтың гиперемиясымен сипатталады. Өткір катаральді ангина бадамша бездердің кілегей қабықтарының ісінуінен, қызаруынан пайда болады. Кейін кілегей қабықтары күңгірттенеді, шырышты іріңді экссудатпен жабылады. Қабыну үрдісі крипттерде, лакундарда жеңілдейді. Осындау лакунарлы ангина кезінде бадамша бездер ұлғаяды, крипттерден сары- жасыл сұйықтықттар бөлінеді. Фибринозды ангина өз негізінде сұр фибринозды дақтардың бадамша бездердің үстінде пайда болуынан басталады. Кейде кілегей қабықтың тереңдігіндегі фибрин экссудациясына тән дифтериялық ангинада кездеседі. Флегмонозды ангина бадамша бездердің абынып ісінуінен және гиперемиясынан басталады, олар ұлпаның іріңді инфильтрациясы салдарынан үлкен өлшемге дейін ұлғаюлары мүмкін. Нәтежиесінде абсцесс қалыптасады. Осындай абцесттер жарылып, бадамшалар арқылы ауыз қуысн жайлауы мүмкін немесе бұл үрдіс жұтқыншақ абцесінің қалыптасуы мен септикопиемиясының дамуы пайда болатын дәнекер ұлпасыны таралуы мүмкін. Жұтқыншақтың артқы абцессі жұтқыншақтың дорсальді қабырғасы мен омыртқаның мойын бөлігінің вентральді беткейі арасында орналасды. Жұтқыншақтың артқы абцессі жұтқыншаққа қарай жарылуы мүмкін немесе асфикисия тудырып, өлімге әкелетін, жұтқыншақтың маңайындағы ұлпалардың флегмонозды инфильтрациясын беруі мүмкін. Некрозды ангина қабыну үрдісінде ұлпа некрозының болуымен сипатталады. Бұл жағыдайларда ұлпалардың жаралық ақаулары туындайды. Үрдіске мойын лимфа түйіндері қатысады. Некроздық ангина некробактериозге, лейкозға, сальмонеллезге тән. Анигна тек жергілікті ғана емес. Бадамша бездер жиі инфекцияның қақпасы болып табылады. Ангина нәтежиесінде эндокардит, перикардит, плеврит, перитонит, артрит, нефрит, сепси дамуы мүмкін. Өңештің аурулары. Өңештің бітелуі (Obstluctio, obturatio Oesophagi) жиі ірі қара малдарда, сирек ұсақ малдарда байқалады. Бітелу толық немесе толық емес, біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы жануарларда осындай бітелулер тамыр-түйнекті жемістермен азықтану салдарынан, жылқыларда – құрғақ сабанды жарманы жегенде, құрысу, өңештің шала салдануы мен тарылу салдарынан болады. Ірі қара малдарда өңештің жоғарғы бөлігіне, ал жылқыларда кардиальді сфинктер аумағына бөгде заттар жиі жналады. Бөгде заттармен өңештің толық бітелуі мес қарын меторизмімен, өңештің кілегей қабығының ісінуі және некрозымен,жарылу немесе тесілумен сүйемелденеді. Өңеш құрылымының стенозы, тарылуы (Stenosis oesophagi) оның өткізгіштігінің қиындауын тудырады. Тыртықты дәнекер ұлпасының пайда болуы салдарынан жиі туа біткен сипатқа ие болады. Өңештің стенозы кезінде өңештің кеңеюуі диффузды болуы мүмкін. Әдетте тарылудан жоғарғы бөлігі кеңейеді. Бұл кардиальді сфинктердің тарылуы, өңештің рефлекторлық құрысуы кезінде болуады.Өңеш саңылауы қабырғаларының қапшық тәрізді дүрдиюі түріндегі шектелген кеңеюі дивертикула деп аталады. Пульсионды дивертикулалар өңеш қабырғасының дүрдеиюінен пайда болады, ал тракциялық дивертикулалар қабырғаның ұзаруы жолымен түзіледі. Пульсионды дивертикулалардың себебі жергілікті орында бұлшық ет ұлпасының туа біткен жетімсіздігі болып есептеледі. Тракциялық дивертикулалар өңеш маңында қабырғаны созатын тыртықты ұлпаның дамуы салдарынан түзіледі. Дивертикулаларда қабыну үрдісін тудыратын азықтық массалардың тұрып қалуы мүмкін. Өңештің қабынған кілегей қабықтары тітіркендіргіш азықтарды жұту салдарынан немесе қандайда бір шіріткіш микрофлораның әсер етуі нәтежиесінде пайда болады. Үрдістің өткірлігі мен қабыну өзгерістерінің сипатына байланысты өңештен катаральді, эрозивті, геморрагиялық, фибринозды және некроздық эзофагиттер бөлінуі ммүкін. Өткір және ұзақ өтетін созылмалы эзофагит салдарынан тыртықты құрылыс пен өңештің қысқаруы дамуы мүмкін. Өңештің кілегей қабығының жаралануы қатты күйдіргіш заттарды, әсіресе қышқылдар мен сілтілерді жұту кезінде пацда болады. Осыған байланысты, олар барлық өңешке тарайды, бірақ олар ас қазанға кірер жерде орналасды. Өңештің төменгі бөлігінде жараның өзіне тән формасы кездеседі (өңештің пептикалық ойық – жарасы), олар асқазан жарасына өте ұқсас болады. Осындай ойық-жаралар рефлюксэзофагит нәтежиесінде, яғни асқазан ішіндегісінің өңешке қарай атқылау және ол жерде қабыну үрдісінің дамуы салдарынан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |