Ас қорту мүшелерінің патологиясы



бет5/6
Дата06.01.2022
өлшемі30 Kb.
#13386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АС ҚОРТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ

6.Ішектің қабынуы. Ішектің қабынуы – энтерит, барлық ішекке тарауы мүмкін, бірақ, оның жеке бөліктерінде жиі кездеседі. Ас қазан мен ішектің бір уақытта қабынуы гастроэнтерит деп аталады. Серозды энтерит: Ашып сою – жиі қанталаулар болатын шырышты қабықшаның ісінуі мен гиперемиясы. Ішіндегісі серозды экссудатпен сұйылады. Гистологиясы: тамырлардың кеңеюі және жергілікті дегенерацияның серозды экссудатпен инфильтратануы, жабын эпителиінің некрозы және бұралуы. Өткір катаральді энтерит: Ашып сою – кілегей қабығы күңгірт,қою, қоймалжың, жартылай мөлдір, серзды шырыштармен, кейде шырышты-іріңді немесе қанды дақтармен жабылады, бұл күңгірт сұр-ақшыл үлпектер (сорылудың бұзылуы, бездердің секрециясының күшеюі салдарынан). Гистологиясы: шырышты диятрофия, торшалық инфильтрация, тамырлардың гиперемиясы. Бокал тәрізді торшалардың мөлшері ұлғаяды, кірпікті эпителидің түсуі нәтежиесінде эрозияның түзілуі. Созылмалы катаральді гастрит кезінде эпителилердің регенерациясы кездеседі. Гистологиясы: шырышты дистрофия және эабын эпителиінің түсі, интерстициальді дәнекер ұлпасының өсуі. Кілегей қабықтары жіңішкерген, түзуленген. Фибринозды энтерит: Ашып сою – сұр-жасыл түсті жалған қабықшалы дақтар түріндегі фибринозды экссудаттың жиналуы. Гистологиясы: фибрин торлары, ілгектерде лейкоциттер және эпителилері түсіп қалған. Егер дақты алып тастаған кезде, кілегейі ісініп, гиперемияланса, бұл энтерит түрі крупозды деп аталыд. Қабықша астында ақаулар табылса – ол дифтериялық энтерит. Гистологиясы: ішек қабырғасының терең некрозы, фибрин жиналған ядросыз ақуыздық массалар. Демаркационды қабыну. Ліктен алынған кезде қалған жаралар грануляциялық ұлпаларға толады (сүзек, оба және т.б аурулар кезінде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет