2.Ас қазандағы өлімнен кейінгі болатын өзгерістері. Ас қазан қабырғасының бұлшық ет қабатының өлімінен кейін сіресіп қалады және өлім кезінде өзінің пішінін сақтап қалады. Бұл әсіресе, ет қоректілерде жақсы байқалады. Ас қазанның бос немесе әлсіз толуы кезінде ол құм сағатының түріне ұқсайды. Кейін асқазанның ішіндегілер ішекке түседі (ашу нәтежиесінде бұлшық ет босаңсиды) және оның әлсізденуін тудырады – эзофагомоляция. Ас қазандағы өздігінен қортылу үрдісі (аутомоляция) гастромоляция деп аталады. Осы кезде кілегей қабықтар ісініп, күңгірттенеді және сұр немесе сұр-қызыл түсті болады, кейін бұлшық ет және серозды қаьықшалар қортылады – қабырғасы оңай жыртылады және асқазан ішіндегісі құрсақ қуысына түседі. Гастромоляция мерзімі жануар түріне байланысты (қояндарда бәріне қарағанда жылдам), асқазан ішіндегісіне, қоршаған орта темперарасына және басқада факторларға байланысты болады. Мес қарынның өткір кеңеюі. Мес қарыны өткір кеңеюінен өлген жануарлардыі мәйітін ашып сою кезінде құрсақ қуысының ауаға толуын байқаймыз. Қабырғалары тарылған. Көзге көрінетін кілегей қабықтары көгерген болады, мойыншырық веналардың тқатты төгілуі, кескен кезде оларда қара, нашар ұйыған қан және борпылдақ қан ұйындылары бөлінеді. Кеуде торшаларының, бас, мойын, арқа және бел бұлшық еттері қанға толып қалады және кей жерлері ісінеді, сол өзгерістер дененің осы аумағындағы тері асты клечаткасында да дамиды. Диафрагма күмбезі кеуде қуысына қарай басылады. Мес қарыннан шуылмен бірге (кескен кезде) газ бен ішіндегі сұйықтықтары шығады, олар сұйық, көбікті, көбісі ашыған азық қоспалары болуы мүмкін. Бауыры сұр түсті, болбыр, кескен кезде бос қан тамырлары көрінеді. Бүйректер анемияланған, капсулаларлы әжімденген, қан кетулерде болуы мүмкін. Бүйректері мен өті сирек жағыдайларда қанға тллуы мүмкін. Ішегі жиі ауға толады. Өкпе. Өкпенің диафрагмалық бөліктері ісінген, қою қызыл түсті, жүректік және алдыңғы бөліктері – ақшыл-қызыл, кескен кезде бетінде қанды сұйықтық ағады. Өкпенің ісігі байқалады. Трахеалар мен бронхтарда үлкен мөлшерде көбікті сұйықтықтар болады. Жүректің оң жағы созылады және борпылдақ ұйындылары бар сұйық қанға толып қалады (асфиксия). Сол қарыншаның эпикарды мен эндокардында қанталаулар уөптеп кездеседі. Ми ұлпасы гиперемияға ұшырайды. Мес қарынның созылмалы кеңеюінен өлген жануардың өлігін ашып сою кезіндегі патологиялық бейнесі ұқсас. Қосымша байқалады: кітапшадағы құрғақ азықтық қоспалар, созылмалы тимпанияның пайда болуын тудыратындар және т.б. Травматикалық ретикулит. Бөгде денелер енген аумақтарда қан кетулер байқалады. Тыртықтар қалуы мүмкін. Егер барлық клиникалық белгілері болып, бөгде заттар болмасаолар қайтадан торға шыққан немесе бұзылған болуы мүмкін. Егер бөгде заттар жүрек қалқанынан енеді, ондай жағыдайда травматикалық перикардит, миокардит аныұталады, яғни жүректің жаралануы әсерінен гемоперикардит және жүректің тампонадасы туындайды. Бөгде заттардың ақырын ену кезінде гиалиноздалған абсцесстер байқалады.