Аса қауіпті инфекцияларға алғашқы көмек


Бұл асқынуға әсер ететін тағы да көптеген факторлар бар



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата16.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83313
1   2   3   4   5
Байланысты:
11-дәріс...

Бұл асқынуға әсер ететін тағы да көптеген факторлар бар, олар:

әйелдің әлеуметтік жағдайының нашарлығы, 

ЭГА (қаназдық, жүрек-қан тамыр аурулары, пиелонефрит, жүктілік кезіндегі жедел
инфекциялық аурулар),

ауруханада көп жатуы, 

мерзімінен ерте босануы, 

қағанақ суының ерте кетуі,

босанудың ұзаққа созылуы, 

көп мөлшерде қан жоғалту,

жатыр қуысына қол сүғу,

оталау арқылы әдіспен босандырғанда туу жолдарының жарақаттануы.
Патогенезі



Босанудан кейінгі септикалық аурулардың А.В.Бартельс
және С.Б.Сазонов бойынша жіктелуі:

I кезең - инфекциялық үдеріс босанғаннан кейінгі
жарамен (кіру қақпасымен) шектелген, оларға
босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит жатады.

II кезең - инфекциялық үдеріс бірінші ошақтан
шыққан, бірақ әлі жергілікті, кіші жамбас қуысымен
шектелген: метрит, метротромбофлебит, параметрит, 
тромбофлебит (жамбас көктамырлары немесе санның
көктамырлары), сальпингоофорит, пельвиоперитонит.

III кезең - жайылған (диффузды) перитонит, асқындап
кеткен тромбофлебит, септикалық шок.

IV кезең - жайылмалы инфекция (жалпы септикалык
аурулар): септицемия, септикопиемия.
Классификация



Босанудан кейінгі шектелген ірінді-септикалық
аурулар (эндометрит, босанудан кейінгі «жара», 
мастит, кесар тілігі операциядан кейінгі жараның
инфекциясы) 

Жайылған түрлері (акушерлік перитонит, сепсис).
Г. М. Савельеваның жіктеуі (2000) 



Босанудан кейінгі септикалық аурулардың клиникалык ағымы, ауырлығы, аурудың
болжамы әртүрлі болады. Бірақ клиникалық ерекшеліктеріне қарамастан босанудан кейінгі
аурулардың барлық түрлерінде байқалатын бірнеше жалпы белгілері бар. Олар:

1. Дене температурасының жоғарылауы. Жеңіл түрде (эндометрит) шамалы
жоғарылайды, ауыр түрлерінде (сепсис) өте жоғары болады.

2. Қалтырау. Көбінесе септицемияда және септикопиемияда болады. Қалтыраудың
қайталауы ағзада жаңа инфекция ошағынының пайда болғанын көрсетеді.

3. Тамыр соғысының жиілеуі. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың жеңіл
түрлерінде дене температурасының жоғарылауына сәйкес болады, тамыр соғысының дене
температурасына сәйкес болмай өте жиілеуі ауыр түрлеріне тән.

4. Орталык жүйке жүйесіндегі өзгерістер. Босанудан кейінгі ойық жарада, эндометритте
дімкәстік, әлсіздену, бастың шамалы ауыруы, ауыр түрлерінде жалпы жағдайдың
нашарлауы, бастың қатты ауыруы, ұйқының қашуы, сандыраққа дейін жетеді.

5. Босанудан кейінгі септикалык аурулардың ауыр түрлерінде жүрек-қан тамыр, ас 
қорыту және зәр шығару жүйелері тарапынан патологиялық өзгерістер байқалады, зат
алмасу бұзылыстарымен өтуі.

6. Септикалық аурулардың ауыр түрлерінде салмақтың азаюы, тері бозғылт, сүр, сарғыш
түсті болады және қызғылт бөртпелер пайда болуы мүмкін.

7. Қанда болатын өзгерістер: эритроциттердің және гемоглобиннің мөлшері төмендейді, 
ЭТЖ, лейкоцитоз жоғарылайды, өте ауыр жағдайда лейкопения байқалады.
Клиникасы



Босанудан кейінгі ойық жара – іріңді қабыну үдерісі
босанудан кейін 3-4 күнде, жатыр мойнының, қынаптың, 
аралықтың, сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттанған
жерінде пайда болады. Дене қызуы көтеріледі, жалпы
әлсіздік, сыртқы жыныс мүшелердің жаракаттанған
жерінде, аралықта ауырсыну, қызару, ісіну пайда болады, 
жара іріңді өңезбен қапталады. 4-5 күннен соң жара 
тазаланады, тыртықпен жазылады.

Жалпы ем: сульфаниламидтер, керекті жағдайда
антибиотиктер, жергілікті күтім, тігіс болса, оны түсіру, 
гипертониялық ерітіндімен дренаж, жара тазаланғаннан
кейін емдік майлармен таңғыш пайдалану.

ЭНДОМЕТРИТ - жатырдың шырышты қабатының
қабынуы, босанғаннан кейін 3-4 күнде басталады, егер
этиологиясы гонореялық болса, ауру 6-7 күнде басталады, 
дене кызуы 38-39°С-ге дейін көтеріледі, тахикардия, 
қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы пайда болады. Жатырды
пальпация жасағанда сезімтал, жатырдың
субинволюциясы және лохиометра байқалады, жатырдан
жағымсыз иісті, лай, іріңді, кан аралас лохиялар бөлінеді. 
Ауру 10-12 күнге созылады.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың I кезеңі:
Емі. Төсек тәртібін сақтау, жеңіл
қорытылатын диета. Жағын алу, әйелді
обсервация бөліміне ауыстыру. Жатырда
бала жолдасының қалдықтарын УДЗ 
арқылы анықтау, егер олар болса, жатыр
қуысын тазалау, іштің төмен жағына
уақытымен өлшемді түрде мұзды сұйық
қою. Кең спектрлі антибиотиктерді
қолдану, интоксикацияға қарсы
инфузиялық (физиологиялық ерітінді, 
полиглюкин, реополиглюкин, инфузол, 
стабизол, рефонтан,) терапияны, жалпы
жағдайын жақсартуға (ақуздар, қан
алмастырушы заттарды, витаминдерді) 
қолдану. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет