Күйіктерді емдеу клиникалық медицинаның
ең қиын мәселелерінің бірі. Қиындықтар,
әсіресе, ауқымды күйіктерді емдеу кезінде
туындайды. Күйіктен зардап шеккендерге
санатты және арнаулы көмек көрсету үшін
ерекше жағдайлар жасау керек: бактериясыз
белгілі микроклиматы бар бөлме, әртүрлі
модификациядағы тері пластикасының және
көп мөлшерде инфузиялық терапия жүргізу
мүмкіндігі. Осы аталған жағдайларға
байланысты терең күйік алғандарды емдеу
арнаулы мамандандырылған күйік
орталықтарында жүргізіледі.
Соңғы кездегі терең күйіктерді емдеудегі оң
нәтижелер бұл күйіктерді арнаулы
мамандандырылған орталықтарда емдеу
арқылы ғана мүмкін болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: