Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет13/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88
Жұлдыздардың пайда болуы. Сонымен, аспан шырақта­
рының ішінде Күн мен Айдың пайда болуы туралы баяндай­
тын мифтерді қарастырып болдық. Енді көктегі кейбір жұл­
дыздардың пайда болу тарихын әңгімелейтін мифтерге көше­
міз. Көне мифтердің айтуында Күн мен Ай көбінесе адамнан 
ғана емес, сонымен бірге аң­құстардан да, тағы басқа бір заттан 
да пайда болады. Жұлдыздардың аспанға көтеріліп, адам 
кейпінен айырылу себебі де әр басқа. Алдымен Үркер туралы.
Қазақта Үркер жайында әр түрлі миф бар. Соның бірі – 
мынау. «Үркер, негізінде, жеті жұлдыз екен, бұлардың жыл­
тылдап көрініп тұратыны – алтау. Жетіқарақшы келіп шап­
қанда, бұлар үркіп, содан Үркер атаныпты. Оның ортасында 
бәрінен жарығы қыз болған соң, Үркер қызын қорғаймын деп, 
оны көрсетпей, бір жерге жиналып, топталып тұрады, әйтпесе 
Жетіқарақшы ұрлап әкетеді»
49
.
Бұл тектес, жалпы Үркер туралы, қазақ мифтерінде ол 
жұлдыздар бұрын адам болған деп тікелей айтылмайды. Бірақ 
Үркердің қызы – жұлдыздардың ішіндегі ең жарығы деген 
сөзге қарағанда, ол жұлдыздар – ертеде адам (әйелдер) болғаны 
кү мәнсіз. Үркердің бәрі қыз екен деп айтылатын да миф бар
50

Оның үстіне Г. Потанин өткен ғасырда Тарбағатайдан жазып 
алған текстердегі «Үркер – Айдың ұлы, Шолпан – Айдың қы­
зы» деген сөздер де біздің ойымызды дәлелдей түседі
51
. Демек, 
Үркер – қауіптен қорқып, аспанға ұшып кеткен қыздар, ал 
оларды қорқытқан жеті ұры да – қыздардың соңынан қуып, 
көкке көтерілген жандар деуге толық негіз бар.
Қазақ жұртында Үркер жайында тағы бір миф сақталған.


[
 
 41  
]
«Бір қыста жер жүзін мұз басып, мал қырылып, қалғандары 
сіңірі шығып, әупірімдеп жазға зорға жетіпті. Ауыр қыстан 
әбден запы болған жануарлар есін жия келе ақылдасып: «Пәле 
Үркердің жерде жатпай, көкке шығып кетуінен болды. Ендеше 
Үркерді көкке шығармай, кезек­кезек басып тұрайық», – деп 
олар пәтуа жасап, пәлен жерде Үркер жатыр дегенді естіп, 
іздеп шығады.
Жылқы, сиыр, түйе өзара: «Мен жүйрікпін, мен жүйрік­
пін», – деп бәстесіп, жарысып келе жатса, алдарында шөптің 
ара сында бірдеме жылтырап жатыр. Сөйтсе, ол Үркер екен. 
Бұрын жеткен жылқы Үркерді басайын десе, сиыр мен басамын 
деп, мүйізін шайқап, оны жолатпайды... Үркер басында 13 жұл­
дыз екен. Сиыр Үркердің алтауын ғана басып қалып, қалған 
алтауы тұяғының арасынан шығып, аспанға ұшып кетеді. Міне, 
қыстың алты ай, жаздың алты ай болып қалғаны сондықтан. 
Егер жылқы тұяғымен басса, онда Үркер жерде жатар еді де, 
мәңгі бақи жаз болар еді деседі. «Үркерден неге айырылып 
қалдың?» – деп сұрағанда, сиыр басқа хайуандарға: «Ыстықта 
оқыралап шауып жүргеннен де сықырлаған сары аязда сықыр­
сықыр басып жүргенім жақсы», – деп, жауап беріпті»
52
.
Ал Үркерді қуып, аспанға көтерілген Жетіқарақшы туралы 
басқа бір миф былай дейді. 
Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның 
кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып со­
ңы нан түскен соң, қылмысы басынан асқан жеті ұры жет­
кізбей аспанға қашып шыққан. Бастаған алдыңғы төр­
теуі, ана артындағы үшеуі – ерер­ермес болып жүрген олар­
дың құйыршығы. Ана екі бүйірдегі екі жұлдыз – Ақбозат 
пен Көкбозат – батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа 
арқандаулы. Шұбатылған арқаны да әне, көрініп тұр. Аттар 
Те мірқазықты айналып оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры 
да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. Ұрылар қайтсе де 
осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетші алдыңғысынан 
көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен 
Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады. Ертеңінде тағы да 
солай болады.
Ұрылар жетеу ғана емес, қалың жау – қырық қарақшы 
алыс та торуылдап жүр. Анау Босаға мен Жетіқарақшының 


[
  42  
]
арасынан көрінген ұсақ жұлдыздар – Қырыққарақшы жұл­
дызы. Жеті қарақшы – олардың барлаушысы. Алдымен батыр­
лардың мық ты аттарын қолға түсіріп алып, Қырық қарақшы 
содан кейін елді шаппақшы»
53
.
«Қырыққарақшының жетеуі көрініп тұрады, өзгесі майда, 
көрінбейді. Жетеуі Ақбозат, Көкбозатты аламын деп оларға 
тақау тұрады. Қырыққарақшы – Жетіқарақшы маңында, ол 
да батпайтын жұлдыз...
Жетіқарақшының «құйрығындағы» үш жұлдыздың бі­
реуінің қасында бір бәсең жұлдыз зорға көрініп тұрады. Аңыз 
бойынша, бұл – жігіт (ұрылардың бастығы) алып қашқан 
Үркердің қызы.
Елге мәлім осы аңыз өлең түрінде де тараған...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет