«Философия» пәнінен соөЖ сабағына тапсырмалар Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы



Дата30.11.2023
өлшемі16,88 Kb.
#131349
Байланысты:
«Философия» пәні Асатай Асылжан


«Философия» пәнінен СОӨЖ сабағына тапсырмалар
Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы
1.Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы.
2.Жалпыұлттық және патриоттық «Мәңгілік Ел» идеясының нығайтушы құндылықтары.
3.Қазақстанның қоғамдық сананы жаңғыртуының негізгі бағыттары.


1)Бүгінгі күнгі жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия құрлығы мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. ХХІ ғасырда еуразиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан. Ендеше Еуразиялық идея Еуразия құрлығындағы мемлекеттер арасындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үдерістердің қайнар көзі, ендеше, аймақтық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады.
Аймақтық еуразиялық интеграция, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграциялық қауымдастығы олардың әрқайсысының ұлттық егеменділігі мен тәуелсіздігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін өте қажет. Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея мен әлемдік дағдарыстан шығудың көрсеткен қазақстандық жолы арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан еуразияшылдықтың, еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы өте зор. ХХІ ғасыр – оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еуразиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат құрған ғасыры болмақ.


2)Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген.
«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы. 
«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады.
Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары
1) Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана
Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.
2) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

3)Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда. Мәдениет руханияттың іргесі ажырағысыз құрылымы екені аян. Ал, кейінгі жылдары мәдениеттің ең негізгі өзегі рухани салада түбірлі жаңғырулар жүргізілген жоқ.


Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Бірінші бағыт – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі. Президент атап өткендей, бір жағынан – латыншаға көшудің терең тарихи логикасы бар, екінші жағынан – әлемде технология мен коммуникация дамуының заманауи ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан да қазіргі латын графикасы жаңа технологиялармен, компьютермен, цифрландырумен байланыстырылады. Осыған байланысты 2017 жылы мемлекеттік органдар қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиін әзірлеп, бекітті.
Екінші бағыт – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Қазақ тіліне аударылатын кітаптарды іріктеп алумен айналысатын Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары және танымал саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері бар. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды іріктеу бойынша Іс-қимыл жоспары жасалды.
Үшінші бағыт – «Туған жер». Бұл жобаның ерекшелігі – өңірлердің белсенді қатысуы, сонымен қатар, кәсіпкерлерді, меценаттарды және мүдделі азаматтарды тарту. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілген патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі. Жоба аясында 700-ден астам нақты жобалар іске асырылды, 320-дан аса жоба іске асырылып жатыр, бүкіл республика бойынша 150-ден астам жоба бастамаланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет