Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет15/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
Топан су туралы. Рух­иелік мифологияда әлемнің жаралуын 
баяндайтын мифтермен бірге дүниенің күйреуі мүмкін деген 
идеяны айтатын мифтер де бар. Жоғарыда Темірқазық туралы 
қазақ мифінде Темірқазық орнынан жылжыса, дүние бұзылады 
деп айтылатынын ескерттік. Ал ежелгі рулық қауымда өмір 


[
 
 47  
]
сүріп келген біраз жұрттың мифінде жерде жойқын тасқын 
болып, ел қырылғаны жөнінде айтылады.
Алғашқы қауым мифтеріндегі топан су –  әлемді  қайта 
жасаудың бастамасы емес, сондай­ақ жан­жануардың қай­
тадан көбеюі де, адамдар өмірінің жаңадан басталуы да емес. 
Бұл  мифтерде  космостық сипат жоқ. Топан  су әлемді басып 
кетпейді, ол – тұрғындардың өз маңайына
 
қаптап кеткен 
жойқын тасқын. Адамдар  тасқын  суда  жүзіп
  құрғақ, жерге 
жетеді, демек, тасқын бүкіл жер жүзіне жайылмаған.
Бұған қоса бір ескеретін жайт: мұндай мифтерде тасқын 
судан адам біткеннің бәрі құрып кетпейді, кейбір рулар
 аман 
қалады, олар тау ішіне немесе басқа жерге барып тығылады. 
Ал тасқыннан қашып, ағашты, тасты паналаған адамдар май­
мылға айналып немесе басқа бір кеңістікке түсіп кетеді.
Бұл айтқандарға қоса тағы бір мына жағдайға көңіл ау­
дармасқа болмайды. Кейбір мифтерде топан су әлемді жапқан 
емес, жай тасқын болып көрсетіледі де, оны ауыздықтау мүм­
кіндігі бар екені айтылады. Мұндай топан суды тоқтататын 
күш тек сиқыры зор шамандар екен.
Маңайды түгел басып кеткен жойқын тасқын туралы көне 
рулық миф кейін көпқұдайлық және бірқұдайлық мифологияға 
циклденіп енген кезде, әлемді жапқан топан су жайындағы 
мифке айналады. Оның жүйеленген үлгісі шумерлер мен вави­
лондықтар мифологиясында, ал классикалық түрі Библия 
мен Құранда кездеседі. Ойымызға дәлел ретінде алдымен 
алғаш қы қауым мифологиясындағы топан су туралы бірнеше 
шытырмаларды талдаймыз да, кейінірек, оларды көпқұдайлық 
және бірқұдайлық мифологиядағы текстермен салыстырамыз. 
Сонда біз рух­иелік мифологиядағы жасампаз қаһармандар 
мен шамандардың кейпін құдайлар, содан соң бір құдай ауыс­
тыратынын көреміз.
Сөзді мифтердің өзіне берейік:
«Бұрын, бұрын, есте жоқ заманда, жер бетінде жойқын тас­
қын болыпты. Көп адам опат болыпты. Су бүкіл жерді басып 
кетіпті. Тек Крижижинбе тауының ең биік шыңы ғана аман 
қалыпты. Каинганги, Кайюрукре және Каме деген үш тайпа ел 
сол шыңды паналау үшін сумен жүзіпті.


[
  48  
]
Әрбір адам малтып келе жатып, аузында тұтанған бұ тақ­
ты тіспен ала жүріпті. Олар осы оттың жарығымен қайда 
келе жатқанын байқайды екен. Бірақ Кайюрукре мен Каме 
тайпаларының кісілері шаршап, су түбіне кетіпті, ал олар­
дың жандары таудың ішіне кіріп, сонда орналасыпты. Каин­
гангілер мен тағы бірнеше Курупондықтар жаңағы Кри­
жижинге тауының шыңына жетіпті. Олардың бір бөлшегі 
шың ның қапталдарына, қалғандары ағаш бұтақтарына орна­
ласыпты. Олар бірнеше күн дәм таппай, енді аштан өлеміз­ау 
деп отырғанда, саракур деген құстар корзинкамен топырақ 
әкеліп, ән салғанын көріпті. Құстар топырақты суға тастай 
беріпті. Содан су аздап шегініп, кішкене құрлық пайда бо­
лыпты. Каингангілер құстарға: «Жылдамырақ істеңдер», – 
деп жалыныпты. Саракурлерге көмекке үйректер келіпті. Бәрі 
жабылып, топырақты төге беріпті. Содан бір үлкен жазық пайда 
болыпты. Каингангілер соған көшіпті. Ал, ағаш бұтақтарына 
жайғасқан Каингангілер маймылға айналып кетіпті...»
62
Бұл – рулық­тайпалық миф. Әр ру адамдарының сырт піші­
ніндегі, мінезіндегі ерекшеліктердің, тіпті тайпаның өзінің 
қайдан шыққанын баяндайтын мұндай мифтер кейінгі ру 
мен тайпаның, яғни, классикалық типтегі рулық қоғамның 
толық қалыптасқан тұсында пайда болады. Мұнда бұрынғы 
екі ағайынды адамның жасампаздығын енді шамандар ауыс­
тырған. Бүкіл пайдалы аң мен құсты бір рудың шаманы 
жасаса, зиянды аңдарды екінші рудың шаманы жаратады. Екі 
ағайындылар туралы миф шаман дар мифіне ауыса бастаған. 
Демек, миф қоғам дамуымен бірге жаңа сатыға көтерілген. 
Мұны осы мифтегі, сондай­ақ Латын Америкасының басқа 
жерлеріндегі индейліктердің топан су туралы мифінен 
байқау ға  болады.  Рас,  бұл  мифтерде топан су Библиядағы,  я 
болмаса, басқа көне жазбалардағы классикалық топан судай 
емес.  Мұнда  мемлекет пайда болғанға дейінгі сана мен мифо­
логияның заңдылығы білінеді. Ол – көне мифтің әлі жаңаша 
циклденбеуі, екінші мифологизациялау процесінің әлі бол­
мауы. Сол себепті мұнда құдайлар жоқ, олар адамдарды
 
топан 
су қаптатып жазаламайды. Мұнда су тасқыны болады, ал оның 
себебі айтылмайды. Бұл да  рулық­тайпалық мифтің тағы бір 


[
 
 49  
]
сипатының көрінісі. Сөзіміз дәлелді болу үшін осы тектес басқа 
мифтерді қарастырайық.
«...Сонда өте қатты жаңбыр жауды, ол түнімен құйды. Су 
жоғарылай берді, жоғарылай берді. Сол түні көп адам суға ағып 
кетті. Бірнеше кісі ғана пальма ағашына шығып аман қалды. 
Тасқараңғы, ештеңе көрінбейді. Олар су кетті ме, жоқ па
 
білу 
үшін пальмаларды жерге лақтырумен болды. Пальмалар суға 
күмпілдеп түсе берді. Қараңғыда адамдар  бір­бірімен бақа 
құсап бақылдап хабарласып отырды. Бірақ су толастамады. 
Ұзақ бақылдағандықтан адамдар бақаға айналып кетті»
63

Тағы бір мысал:
«Баяғы заманда бір күні су ернеуінен шығып кетіп, біздің 
жерімізді түгел басып кетіпті. Су көтеріле­көтеріле келіп, тау­
ларды да жауып кетіпті.
Елдер бір сұмдықтың болғанын көріпті. Олар биік жартас­
тарға шығып тығылыпты. Көбісі итбалық (тюлень) және 
құс болып кетіпті. Су кейін шегініпті. Итбалықтар мен теңіз 
құстары әлі күнге дейін жартастарда, жағалауда отырғанды 
ұнатады.
Ол ғаламат судың бізді басып кеткен себебі – біздің шамандар 
оның келгенін байқамай қалыпты. Олар суды ұстап алып, кері 
қайтаруы керек еді, бірақ олай істей алмапты.
Бір күні су қайтадан көтеріле бастапты, ол тағы да біздің 
жерді басып кеткісі келіпті. Бірақ бұл жолы шамандар оны 
дер кезінде сезіпті. Олар бәрі жиналып, сиқырларын түгел 
біріктіріпті. Ғаламат су мұндай құдіретті шамандарға шамасы 
жетпей, кері қайтыпты. Сол себепті адамдар мен жануарлар еш 
зиян шекпепті. Содан бері жер бетінде өмір сүріп жатыр»
64
.
Мысалға келтірген текстерде әдеттегі түсінікке саятын топан 
су жоқ. Мұндағы су – көп жаңбырдың яки тасқынның салдары. 
Яғни, Дж. Фрезер айтқандай, әр жерде болатын су тасқыны 
болуы да ықтимал. Ал күллі жаһанды басып, тірі жанның 
бәрін жоятын топан су туралы идея мен миф көпқұдайлық 
мифологияда пайда болады. Онда топан су – құдайлардың ісі. 
Құдайлар сол арқылы күпірлік істеген адамзатты жазалайды. 
Ал рух­иелік мифологияда тасқынға құдайлардың еш қатысы 
жоқ. Сондықтан оны шамандар қайтара алады, тіпті суды 
бөгеуге де адамдардың мүмкіндігі болады. Ендеше рух­иелік 
4­279


[
  50  
]
мифологияда тасқын су туралы миф бүкіл әлемдік сипатқа ие 
емес, онда эсхаталогиялық ой толық айтылмайды.
Мифтердің ең көнесінде әлемді, адамды, дүниенің бәрін 
жасаушы – аса бір жарқын қасиетімен көріне қоймайтын жа­
сампаз қаһарман. Кейін рулық­тайпалық кезеңнің мифтерінде 
жасампаз қаһарман қызметін ша мандар (бақсылар) атқарады. 
Мысалы, Латын Америкасының тропикалық ормандарында 
тұратын индейліктердің «Тасқын және өзендер мен адамдардың 
жаралуы» деген мифінде тасқын судан таудың ішіне кіріп, 
аман қалған тайпалардың екі шаманы бүкіл жан­жануарды 
жасайды: Кайюрукр шаман өшкен оттың көмірі мен күлінен 
ягуарды, одан соң құр күлден тапир деген аңды, құмырсқа же­
гішті, т.б. аң­құстарды жасайды... Ал Каме шаманы, керісінше, 
Кайюрукр жасаған аң­құсқа зиянды аңдар мен құстарды, т.б. 
жәндіктерді жаратады...»
65
Бұл шамандар кейінгі замандардың мифологиясында жақ­
сылықтың құдайына және жамандықтың қүдайына айналып, 
ізгілік пен зүлымдықтың таусылмас күресін туғызады. Бұл 
жағдай бергі дәуірде қалыптасқан бірқұдайлық мифологияда 
да сақталған. Ислам мифологиясында ізгіліктің иесі Алла 
болса, зұлымдықтың өкілі – Шай. Христиан мифологиясында 
да солай: Бог пен Сатана – бітіспес жау. Осы күрес кейін көркем 
әдебиет пен фольклорда, өнерде кең тыныста суреттеліп, адам 
өмірі – ақ пен қараның шайқасы ретінде түсіндіріледі.
Жалпы, рух­иелік мифология тудырған көптеген түсініктер, 
идеялар, сюжеттер мен кейіпкерлер өзгерген,
  дамыған түрде 
қазіргі заманның әдебиеті мен өнерінде жаңғырып, жалғасын 
табуда. Бұл істің бастамасы көпқұдайлық мифология қалып­
тасқан кезде етек алған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет