Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет44/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Атам атын сұрасаң,
Ала тайлы Аңшыбай.
Баба Түкті Шашты Әзіз –
Аңшыбайдың баласы.
Шашты Әзіздің баласы –
Парпария сұлтан хан еді.
Өз әкемді сұрасаң,
Құттықия бек еді,
Өзім атым Едіге
34
.
Немесе:
Арғы атам еді Қарадөң, 
Он бесінде тақ алған, 
Алла беріп бақ алған.
Он сегіз жасқа келгенде, 
Жұбаныштай ұл туған. 
Жұбаныш сынды батырдың 
Баласы еді Сүйініш,
35
 –
дейді Тана батыр.
Батырлардың бұлай жеті атасын мақтан етуі, сөз жоқ, 
біріншіден, эпос қаһармандарының өзін­өзі көтермелеуінен 
болса, екіншіден, қазақтың жеті атаны білу салтынан екені 
даусызяғни «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген түсініктің 
салдарынан. Осы себепті де «Қырымның қырық батырында» 
ұлы қаһармандардың кем дегенде жеті ұрпағы қамтылады. 
Фоль клор поэтикасына сәйкес олар күші мен ерлігі жағынан 
бір­бірінен кем емес, қайта кейінгі буын алдыңғысынан 
мықтырақ болып көрінеді. Өйткені ол – әкесінің  кегін қай­


[
 
 171  
]
тарушы ғана емес, оның ісін жалғастырушы,  елін­жұртын, 
шаңырағын қорғаушы. Рас, жеті ұрпақтың  бәрі бірдей алып 
күштің иесі емес, олар әр түрлі. Біреуі – әкесіне тартқан ержүрек 
болса, екіншісі – перизаттан туған ерекше адам. Бір қызығы – 
олардың көбісі жастайынан жетім қалып, қуғын­сүргін көреді, 
кейбіреуі әл­қуаты азайған, кедейленген, жалғыз қалған, кәрі 
батырдың үйінде туып,  көп қиыншылық көріп өседі. Бұлай 
болудың себебі, сөз  жоқ, фольклордың нашарды жақтайтын 
эстетикасы, әлсіздер мен бейшараларды аяйтын, аялайтын, сол 
арқылы өмірдегі әділетсіздікті жоюға тырысатын әлеуметтік 
утопиясы.  Соның арқасында кешегі «балтыры қотыр, басы 
таз» жетім бала ел қорғаны болып шыға келеді. Мысалы бүкіл 
Қырым батырларының бабасы Аңшыбайды алайық:
«Аңшыбай батыр үш жасына келгенде, шешесі өліп, жетім 
қалады. Төрт жасына келгенде, әкесі өледі. Панасыз жетім 
қал 
ған баланы ауылдағы балалар ауылға келтірмей қуып 
жіберетін еді далаға. Сонда Аңшыбай жыңғылдан жақ, оқ 
жасап алады да, «балалық құрысын» деп қаңғырып жүріп бір 
тоғайға тап болады. Тоғайдың ішінде бір алақандай көл  бар 
еді. Соның бетінде шіл, үйректер болатын. Соларды атып алып 
отқа қақтап, пісіріп жеп жата береді. Шіл, үйрек деген ұсақ құс 
болатын. Сол тоғайда алты жыл өмір сүріп жата берді. Жасы 
онға толады. Әжептәуір жігіт бола ды»
36
.
Әрі қарай Аңшыбайдың осы көл жағасында екі пері қызына 
жолығып, соларға үйленбек оймен еліне барғандағы жағдайы 
былай суреттеледі:
Ноғайлының шетіне 
Аңшыбай бір күн жетеді. 
Қыздардың айтқанын 
Өзіне үлгі етеді. 
Ер мырзаның үйіне 
Аңшыбай барды қыдырып. 
Ешкім қарсы алмады 
«Бауырымдап» жүгіріп.
«Ноғайлы елім, сен, – деді. –
Жігіт болдым мен, – деді. –
Алайын әйел мен», – деді. 


[
  172  
]
Сонда шошып ноғайлар:
«Маңайымнан кет, – деді, – 
Баратын жеріңе жет, – деді. –
Қаңғырып жүрген сендейлер
Ел ішінде көп», – деді.
Бір жан тамақ бермеді
Көздеріне ілмеді, 
«Жоғал, залым, сен», – деді. 
Сонда тұрып Аңшыбай 
Төбеге қарай кетеді. 
Жалғыздық түсіп есіне, 
Жер-жебіріне жетеді. 
Ол төбеге барған соң, 
Жалғыз ағаш қағады, 
Көзінен жасы ағады, 
Өксіп-өксіп жылады. 
Мұңын кімге шағады...
37
Осындай жетімдік пен жалғыздықты Аңшыбайдын шөбересі 
Құттықия да, оның баласы Едіге де бастан кешіреді. Жетімдік 
қасіретін Қарасай мен Қази да тартады. Осылай өскен батыр 
еш кек сақтамайды, өйткені ата жолын қуып, оның ісін 
жалғастыру – әр батырдың қасиетті борышы, оны эпостың өзі 
де айтады:
Қиссасы Аңшыбайдың тәмам болды, 
О кезде жаугершілік заман болды. 
«Ата көрген оқ жонар» дегендейін 
Немересі бастады талай қолды.
38
Расында да, жырда Аңшыбайдың ерлігін жалғастырушы 
болып оның немересі Парпария суреттеледі. Ал Аңшыбайдың 
баласы кім екені жайында эпоста ештеңе айтылмайды. Тек 
қана «Парпарияда» мынандай дерек бар:
«Парпарияның әкесі Баба Түкті Шашты Әзіз әулие болған 
кісі екен. Өзінің мешіті бар, тақуа. Одан Парпария жалғыз 
болып туады»,
39
 – делінеді.


[
 
 173  
]
Бұған қарағанда Аңшыбайдың баласы – Баба Түкті Шашты 
Әзіз болғаны ғой. Мұны жырдан да, дәлірек айтқанда, Баба 
Әзіздің өз сөзінен анық байқауға болады. Ол елге жау келгенін 
естіп, баласына былай дейді:
«Түрегел, балам, сен, – деді, 
Тілеймін соны мен, – деді. 
Еліңді жау шапқанда, 
Жедел жеткенің жөн, – деді. 
Шамаң жетсе, жан балам
Жіберме кекті сен, – деді. 
Артынан қуып жет, – деді, 
Ерлерше қайрат ет, – деді, 
Қолыңа түскен қалмақты 
Жермен-жексен ет, – деді. 
Сенің атаң – Аңшыбай 
Жаудан сағы сынбаған, 
Еліне біткен қалмақтан 
Кегін алмай тынбаған. 
Сол атаңа бара кет 
Ақ батасын ала кет...»
40 
Бұл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет