Күні: 1- тапсырма «Абай аға»



бет1/2
Дата09.04.2023
өлшемі22,55 Kb.
#80727
  1   2

11 « » сынып «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 3-бөлім. Ғасырлық туынды «Абай аға» «Кек жолында» «Қоршауда»
Оқушының аты-жөні -----------------------------------------------------------------------
Күні:


1- тапсырма «Абай аға»
Үзіндіні мұқият оқыңыз. «Шоң» сөзінің қайдан шыққандығын, көтерілген мәселені және автор көзқарасын саралап, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеп жазыңыз. Үзіндідегі лиро-эпостық жырдың тарихын ашыңыз.


...Бұлар барлығы кеп Абайдан төрелігін сұрайды. Сонда Абай күліп: «Қазақта Шоң деген кісі аты бар. Кісі болғанда да шешен адам. Бұл сөз Ұлы жүз, Үйсін ақындары ырғақтарында кездесіп отырады. Түбі қазақтың сөзі емес, қырғыздікі болар деп топшылаймын. Кәкітай сендерді мықтап жеңіп кетті. Оның тоңдым, оңдым дейтін ұйқасқа айтқан шоң-ы өлеңге ажар беріп тұр» дейді. Абайдың зілсіз әзіліне бәрі мәз боп күліседі.
Осыдан кейін топтан озып кеткен Абай кішкене бір төбешікке қарай бұрылады. Сонда ғана барлық аттылар томпайып жатқан ескі моланы көреді. Бұл ескі моланың тарихын ешкім білмеуші еді. Оны Абай айтып береді. "Бұл жерде жатқандар — қос ғашық Еңлік пен Кебек. Жүз жыл бұрын екеуін махаббаты үшін осындағы көбіміздің атамыз Кеңгірбай ат құйрығына байлап өлтірген" дейді ол. Үнсіздіктен соң Абай айналасындағыларға қарап: «Еңлікті буындырған арқан түйінінде көп шер бар емес пе? Осы моланың сырын ел-жұртқа жаятын шақ жетті. Қызығатының бар ма?» деп сауал тастайды.


2- тапсырма. «Кек жолында»



  1. Үзіндіні мұқият оқыңыз. Әке мұңының себебін ашыңыз.Ой түйін жасаңыз.



Бұл күнде қайғылы әке Қаумен де жоқ.Ол былтырғы қыста ұзақ ауырып жатып қаза тапты.Үш бірдей арысы-үш ұлынан тегіс айырылған соң,қалың құса басып, қатты шөгіп кетіп еді.Бірде-бір баласына «туған жерден біруыс топырақ та бұйырмады» деп,қамығатын.Ол былтыр,қайтыс болар алдында үш күн бойы Оралбай мен Базаралы атын аузынан тастамады. «Жетем,қазір жетем,жан балам!» деп, қамығатын.Дәл үзілер шағында сол сөздерді ақырын сабырмен бастап,үнсіз қыбырмен аяқтаған. Шерлі ата Базаралыны да ,көптен хабарсыз кеткен соң,өлдіге санап көз жұмыпты.



  1. Кестені толтырыңыз




Бөлімнің негізгі идеясы

Көтерілген мәселе

Автор көзқарасы

Үзіндідегі көркемдегіш құралдар (мысалмен)







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет