Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет51/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88
Мұнан соң қилы-қилы заман болар
Заман азып, заң түзіп, жаман болар. 
Қарағайдың басына шортан шығып, 
Балалардың дәурені тәмам болар. 
О күнде қарындастан қайыр кетер, 
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер. 
Ұлың, қызың орысқа бодан болып, 
Қайран ел, есіл жұртым сонда нетер?
1
Бұл сөз айтылып отырған кез – XV ғасыр. Тарихтан белгілі: 
XIV ғасырдың соңында Алтын Орда ішкі алауыздықтан әл­
сіреп, өзіне бағынышты Русьтен алғашқы соққы ала бастаған 
болатын. XV ғасырда Мәскеу Русі орыс жерлері мен князьдерін 
бір тудың астына топтастырып, күш жинап, үлкен мемлекетке 
айнала бастаған­ды. Ол ыдырап бара жатқан Алтын Ордаға 
азуын көрсетіп те үлгерген еді. Ал үш жүз жыл бойы Азия 
мен жарты Еуропаны билеген Алтын Орда бірнеше хандыққа 
бөлініп, өзара қырқысуға түскен­ді. Соның салдарынан олар 
үлкен күшке айналып келе жатқан Мәскеу Русіне бірінен 
соң бірі оп­оңай олжаға түсіп жатты, Азаудан, Еділден, т.б. 
жерлерден айырылып үлгерді. Міне, соның куәгері болған 
Асан ел тағдырын ойлап күңіренеді, елді басқарған хандардың 
жақындап келе жатқан қауіпті сезбейтініне күйінеді:
Аңдып жүрген көп дұшпан
Елге жау боп келеді... 
Мұны неге білмейсің? .. 
Арасынан қытай, орыстың,
Қорғаныс ап, тыныш жатырсың, 
Өзің, Жәнібек, елден асқан батырсың! 
Ертісті өрлеп орыс жүр, 
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр... 
Орыс алар қалаңды, 
Шулатар қатын, балаңды. 
Осыны көрдім түсімде, 
Біл десе де, білмейсің
2
 ...


[
 
 207  
]
Жәнібекке арнап айтқан толғауларында Асан өзі қанша 
жақсы көріп, колдап жүрсе де, әміршісіне қатал сыншы 
ретінде сөйлеп, оның кейбір іс­әрекетін жақтамайтынын ашық 
көрсетеді. Ақиқатына жүгінсек, Асан жырау Жәнібек ханға 
оппозициялық сыңай білдіреді. Ол Ноғайлы дәуіріндегі өмірді 
елге жағымды, халықтың бақытты тұрмыс кешкен заманы етіп 
суреттейді, ол уақыт пен қоғамды өзінің мезгілі мен қауымына 
қарсы қоя бейнелеп, қазақ пен ноғайлардың бірге жасаған 
тұсын «алтын шақ» еді деп, дәріптей жырлайды:
Қырыңда киік жайлаған. 
Суыңда балық ойнаған. 
Оймауыттай тоғай, егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын ... 
Еділ менен Жайықтың 
Бірін жазға жайласаң, 
Бірін қыста қыстасаң, 
Ал, қолыңды маларсың 
Алтын менен күміске
3
.
Асан Сәбитұлының жырау ретінде Жәнібек ханға сын көзбен 
қарағандығы ел арасында Асан туралы, оның Жәнібекке 
наразы болғандығы жөнінде, сөйтіп, ел­жұрт үшін «құтты 
қоныс» іздегендігі жайында әлеуметтік­утопиялық аңыздар 
мен әпсаналар тууына үлкен себеп әрі негіз болған. Бұл әп­
саналар Асанның Жерұйықты іздеп, жер жүзін шарлағаны, 
бірақ өзі ойлағандай елге жайлы есіміне мекенді таба алмай
өмірден қайғырып, өткені туралы әңгімелеп, Асанға «қайғы» 
сөзінің қосылуын, сөйтіп, ол «Асан Қайғы» аталуының себебін 
өзінше түсіндіреді.
Ал жырау Асанның өмірі де, поэзиясы да сол тұстағы 
Дешті­Қыпшақ даласында өткен әрі жасалған. Оның поэзия­
сы – өз дәуірінің айнасы іспетті, сол кезеңнің тынысын айқын 
сездіреді. Асанның толғауларындағы ең басты ерекшелік 
әміршіні дәріптеудің жоқтыгы, панегирика сипатының бол­
мауды. Асанның бұл ерекшелігі кейінгі жырауларда да басты 
белгіге айналады, алайда ХVІ­ХVІІ ғасырлардағы жыраулар 
поэзиясы панегирикадан құралақан да емес.


[
  208  
]
Асан толғауларында хас поэзияға тән дыбыс үндестігі (ас­
сонанс пен аллитерация), синтаксистік және психологиялық 
параллелизмдер, тұспалдау, шендестіру, анафора, эпи 
фора 
ұйқастары сияқты көркемдеу мен бейнелеу құралдары, әдістері 
аз емес. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет