Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет50/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ – 
АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Он бесінші ғасырдың ортасында пайда болған Қазақ хандығы 
ұлттық мәдениет пен әдебиеттің өрістеп­өркендеуіне орасан 
ықпал етіп, ерекше жағдай жасады. Алтын Орда заманында 
ертеден бері жалғасып, ары қарай дами түскен жалпытүркілік 
руханияттың мұрагері ретінде қазақ халқы мен мемлекеті 
енді бұрынғы бабалардан қалған мирасты сақтап қана емес, 
оны байытып, жаңғырта дамытуға міндетгі болып, соған күш 
салды. Бұл дәуірдегі мәдениет өзінің түр­сипаты, мазмұны 
мен тақырыбы жағынан алуан түрлі болды. Мұнда ежелгі 
мифологиялық аңыздаулар мен кейінгі заманда пайда болған 
фольк лорлық шығармалар, орта ғасырларда күллі Шығыста 
дәстүрге айналған қолжазба кітаптар мен тарихи­шежірелік 
туындылар, халықтық музыка мен ойындар, сондай­ақ ұлт­
тық қазак әдебиеті мен шешендік өнер – бәрі қатар, араласа, 
сабақтаса ғұмыр кешіп жатты. Әсіресе, ауыз әдебиеті ай­
рықша дамыды. Оның басты себебі, Қазақ хандығындағы 
болмыстың өзі мен мемлекеттік құрылымның өзгешелегі еді, 
яғни көшпелі өмір мен отырықшы тұрмыстың, бақташылық 
пен диқаншылықтың қатар болып, жарасымды дамуы сол 
тұстағы рухани өмірдің алдыңғы сапына өзіндік сипаты мол 
ауыз әдебиетін, дәлірек айтқанда, жыраулар поэзиясын және 
шешендік өнерді шығарды.
Ауыз әдебиеті дегенде, бұл жерде фольклор туралы сөз 
бол мауы керек. Фольклор – атам заманда туып, авторы жоқ, 
бірден­бірге айтылып, ұрпақтан­ұрпаққа жеткен ауызекі 
шығармалар екені белгілі. Ал «ауыз әдебиеті» деген ұғым орта 
ғасырлардағы Қазақстан үшін кәдімгі кәсіби жазба әдебиет 
рөлін атқарған туындыларды білдіреді. Оның фольклордан 
басты айырмашылығы – авторлық болуы, мәтіннің біршама 
тұрақтылығы, шығарма мазмұнының нақтылығы, оның кімге 
арналғанының (адресаттың) белгілі болуы, сондай­ақ шығарма 
стиліндегі даралық сипат пен автордың «мені» көрініс бере­
тіндігі. Мұндай ауыз әдебиетін жасаушылар ол кезде, негізінен, 
жыраулар мен шешендер (билер) болды.


[
 
 201  
]
Жеке отау тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV­
XVI ғасырларда ең басты мәселе – жаңа құрылған «мелекетті 
күшейту мен қорғау болды. Бүкіл қоғамдық ана, елдің аңса­
ры – ұлттық тұңғыш мемлекетті сақтап қалу болды да, күллі 
әлеумет, халық, қоғам ендігі жерде жұмылдырып, бір жеңнең 
қол, бір жағадан бас шығаратын, барлық рулар мен тайпаларды 
бір орталыққа қаратып, ішкі алауыздықты тыятын, яғни елдің 
қамын жеп, ел үшін аянбай еңбек ететін әмірші керек екенін 
жақсы түсінген болатын. Сондықтан ақылды да абыройлы хан 
керек деп ойлады. Халық арасындағы, қоғамдық санадағы бұл 
пікірді, осындай этатикалық идеяны, хандық идеологияны 
барынша сақтап, елді соған үгіттеуге ерекше күш салған 
қайраткерлердің ішінде жыраулар мен шешендер өздерінің 
құдіретті сөзімен де, үлгілі ісімен де ең басты роль атқарды, 
іске орасан еңбек сіңірді.
Жыраулар кім еді? Олар нені көздеді, қандай мақсат тұтты? 
Жыраулар – хан сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақыл­
гөйі, мемлекеттің бас идеологы, елдің ақылшысы, қолбасы әрі 
дауылпаз ақын бола білді. Олар Хан Кеңесінің белсенді мүшесі 
болған, мемлекетті басқару ісіне тікелей қатынасып, саяси, 
әскери, қоғамдық мәселелерді шешуге араласып отырған. 
Соғыс кезінде жыраулар әскери Кеңесте жанның жеке өзіне де 
өз ойын ашық айтып, ақыл беріп, болжау жасаған. Қиян­кескі 
ұрысқа түсер алдында жауынгерлерге арнап жыр толғаған, 
олардың намысын қайрап, рухын көтерген. Тіпті қажет 
болған жағдайда өздері де шайқасқа қатысып, ерліктің үлгісін 
көрсеткен, сондықтан жыраулардың біразы қолбасы да болған, 
тайпалар мен руларды да басқарған. Жыраулардың көбінесе 
әрі суырыпсалма ақын, әрі батыр, әрі данагой және сәуегей 
болып келуінің себебі сол тұстағы Қазақ хандығының өмір 
салты мен тұрмыс­тіршілігінің көшпелі­бақташылық болуына 
және ұдайы жаугершілікті басынан кешіруіне байланысты еді.
Жалпы, қазақ жырауларының тегі тарихи, қоғамдық және 
рухани тұрғыдан алғанда сонау Түркі қағанаты заманына 
меңзейді. Әйгілі Иолығтегіннің жазбалары оның Күлтегін, 
Білге қаған мен Тоныкөк уақытында елдің бірлігін көксеп, 
бек пен қоғамның атақ­абыройын ардақтаған жырау екенін 
дәлелдейді. Сол сияқты оғыздар дәуіріндегі Қорқыт ата, одан 


[
  202  
]
бертіндегі Шыңғыс хан тұсындағы Кетбұға (Ұлық жыршы), 
Алтын Орда кезіндегі Сыпыра – бұлардың бәрі XV­XVI ға­
сырларда тарихи аренаға шыққан қазақ жырауларының арғы 
түп­тамыры, бастауы еді. Қазақ жыраулары ежелгі ұстаз­
дарының дәстүрін толық сақтап, әдебиетті өз дәуірлерінің та­
лап­талғамына, болмысына сәйкес тақырып пен мазмұн, түр 
жағынан байыта түсті. Бір кезде бүкіл түркі халықтарында, 
олардың тарихтарында, рухани ғұмырында зор роль атқарған 
жыраулар орта ғасырларда тек Қазақ мемлекетінде ғана өзінің 
әлеуметтік­саяси, мәдени қызметін сақтап, бертінгі жаңа 
дәуірге, яғни XIX ғасырға дейін жеткізді. Бұл – жыраулық өнер 
тәуелсіз көшпелі­бақташылық мемлекетте ғана болатындығын 
дәлелдейтін заңдылық. Өйткені, қазақтан басқа түркі елдері 
XV­XVІ ғасырларда бірі тәуелсіздігінен айырылып, бірі 
көшпелікті қойып, біржола отырықшылыққа ауысып, басқа 
идеология мен мәдениет жасады, ал енді біреулері өз мемлекетін 
құра алмады. Міне, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, ордалы 
мемлекет құрған қазақ халқының рухани өмірінде байырғы 
жыраулық дәстүр мен әдебиет қайта жаңғырып, жаңа санада 
көрінді.
Қазақ жыраулары жаңадан құрылған мемлекеттің күшті, 
хан билігінің мықты болуын көздеп, сол кезеңдегі әдебиетті
күллі мәдениетті мемлекетке, ханға қызмет еткізді. Олар 
өздерін әміршінің, мемлекеттің қызметшісі деп білді, сол 
себепті хандықтың идеологына айналды. Ханның ақылгөй 
кеңесшісі, бас саясаткері болғандықтан жыраулар тек қана 
үлкен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша толғаған 
да, өз сөздерін тікелей әміршіге арнап айтқан. Олар әдетте 
елді абдыратқан, толғантқан жағдайлар мен төтенше оқиғалар 
кезінде сөйлеген. Сондықтан жырауларды әмірші де, халық та 
аса қадір тұтып, олардан хан да, халық та ел дағдарған немесе 
бүліншілік болған шақта я болмаса елге жау тигенде ақыл­кеңес 
сұраған. Жыраулар мұндай сәттерде жұртшылыққа тоқтау 
айтып, болып жатқан оқиғаға не месе жағдаятқа өз бағасын 
берген, өткенді еске түсіріп, бүгінін сипаттаған, болашақты 
барлаған. Өз заманы мен бұрынғы уақытты са лыстыра толғап, 
дәуір туралы, қоғам жайлы, ел мен әмірші жөнінде нақылды­
пәлсапалық ой түйіндеген.


[
 
 203  
]
Сонымен бірге жыраулар шығармашылығында әміршіге 
билеушілерге қарсы, оппозициялық ой­пікірлер де айтылған
Қажетті жерде жыраулар хан мен сұлтандарға олардың халық­
қа жағымсыз кейбір қылықтары мен байлам­шешімдеріне 
наразы болып, өздерінің келіспейтінін ашық айтып отырған. 
Тіпті кей тұстарда жыраулар өз әміршісін сынға да алатын 
болған. Олай болатын себебі – біріншіден, жыраулардың көбісі 
қай жағынан болса да хан­сұлтандармен терезесі тең ақсүйектер 
тұқымынан шыққандығы; екіншіден, олардың әміршіге, 
мемлекетке деген адалдығы; үшіншіден, жыраулардың ел 
арасындағы орасан биік беделдігі; төртіншіден, көшпелі 
хандық мемлекетіндегі «өзін
  
дік демократияның» болғандығы; 
бесіншіден, қазақ қауы мында «Өнер алды – қызыл тіл» деп 
бағаланып, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағида­
шарттың мық тылығы еді.
Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып Қазақ хан­
дығын құраған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі 
жене мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін арт­
тыру болды. Ал мұның өзі жыраулар поэзиясында ең мәнді 
де, маңызды етіп қаһармандықты, елінің тәуелсіздігі мен 
мемлекетінің нығаюы үшін жан аямай күрескен батырлар 
мен қайраткерлерді мадақтап, көтермелеп жырлау дәстүрін 
қалыптастырды. Сөйтіп, жыраулар өз шығармаларында 
идеал ды  әміршінің бейнесін жасады, сонымен қатар адамдар 
жоқ 
шылық көрмей, бақытқа кенелген утопиялық қоғамды 
суреттеді. Өздерінің монолог түрінде айтылатын толғаула­
рында жыраулар маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар 
за ман мен қоғам, адам мен заман, тұлға мен тобыр, сондай­
ақ иман дылық пен қайырымдылық, өмірдің өткіншілігі мен 
адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқты 
моральдық, этикалық, пәлсапалық проблемаларды көтеріп, 
қоғаммен бай ланыстыра жырлап отырды.
Жыраулар поэзиясы үш түрде жасалған: толғау, арнау, 
ма дақтау. Алайда, ең жиі қолданылатыны – толғау. Тол ­
ғау – алуан түрлі тақырыптағы, философиялық ойға, дидак ­
ти 
ка мен моральға, т.б. мәселелерге арналған лирика 
лық 
шығарма. Оның өлеңдік кестесі, ұйқасы, шумағы әрқашан 
біркелкі болып келмейді. Сондықтан онда тұрақты буын мен 


[
  204  
]
бунақ, үйреншікті тирада мен ұйқас сирек кездеседі де, көп 
ретте ырғақ басты роль атқарады. Оның себебі – толғау дүйім 
жұрттың алдында төтенше жағдайда байланысты қолма­
қол шығарылып, сол жерде ауызша айтылатындығы еді 
және айтылған шақта ері елді жалықтырмау, әрі тез әсер ету 
мен жаттап алуға ыңғайлы болу мақсатын көздейтіндігі еді. 
Айтылу ситуациясы мен тақырыбына байланысты шумақ 
бірде көлемді, бірде шағын, үйқасы кейде шұбыртпалы, кейде 
аралас, көп жағдайда анафора түрінде болып келеді. Сондай­
ақ буын саны да біресе 7­8, біресе 11, енді бірде 15, тіпті одан 
да көп болуы, ассонанс пен аллитерацияның жиі қолданы­
луы – толғау үшін табиғи және бұл жағдай оны өлең (қара өлең) 
мен жыр түрлерінен оқшауландырып тұрады. Эмоциялық­
экспрессивтілік мақсатты тұтынғандықтан толғау да психо ло­
гиялық параллелизм, қайта лау, кей уақытта дыбыс қуалау­
шылық пен формулалық та кең пайдаланылады. Жалпы 
поэзияға тән теңеу, шендестіру, әсі релеу, кон траст тәрізді көр­
кемдік әдіс­тәсілдер де толғауға жат емес.
Жыраулардың толғауларында кейіпкерлермен бірге автор­
дың «мені» көрініп отырады. Толғау көп жағдайда бірінші 
жақтан («мен») айтылып, автордың көтеріп отырған мәселеге 
немесе тақырыпқа өз көзқарасын, өз қатынасын тікелей көр­
сетеді. Сол себепті кейбір толғауларда биографиялық сипат 
болады, ал енді бір шығармаларда автор өзін суреттеп, тіпті, 
өз бейнесін (кейде портретін) сомдайды. Солай бола тұрса да, 
жырау өз мүддесін ел тағдырынан жоғары қоймайды, өзін 
қанша көтермелеп айтса да, әміршісінен жоғары апармайды, 
қаншалықты «мен» дегенмен халықтың қамқоры екенін 
ұмытпайды, халық пен өзін біртұтас сезініп, халық атынан 
сөйлейді, сондықтан да оның сөзі өтімді, өзі беделді әрі елге қа­
дірлі.
Дербес мемлекет болып, Қазақ хандығы құрылған кезде­
гі осындай аса беделді де көрнекті жырау болған қайрат­
кер – Асан Сәбитұлы (Ел арасында және дерекнамаларда оны 
Асан Қайғы деп атаған). Асан Сәбитұлы шамамен 1370­1380 
жылдарында  Еділ жағасында дүниеге келген. Оның әкесі 
халықтың құрметіне бөленген, аты көпке әйгілі құсбегі болған. 
Елдің ардақтысы болған Сәбит баласы Асанға өз заманы үшін 


[
 
 205  
]
айтарлықтай білім берген. Өзінің білімділігі мен біліктілігі, 
таланты мен талабының арқасында Асан бірте­бірте көзге 
түсіп, жүртшылыққа танымал болады да, ақыр аяғы хан са­
райынан бір­ақ шығады. Кейбір мәліметтер бойынша, Асан 
Ұлық­Мұхаммед ханның ең жақын, ең сенімді ақылшысына 
айналады, соның құзырында адал қызмет етеді. Тіпті, ордада 
аласапыран төңкеріс болып, Ұлық­Мұхаммед тақтан қуылғанда 
да Асан сүйікті әміршісінің қасында болады, сонымен Ұлық­
Мұхаммед қайтыс болған соң Асан қайтадан өз еліне, Дешті­
Қыпшаққа келеді.
Ол Дешті­Қыпшаққа оралған шақта үлкен тақ үшін талас­
тың үстінен шығып, сол оқиғаларға қатынасады. Әбілқайыр 
хан мен Жәнібек, Керей сұлтандардың саяси айқасы кезінде 
Асан ханның оппозициясын қолдайды, тіпті Жәнібек пен 
Керейдің кейбір іс­әрекеттерін жақтырмаса да, олардың кү­
ресін әділдік деп танып, жеке Қазақ хандығын құрғандарын 
орынды деп біледі. Дүниеден өткенше Асан осы сұлтандардың 
қасында болады. Бұл 1455­1465 жылдар аралығы еді.
Асан Сәбитұлы әдеби мұрасынан бізге көп нәрсе жеткен 
жоқ, ал мирас болып келгендерінің дені – толғаулар. Оларда 
көтерілген проблемалар – өмір, тіршіліктің мәнісі, халық 
тағдыры, қоғам жағдайы, хан мен қарашаның, әмір мен ха­
лықтың арақатынасы. Аз да болса өте мәнді толғаулардың 
ішінен, әсіресе ел арасына кең таралғаны, әрі өзінің әлеумет­
тік мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрғаны – жыраудың 
Жәнібек ханға қарата айтқан «Ай, хан, мен айтпасам, біл­
мейсің!» және «Қырында киік жайлаған» деп аталатын толғау­
лары. Аталмыш шығармаларда Асан халықтың мүддесі, елдің 
бірлігі, жұрттың тағдыр­талайы туралы айтып, сол тұрғыдан 
сөйлейді, ханға ата­мекені мен елдің болашағы жайында өз 
ойын қымсынбай ашық, жырауға тән мінезбен толғайды. 
Жәнібектің Қазақ хандығын құрғанын қолдағанмен, Ноғай 
ордасынан мүлде қол үзіп кеткенін жақтырмайды, өйткені 
Асанның ойынша, Но ғай – Қазақ ордасы – бір ел, бір жұрт, 
демек, олар ынтымақта өмір сүруге тиіс. Олай болмаған күнде, 
халық басына бодандық түсу қаупі бар екенін сезеді, соны 
ашық айтады.


[
  206  
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет