Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет48/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Еділ-Жайық бойында, 
Боғданың бергі жағасы,
Хантөрткүлдің басы еді
Мұсаханның салған қаласы
51
,–
деп, эпос жаңа мекеннің пайда болғанын хабарлайды.
Ал енді Аңшыбай батырдан бастап «Қарасай­Қазиға» дейін­
гі жырларда кездесетін жер атаулары мыналар: Қырық таң­
балы Қырым, Ағрабат шаһары, Қызылқұм, Үш Бөкенбай, 
Қарамая шыңы, Кеңарал даласы, Үшқиян, Еділ, Жайық, 
Боғда, Хантөрткүл қаласы, Оқ, Балқан, он екі баулы Ұрым, 
Шам шаһары, Мысыр, көне Үргеніш, Хиуа, Сарыат көлі.
Аталған топонимдер ұлан­байтақ кең алқапты алып жатыр. 
Олардың көпшілігі Ноғай ордасының әр түрлі қатынаста 
болған өлкелерді меңзейді, сол жерлерді мекендеген елдермен 
ноғайлардың бірде тату, бірде араз өмір сүргенінен хабар 
береді. Бірақ эпопеяда ол халықтардың аты үшеу­ақ: ындыс, 
қызылбас, қалмақ. Демек, оқиғалардың географиясын алуан 
түрлі етіп көрсеткенмен эпос барлық батырын бір Қырымға 
топтағаны сияқты оқиғалардың өзін де, ноғайлардың 
жауларын да кейінгі мезгіл тұрғысынан қарап (мүмкін 
көмескіленуінің салдарынан да), өзгертіп жіберген. Сондықтан 
13­279


[
  194  
]
да Қырым батырлары қайда барып, кіммен со ғысса да, оның 
жауы, ең алдымен, қалмақ болып шығады, содан соң ындыс 
пен қызылбас көрінеді. Әрине, бертінгі шанның жаһангерлері 
бұрынғыларды ығыстырып немесе алмастырып жіберген. Тіпті 
Шаппазхан да (шах Аббас), Сәтемір де (Ақсақ Темір), Оспан 
да (Оспан сұлтан), Өгіз де (Оғыз хан) қалмақ болып кеткен. 
Фольклорда мұндай бола береді, өйткені тарихи тұтастанумен 
қатар уақыт пен жыршының әсерінен кісі аттары, олардың 
өмірі мен іс­қимылы, оқиғалар көмескіленіп я болмаса 
шатасып кетуі әбден заңды кейбір жайттар, кісілер ұмытылып 
қалуы да мүмкін. Айталық, «Қырымның қырық батыры» 
жырында Мұсахан Нұрадынның баласы болып бейнеленеді, ал 
тарихта Мұса – Нұрадынның немересі. Ортадағы Оқас түсіп 
қалған. Ол – Мұса мен Жаңбыршының, Асанның (Хасан ) әкесі. 
Сондай­ақ эпоста Орақ пен Мамай – Мұсаханның баласы болса 
тарихта олар – Мұсаның немересі. Олардың әкесі – Алшағыр, 
бұл да эпос циклінен түсіп қалған.
Жалпы, «Қырымның қырық батыры» тарихи тұтастану 
барысында өмірде болған адамдармен қатар жырға шежірелік 
сипат беру мақсатымен өмірде болмаған кісілерді де сюжетке 
енгізген. Эпопеядағы «Едігеге» дейінгі батырлар – тарихта 
белгісіз, тек Құттықия туралы болжамдар бар. 
Сонымен, енді ойымызды қорытайық. Аса көрнекті фольк­
лорист В.Я. Пропп 1957 жылы орыс эпосын зерттеген еңбегін­
де фольклордағы тұтастану мәселесіне қатысты бы лай деп 
жазған еді.
«Фольклористикада «цикл» деген сөз әр түрлі мағынада тү­
сініледі.
1. Цикл деп бір әміршіге қызмет ететін батырлар туралы 
өлең­жырларды айтады. Өлең­жырлардың сюжеті ылғи да 
бір­бірімен байланысты бола бермейді, әр жыр өзінше, бас­
аяғы біртұтас шығарма: соған қарамастан бір қызметке бай­
ланысты болғандықтан жырдағы батырлар бірін­бірі біледі, 
араласып тұрады. Батыс Еуропада мұндай циклдерге король 
Артур жайындағы кельт циклі, король Карл хақындағы Франк 
циклі жатады. Біздің де (яғни орыстың – С.Қ.) кейбір были­
наларымыз Владимир және Киев циклдеріне үйіріледі.


[
 
 195  
]
2. Кейде цикл деп әуелі бөлек­бөлек пайда болған шығар­
малардың бірігіп, топтасуын айтады. Бұл тұрғыда Гомер 
цикліндегі өлеңдерді айтуға болады. Әдетте, мұндай циклдер 
жасанды болып келеді («Гесериада» және басқалары), алайда 
өз бетінше бірігу халық поэзиясында орын алуы мүмкін.
3. Орыс ғылымында цикл деп кейде бір жердің немесе 
бір өлкенің жырларын айтатын. Мысалы, Новгородтың бы­
линаларын Новгород циклінің былиналары деп атайды.
4. «Цикл» деген сөзді бір батыр жөніндегі жырларға байла­
нысты да қолдану бар. Мәселен, осы мағынада Разин цикліндегі 
өлең­жырлар жайлы да айтуға болады»
54
.
В.Я. Пропптың бұл анықтамасы біз айтып отырған тұтас­
танудың сюжеттік пен бір орталыққа топтану түрлеріне сәйкес. 
Ал қалғандары қазақ фольклорындағы циклизация құбылысын 
қамтымайды. Рас, егер құлағынан тартып келтірсек, Пропп 
айтқан циклдің үшінші түрін біздің географиялық тұтастануға 
жақындатуға болады. Алайда, біздегі тұтастану сыртқы жер 
атауы болмаса бір кейіпкер болғандықтан емес қой. Қазақ 
фольклорындағы географиялық тұтастану шығарманың идея­
сы мен ішкі мазмұнына негізделген: елдің сүйікті батырына, 
оның ерлігіне, адамдық қасиетке лайық әйел мен қару­жарақ 
қана емес, тұлпар мен серік қана емес, сондай­ақ мекен, жер, 
қоныс керек. Ал бір батыр туралы жекелеген өлең­жырлар 
бірігіп, цикл құратыны ақиқат. Бірақ онда ғұмырнамалық 
сипат болмауы мүмкін. Ол топталған өлең­жырлардың бас­
аяғын бүтіндеп, қаһарманның туғанынан бастап дүниеден 
өткеніне дейінгі өмірбаяны түгел қамту керек. Бұл – талантты 
жыршының ісі, бұл – өнер туындысы. Сондықтан қазақ эпо­
сындағы ғұмыр намалық тұтастану Пропптың төртінші «цикл» 
түріне сәйкес келмейді. Жалпы, қазақ фольклорындағы 
тұтастану – батырды дә 
ріп 
 
 
теу үшін қолданылатын көркем 
құрал, поэтиканың заң дылығы. Батырды көтермелей сурет­
теу – халық тілегі, ал жыр шы – сол тілекті орындаушы. «Ел 
қиялы сүйген ерін қа шан да көздеген мақсатына жеткізбей 
қойған емес. Қандай қыншылық, бейнет болсын бәрі де ердің 
басына өтпекші»
53
. Сондықтан да эпос алуан түрлі тұтастанудан 
өтеді, сөйтіп, өзінің батырды дәріптеу мақсатына уақыт пен 
кеңістікті де, тарих пен қиялды да қызмет еткізеді. 


[
  196  
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет