Қасқабасов С. Таңдамалы


Абай өлеңдеріндегі фольклорлық



Pdf көрінісі
бет66/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88
Абай өлеңдеріндегі фольклорлық
 жанрлар мен поэзиялық көріністер
Абайдың фольклорлық дүниемен танысуы өте ерте баста­
лып, ақын оны барынша терең игерген. Мұның мәнісі, 
біріншіден, ақынның қазақ ертегі­аңыздарын, мақал­мәтел­
дері мен жұмбақтарын, өлең­жырларын бала кезден естіп, 
бойына сіңіріп өскендігінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр 
ортасында болғандығында. Екіншіден, сол кезде әр түрлі 
мақсат­себептермен жарық көрген фольклорлық жинақтарда 
жарияланған ауыз әдебиеті үлгілерін оқыды, оларға айтар­
лықтай көңіл аударып отырды. Үшіншіден, араб, парсы, түркі 
тілдерінде жазылған шығыс әдебиеті классиктерінің шы­
ғармалары мен алуан түрлі қисса­хикаяттарға, дастандар мен 
тәмсіл­мысалдарға ден қойды. Олардың дені фольклорлық 
екені аян. Төртіншіден, орыс тілінде жарияланған орыс және 
Еуропа халықтарының классикалық әдебиетімен қатар, 
олардың фольклорлық үлгілерімен де жақсы таныс болды, 
тіпті олардың кейбіреулерін қазақшаға аударды. Бесін­
шіден, Абай өз бетінше орысша білім алып, ғылымның пай­
далы екенін түсінгендігінің арқасында ел ішінен қолөнер 
бұйымдарын жинастырып, Семей музейіне тапсырып отырды, 
маңайындағы ақын­жыршыларға халық арасына кең тараған 
жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктеп, 
міндеттеп жүрді. Міне, осының бәрі ұлы ақынның фольклорға 
деген көзқарасын қалыптастырғаны күмәнсіз және оның 
фольклористік еңбегін мінездейтіні де даусыз.
Абайдың фольклорға, ауыз әдебиетіне қатынасы бірнеше 
тараптан байқалады. Ең біріншісі – қазақтың төл халық поэ­
зиясының бүкіл поэтикасы мен сюжеттік элементтерін асқан 
шеберлікпен пайдалануы. Екіншісі – қазақтан басқа елдің 
де фольклорлық сюжетін өз шығармаларына арқау етуі. 
Үшіншісі – қазақ халқының кейбір мақал­мәтелдері мен на­
қыл сөздерінің мән­мағынасын ашуы. Абайдың ұлы ақын 
болуы алдымен оның туа біткен дарынына байланысты болса, 
содан соң өскен ортасына, бала кезден алған тәрбиесі мен оқып­


[
  246  
]
тоқығанына байланысты. Бұл ретте, ол көпті көрген дана әжесі 
Зере мен ақындық, өнерпаздық дарыған шешесі Ұлжанның 
кестелі сөздерін құлағына құйып, шаршы топта жаңылмай 
сөйлейтін әкесі Құнанбай мен басқа да рубасылардың билік 
сөздеріне ден қойып өсті. Соның нәтижесінде Абай он жасынан 
бастап өлең шығарды, әзіл­оспаққа, қолма­қол өлең шығаруға 
төселді. Демек, медресеге дейін­ақ Абай халық тілі мен ауыз 
әдебиетін меңгеріп алған деуге болады, бірақ, әрине, ол бүкіл 
фольклорды әлі толық игеріп үлгермеген еді: алда қазақтың 
төл әдебиетімен бірге шығыс поэзиясы, орыс және Еуропа 
мәдениеті бар болатын. Сонымен ауылда еркін өсіп, халық 
поэзиясынан мол сусындаған Абай он екі жасында қала мед­
ресесіне түсіп, мұсылман дінінің қағидаларымен қатар жырақ 
елдердің көркем дүниесіне енеді, философияға толы ғақлия, 
дидактика әлемін шарлайды.
Аса дарынды болған Абайға медресенің оқу бағдарламасын 
меңгеру еш қиындыққа соқпайды. Оқылатын дәріс, ис 
лам 
кітаптары мен хикаяттары оның көп уақытын да алмайды. 
«Сондықтан барлық артылған уақытты Абай өз бетімен өзі 
сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. 
Өз бетімен оқитындары – шығыс ақындары. Одан соң – араб, 
иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, 
қис са сияқты әдебиет мұралары»
2
.
Аз да болса қалада оқуы жас Абайдың ерте есеюіне, көп 
нәрсені көңіліне түюіне, дүние­танымын кеңейтуге зор әсер 
етеді. Ауылға ол балалықпен қоштасып қайтады. Ұлы ақынның 
тұңғыш биографы Кәкітай Ысқақұлының сөзімен айтсақ: 
«Жиырма жасында Абай халық орта сында маңдай басы шешен 
болады. Халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі білікті 
билердің қиын іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген. 
Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі мақалдарды, неше түрлі 
қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелердің бірін 
ұмытпай біліп алған»
3
. Міне, осындай молынан меңгерілген 
рухани мұра Абайдың болашақ туындыларында, бүкіл 
шығармашылығында көрініс таппай қалған жоқ. Осы тұста 
бірінші кезекте айтылатын нәрсе – халық тілі, оның лексика­
лық байлығы, алуан түрлі идиомалық тіркестер, бір қалыпқа 
түскен, дәстүрге айналған формулалар мен нақыл сөздер, 
мақал­мәтелдер, афоризмдер. Бұл, әсіресе, ақынның алғашқы 


[
 
 247  
]
өлеңдерінде көбірек кездеседі. Мысалы, жырау толғауларының 
үлгісінде жазылған «Сап, сап, көңілім, сап көңілім» өлеңінде 
«не күн туды басыңа», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру 
да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп», «қатыны мен 
қалашын», «қарсақ жортпас қара адыр» деген тіркестер – 
халықтың ежелден келе жатқан образдық сөздері, фольклор 
үлгілері мен жыраулардың, ақындардың шығармаларында 
ескі заманнан қолданылып келген сөйлемдер. Сондай­ақ мына 
тұрақты тіркестер мен нақыл сөздерді де көрсетуге болады: 
«аузымен орақ орған», «талапты ерге нұр жауар», «мал­жан 
аман ба?», «аума­төкпе заман», «қайта келер есікті катты 
серіппе», «айдаһардай ысқырып», «алты бақан ала ауыз», 
«садаға кеткір», т.б.
Шынын айту ерек, мұндай қалыпқа түсіп, ел арасында 
жаттанды болған сөздер мен тіркестер Абай поэзиясында ете 
аз. Рас, Абайдың кейбір шығармаларында ауыз әдебиетіне, 
әсіресе жыраулық поэзияға тән формулалық және біреуге 
қарата сөз айту кездеседі, адамды фольклор (кейде дастан) 
үлгісінде сипаттау және халық поэзиясының басқа да әдіс­
тері ұшырасады. Айталық, «Қақтаған ақ күмістей кең маң­
дайлыда» халық әдебиетінде ежелден қолданылып келген 
адамның пішінін суреттеу тәсілін көруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет