Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет, тіл байлайды.
...................................................................
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
...................................................................
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
...................................................................
Қолаң қара шашы бар жібек талды.
Кісіні осылайша кейіптеу мен мінездеу тәсілі Абайдың
білектей арқасында өрген бұрым», «Көзімнің қарасы», «Ос
панға» өлеңдерінде де байқалады. Әрине, данышпан Абай
мұнда фольклорлық тәсілге еліктемейді, керісінше, оны ба
[
248
]
рынша жанды, сөлді, мәнді етіп пайдаланады, соның ар
қасында халық поэзиясындағы «ай десе аузы бар, күн десе көзі
бар» немесе «Бұқар барсаң қолаң бар, қолаң көр де – шашым
көр, наурызда жауған қарды көр, қарды көр де – етім көр,
қарға тамған қанды көр, қанды көр де – бетім көр» сияқты
жалпылама суреттерді нақтылап, жалпы сұлу қыздың емес, бір
ғана қыздың портретін жасайды, сол сұлуда ғана бар белгілерді
сипаттайды. Осы ретте оның өз бойына ана сүтімен енген
елге белгілі сөздер мен тіркестерді, образдар мен түсініктерді
пайдалануы еш таңданарлық нәрсе емес екенін айту керек.
Абайдың ұлттық фольклормен байланысы тек тіл
материалынан ғана емес, әр сипатта көрінеді. Мәселен, ол
халық өлеңінің 11 буындық, 78 буындық үлгілерін кең
қолданған, халық поэзиясына тән ұйқастың түрлерін де пай
даланған. Сонымен қатар Абай шығармашылығынан фольк
лорлық жанрларды (арнау, толғау, жоқтау, жұбату, мақал),
тақырыпты (бақытсыз ғашықтар, жастық пен кәрілік, жақсы
адам – жаман адам, жақсы әйел – жаман әйел), сюжет пен
көркемдеу құралдарын да кездестіруге болады. «Сондай қыз
ғылықты өрнектің бірі ұлы ақынның өлеңдеріндегі кездесетін
ырғақ, дыбыс қуалау – аллитерация, ассонанстардан да
аңғарылады. Ертедегі түркі тілдес өлеңдерде мұндай құбылыс
кездесетін»
4
, – деп Р. Бердібаев өте орынды айта ды. Сол тәсіл
Абай туындыларында да дәстүр жалғастығы ретінде көрінеді.
Самородный сары алтын
Саудасыз берсең алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Саудаға кеткір сұрайды
Самарқанның бөзіне.
Немесе:
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жаужүрек жомарт құбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
[
249
]
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбі қуармай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап кашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
Бұл өлең жолдарының басқы сөздерінің бір дыбыстан бас
талуы – ежелгі поэзиядан келе жатқан дәстүр. Ол халық өлең
дерінде де, жыраулар толғауларында да, Абайдың өзімен
заман дас ақындар поэзиясында да мол. Абай бұл жерде ал
литерацияны өлеңдегі идея мен тақырыпқа, өлеңнің сипаты
мен мазмұнына қатысты етіп алып отыр. Мысалға келтірілген
алғашқы өлеңде әңгіме сөзді түсінбейтін кісілер жайында
және сөз негізгі объект болғандықтан әр жол «с» дыбысынан
басталып отыр. Екінші шумақ – сүйікті інісі Оспанға арналған
жоқтау, жылау. Осы мағынаға сәйкес әр тармақ «ж» дыбысымен
басталып, «жоқтау», «жылау» сөздерімен үндес естіледі.
Ақын шығармаларында ежелден қанықты, орнықты, фор
мулалы тіркестер де орын алған. Бұл, әсіресе, Абайдың қа
мыққан тұста шығарған өлеңдері мен Әбдірахманға, Оспанға
арнаған жоқтауларында байқалады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |