Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтау,яғни заттың, қандайда бір нәрсенің біреуге тән,соның меншігі екенін білдіретін, үш жағы болатынын ұғындыру, жаттығулар орындау.
2) Дамытушылық : Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту, қызығу-шылықтарын арттыру. 3) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,
Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Түрі:аралас сабақ, жаттығу. Әдісі: пысықтау,сұрақ-жауап, ой қозғау, өздік жұмыс, топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс: ана тілі , дүниетану. Көрнекілігі: суреттер,тірек сызба, слайдтар,интерактивті тақта,кесте.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:Психологиялық дайындық
Балалар, сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.
-Әрбір адам? - Туыс, дос, жұрағат.
-Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
-Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
Топқа бөлу: 1- топ:Біздің 2- топ: Сынып
3-топ: Өте 4-топ: Керемет ( топ басшысын сайлау) бағалау парағын беру.
Топтың ережесімен таныстыру.
Бірін-бірі тыңдау
- уақыт үнемдеу
-белсенділік таныту
-достық қарым-қатынас
-жағымды эмоция тудыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: үйге 5-жаттығу:
Сурет бойынша мәтін құрастырып келу.
«Менің» және «Біздің»
Өткенді сабақты пысықтау: Зат есім.
Блиц- тур:
Балалар алдындағы сөздерді оқып жиберейік қәне . Олай болса осындай өте керемет сезімен бүгінгі сабақты бастаймыз.
ІІІ Жаңа сабақ : Ой шақыру. Мамандық иелерін сурау. Қандай сұрақ қояр едің? Кімнің ? Менің анам мұғалім, ... тәуелдеп жиберейік қәне.
Мамандық иелері қоңаққа келіпті жай келмей өздерімен бірге тапсырма ала келіпті.
ІV.Балықшының тапсырмасы: Көркем жазу. К к Кітап, көрпе
V.Дәрігердің тапсырмасы:1-жаттығу. Өлеңді оқы. Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талда. Ол сөздердің үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз..
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан – қуат , нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді! Қосымша топқа суретке байланысты табиғат сөзін берем.
Құрылысшының тапсырмасы: Өздік жұмыс 3- жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз.
VІ .Сергіту сәті: Видеоролик
VІІ. Суретшінің тапсырмасы: Терме диктант. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.( 4-жаттығу)
Балығы- балық құлақ- құлағың
Көрік- көрігі тәртіп- тәртібіміз
Олардың қасына сол сөздің түбірін жаз.
Шығармашылық жұмыс: Сөздерді үлгі бойынша тәуелдеп жаз.
Қозы, әке, дос, доп.
Үлгі: Менің оқулығым, ....
Сенің оқулығың, ...
Сіздің оқулығыңыз,...
Оның оқулығы,...
VІІІ. Тігіншінің тапсырмасы: «Сәйкестендіру » Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестір, жеке парақшалар беру. Олардың қолғабым біздің ауласы менің мұғалімдерің сендердің мектебіміз
ІХ.Топтық жұмыс: Суреттегі заттардың атын ата. Оларды үш жақта тәуелдеп жаз.( 5-жаттығу)
ХІ.Қойшының тапсырмасы: Ойлан, тап.6-жаттығу. Жаңылтпашты оқы,көшіріп жаз.
Тұмсығы балғаға айналар, Балғасы қайлаға айналар, Қайласы қайыңға қайралар Тоқылдақ тоғайлы сайда бар. Тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда.
ХІІ.Сабақты қорыту:
Мұғалімнің тапсырмасы: « Сематикалық карта
Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.
ХІІІ.Үйге тапсырма: 2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.Тәуелдік жалғаулы сөздердің қай жақта айтылып тұрғанын анықта.
ХІV.Бағалау.
Жеке оқушылармен жұмыс: (үлестірмелі парақшалар беру)
Достарыңызбен бөлісу: |