Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет70/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

болыпты. Мәртебені бұл жақсы көреді екен, һәм қызғаншақ 
екен... Соғыс болып, қандар судай ақты... хандардың ханы, 
патшалардың патшасы... Ескендір қисабсыз көп әскер жинап 
алып... Ескендір ашуланып, қызметкерін ұрып өлтіруге 
ойланған еді... жетіп барса, жіңішке таспадай болып... Патша 
қақпаны қағып «аш» деп айғай салады... Тым болмаса, менің 
мұнда келгенімнің белгісі үшін белгі қылып бір нәрсе бер, – 
дейді... лақтырып жібереді...» сияқты көптеген сөздер мен 
тіркестер, сөйлемдер кейде сол күйінде, кейде сәл өзгерген 
түрде Абайдың поэмасында кездеседі. Дәлел үшін Абай 
тексі 
нен бір­екі мысал келтірейік: «Македония шаһары... 
қызғаншақ адам екен... Дарияның суындай қандар ақты... 
Ханның ханы, патшаның патшасы деп... Есепсіз әскер 
ертіп... Қызметкердің бәрін де өлтірмекші... таспадай бейне... 
Қақпаңды аш деп барынша айғай салды... Ең болмаса... белгі 
болар бір нәрсе бер... лақтырып жіберді...», т.б.
Бұл мысалдардың екі тексі бірдей болуы және екі шығар­
мадағы сюжет желісі, оқиға дамуы, кейіпкерлер диалогы, 
оларға берілген мінездеме, детальдар мен ситуациялардың бір­
келкілігі газеттегі әңгіме мен «Ескендір» поэмасы бір адамның 
қаламынан шыққандығын көрсетеді. Ендеше, атын айтпай, 
қолын қоймай Абай өзі кітаптан оқыған Ескендір жайлы 
әңгімені тарихи фактілермен толықтырып, өзінше баяндап
«Дала уәлаяты» газетінің бетінде жарияла 
ған деп айтуға 
толық негіз бар. Газетке шыққаннан кейін көп ұзамай Абай 
бұл әңгімені поэмаға айналдырған. Оның басты себебі, біздің 
ойымызша, Ескендірдің кім болғаны жайындағы шындықты 
халыққа айту мақсаты болған. Өйткені, жоғарыда айтқандай, 
Ескендір туралы сол кездегі ел арасындағы хикаяттар мен 
қиссалар оны мадақтап, пір тұтып, идеал етіп көрсеткен. 
Сондықтан да Абай поэмасын Ескендірді таныстырудан бастап, 
бірден оған баға береді.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? 
Македония шаһары оған мекен. 
Филипп патша баласы, ер көңілді, 
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. 


[
  260  
]
Филипп өлді, Ескендір патша болды. 
Жасы әрең жиырма бірге толды. 
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге 
Көз алартып қарады оңды-солды.
Міне, көне Талмудта да, В. Жуковский өлеңіңде де жоқ 
жайттарды Абай өз оқырмандары үшін енгізіп, тарихи Алек­
сандр Македонский туралы нақты мәлімет береді. Әрине, ұлы 
ақын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» дегенде, қазақтар 
оны мүлде білмейді деп отырған жоқ. Халық Ескендірді әділ 
патша, пайғамбар, хазірет Зұлқарнайын деп білетінін, ал шын 
Ескендірдің кім екендігінен хабары жоқтығын жақсы түсінген 
Абай: «Ескендірдің туған жері – Македония шаһары, әкесі – 
Филипп патша, ол өлген соң Ескендір таққа отыр ды», – деп 
тарихи мағлұмат береді де, Ескендірдің өзін «ер көңілді, мақтан 
сүйгіш, қызғаншақ адам» деп мінездейді. Содан кейін оны 
толық сипаттау үшін Ескендірдің жиырма бір жасқа келгенде 
жасаған бір ісі ретінде көне сюжетте айтылатын оқиғаны пай­
даланады.
Сөйтіп, Ескендірдің жорықта жүріп, жұмаққа тап бол ғаны
оның ішіне кіре алмай, қу бас алып қайтқаны туралы ежелгі 
тәмсіл XIX ғасырда орыс әдебиеті мен Талмуд арқылы Абай 
шығармашылығында орын алған. Рас, Талмудта бұл тәмсіл 
сюжеті Александр Македонскийдің өміріндегі бір ғана оқиға 
ретінде айтылып, патшаның бұл оқиғадан қандай қорытынды 
шығарғаны жайлы сөз болмайды. Ал Жуковскийдің тексі бо­
йынша, Александр Македонский ештеңеге тоймайтын көз 
сүйегі хақында ақылгөйдің сөздерін естіген соң да бөтен 
елдерді жаулауын тоқтатпай, керісінше, «өмір қысқа, бәріне 
үлгеру керек» деп, дереу Үндістанға аттанады. Елдерді қырып, 
қандарын судай ағызып, жеңіске жеткен сайын өршелене 
түседі. Ең соңында: «Тойымсыз шапқыншыны бір уыс топырақ 
қана тоқтатты», – деп аяқтайды В. Жуковский өз шығармасын.
Абайда керісінше, Ескендір «қолын алып, жұртына қайта 
көшеді». Оқиға, яғни сюжет осымен аяқталады. Одан әрі қарай 
Абай нақыл, ғибрат айтады. Мұның өзі – 16 жол. Ақынның бұл 
сөздері оның ғақлияларымен, демократтық және гуманистік 
идеяларымен ұштасып жатыр.


[
 
 261  
]
Ілгеріде айтқан тарихи деректерден басқа Абай бұл сюжетке 
тағы  да  өзгеріс енгізген. Ол –  Аристотельдің бейнесі. Бұрын 
Талмудтағы тәмсілде оның орнында патшаның ақылгөйлері 
жүрсе, Жуковскийде бір данышпан болып көрінеді. Абайдың 
поэмасында тағы бір көңіл бөлетін жайт бар. Егер Жуковскийде 
шөлде жүрген Ескендір қалың қолымен үлкен өзенге тап болса, 
Талмудта және Абайда ол кішкентай ғана бұлаққа кез болады. 
Екінші айтар жағдай –  кепкен балық туралы эпизод. Бұл 
эпизод Жуковскийде жоқ. Ал Талмуд пен Абайда баяндалады. 
Мысалы, Талмудта:
«На обратном пути остановился Александр для обеда близ 
одного ручья. Поданную ему соленую макрель царь начал 
обмакивать в воду ручья – и рыба получила удиви тельный 
запах».
Абайда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет