[
35
]
мезгілі келгенде бір туар!» – депті де, жүре беріпті. Туатын
уақыты келіпті, бала тумайды. Анасының құрсағында
жатқан бала шешесінен сұрапты: «Табиғат туып болды
ма?» – деп. «Табиғат әлі туып болған жоқ!» – деп жауап беріпті
анасы. Ол замандарда жылдың жартысы – қыс, жартысы
жаз болады екен. Ал табиғаттың толық туып бітуі үшін
қыс мүлде болмауға тиіс. Содан бала құрсақта жата беріпті.
«Енді сұрағанда, табиғат туып болды!» деп жауап берейінші»
деген шешімге келіпті анасы. Көп жылдар өтіпті, бір күні
құрсақтағы бала шешесінен тағы сұрапты: «Табиғат туып
бітті ме?» – деп. «Туып бітті!» – деп жауап беріпті анасы.
Бала дүниеге келіпті. Туа салып, оңтүстікке қараса, расымен
табиғат туып болыпты. Оңтүстікте жаз екен. Солтүстікке
қараса, табиғат әлі туып болмапты. Мұздар мен қарлар әлі сол
қалпында жатыр екен. Әлгі бала сосын айтыпты: «Солтүстікте
табиғат толық туып болған соң, ана, дүниеге келуім керек еді.
Ал мен болсам табиғаттың жартысы әлі туып болмаған кезде
туыппын. Жарайды. Енді осыдан бастап жаз бен қыс болса
дүниеге келетін адамдар енді жазда балық аулап, оны кептіріп,
қысқа дайындасын, ал қыстыгүні аң ауласын!» – деген екен»
41
.
Бұл жерде мынаны айтпасқа болмайды. Орочтар осы ғасырға
дейін аналық рудың аталыққа көше бастаған жағдайында өмір
сүрген. Сондықтан жоғарыда келтірілген Ашсалда әйелдің
табиғаттан да бұрын пайда болып, дүниеге болашақ жасампаз
қаһарманды әкелуі – заңды нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: