мифінде былай дейді:
«Баяғы замандарда, жер бетінде адамдар жоқ кезде, аңдар
үйде тұрады екен. Адамдар кейін пайда болыпты, бірақ олар
үйді қалай салуды білмей, орман ішінде ін жасап, ағаш басына
түнеп, күн кешіпті»
19
.
Бұл мифте адамдар аспанның, жұлдыздардың пайда болуы
туралы ештеңе айтпайды. Ол жайында басқа мифтерде де ай
тыл майды. Ең әрі кеткенде жердің әлі қатпаған кезі деп айтады
да, жердің өзі қалай пайда болғаны жөнінде ойланбайды да, сөз
де қозғамайды. Міне, тағы бір мифте былай делінеді:
«Бұл баяғыдабаяғыда, жер әлі қатпай тұрған заманда
болған. Сондықтан жер бетіндегі тірі нәрсенің бәрі өте ақырын
әрі абайлап жүреді екен, өйткені жердің бір жерін бұзып
ала мыз, сонан соң белгісіз бір жаққа құлдырап кетеміз деп
қорыққан»
20
.
Текстен байқайтынымыз – жер, әйтеуір, бұрын пай да болған
деген түсінік. Ал ол қайдан пайда болған, оны біреу жаратты
[
22
]
ма – мұндай сауалдар мампруси тайпасында еуропалықтар
келіп отарлап, христиан дінін енгізгенге дейін болмаған жә
не оған олар жауап та іздемеген. Сол себепті олардың миф
терінде әлемнің жаратылуы жайында емес, маңайындағы
жанжануарлардың сырт пішініндегі ерекше белгілер, мінез
құлқындағы айрықша қасиеттер туралы, не себепті олай
екендігі жөнінде айтылады. Яғни, этиологиялық мифтер мен
алғашқы ертегі тектес әңгімелер пайда болған.
Аңдардың пайда болуы. Этиологиялық сипаттағы мифтердің
пайда болуы – мифологиялық сананың екінші сатысында
жүзеге асқан процесс. Бұл тұста адамдар күнде көріп жүрген
аңқұстардың өздерінен өзгеше жан иелері екендігін біліп,
олардың сырт түріне, қимылына, ерекшелігіне көңіл бөлетін
болған, сөйтіп, өзін қоршаған жанжануарды жақсырақ,
жақынырақ «білуге» тырысқан. Бұл істе оларға баяғы мифтік
ұғымдар мен ескі нанымсенімдер жәрдемші болады. Енді
адамдар хайуандар мен үй жануарларының пайда болуы мен
айырым белгілері жайында әңгімелейді.
Бір ғажабы – көне этиологиялық мифтерде аң мен құс кө
бінесе адамның азғындауынан, дәлірек айтсақ, әр түрлі себеп
пен хайуанға, жануарға айналуынан пайда болады. Айналудың
се бебі әр алуан, ең бастысы – адамның кінәлі немесе күнәлі бо
луы. «Күнәлі» болуы, әлбетте, кейінгі бірқұдайлық діни сана
ның ықпалы.
Бірер мифті мысалға келтірейік. Қазақ арасында бұрын мы
нан дай әңгімелер айтылған екен:
«Бір байдың екі қызы, екі ұлы болыпты; ол заманда жер
бетінде басқа адамдар болмапты. Әкесі бір жаққа кеткенде,
үл кен қыз сіңлісіне: «Бауырларымыздан басқа еркек кіндік
жоқ, солармен көңіл қосайық», – депті. «Қой, Құдай естіп
қояды, күнә болады», – деп жауап беріпті сіңлісі. «Құдайдың
құлағы жоқ», – депті үлкені. Сонан соң ол үлкен бауырын
өзіне шақырады, ал анау бармайды. Қыз: «Өлтірем», – дейді,
бірақ жігіт қорықпайды. Ашуланған қыз бауырының екі көзін
ойып алып, өзін жерге көміп тастайды. Содан бері көртышқан
соқыр және жердің астында тұрады. Әкесі үйге келіп, болған
жағдайды білген соң, қызын қарғап, теріс батасын беріпті.
[
23
]
Құдай ол қызды мәлінге айналдырып жіберіпті. Екі аң да
адамға ұқсайды, әсіресе көртышқанның алдыңғы екі аяғы
адамның қолдары сияқты...»
21
.
Тағы бір әңгіме.
«Ертеде екі керемет мерген болыпты. Бірі – Дуай соқыр,
екіншісі – Дондығұл мерген. Олар аңды көп қыра бергеннен
кейін Құдай біреуін суырға, екіншісін құндызға айналдырып
жіберіпті. Құндыздың көзі тым қысық екен, сол
себепті ол
мерген Дуай соқыр атаныпты»
22
.
Осы тектес келесі мифте былай делінеді:
«Баяғы заманда Жайық және Тоқтағұл деген елден асқан екі
мерген болыпты... Жайықтан бірде бір аң, бірдебір құс құтыла
алмайтын болыпты. Содан бүкіл аңдар мен
Достарыңызбен бөлісу: |