Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет19/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

 
өзі – исламда жол берілмейтін нәрсе. Бірақ ол – шамандықты 
ұстанатын халықтардың әпсана­хикаяттарындағы тұрақты 
мотивтердің бірі. Қазақ бақсыларының арасындағы қобыз 
тарту мен сарын айтуды үйреткен бірінші шаман Хорхут 
жайында әпсана­хикаят бар. Тіпті, мұсылмандықты әжеп­
тәуір қабылдаған түрікмендерде Көрұғлы аз уақытқа болса 
да өлім нен қашып кетеді. Шындықтан, шамандық түсінік 
бойынша, Көк Тәңірдің өлім беретін билігі жазмыш деп қа­
былданған. Солай бола тұрса да, ертедегі адамдардың fatumнан, 
мұсылмандардай үрейлі Тағдырдан құтылғысы келгені тәрізді, 
мұнда да жұрт жазмышқа бағыну емес, қайта одан құтылуды 
көксеген»
13
.
Шоқанның бұл сөзіне қарағанда, Қорқыттың өлімнен қа­
шуы туралы сюжеттің төркіні көне шамандық миф болуы 
ықтимал, ал толық күйінде ол шамандық мифология аясында 
қалыптасқан болуы керек. Оған бір дәлел ретінде Қорқыттың 
өлімнен қашып, Сырдарияға келуін, судың ортасында ұзақ 
уақыт өмір сүруін, яғни су бетінде өлімнен аз уақытқа болса 
да құтылуын айтуға болады. Мұның өзі космостың моделін 
үлкен өзен түрінде бейнелеген көне шамандық түсінікке 
саяды. Мәселен, осындай түсінік шамандықты ұстанатын 
халықтардың бәрінде бар. Ол тура лы Е. Мелетинский былай 
дейді: «Солтүстіктегі халықтардың шамандық мифо 
логия­
сында (функциясы жағынан әлемдік ағашқа, шамандық 
ағаштарға жақын) шамандық өзен болады деп түсініледі, ол 
өзен жоғары мен төменді, аспан мен жерді байланыстырып 
тұрады деп есептеледі; осыған сәйкес өзеннің басы жоғары, ал 
аяғы – төменгі әлемге сәйкес келеді де, оның тылсым сипатын 
қабылдайды деп саналады. Сөйтіп, өзеннің аяғы (сағасы) 
төменгі әлем жатқан жақты (көбінесе солтүстікті) бейнелейді 
деп саналады»
14
. Осындай түсінікті қазақтың «Су аяғы – ер 
Қорқыт»
15
 деген сөзінен де көруге болады. Бұл тіркесте үлкен 
өзен әлемнің моделі, оның басы – аспан, ортасы – жер (жердің 
кіндігі), аяғы – жер асты (өлілер әлемі) деген ескі шамандық 


[
  64  
]
түсініктің ізі жатыр. Айтпақшы, шумер эпосындағы Гигель­
маш те өлімнен қашып судың сағасында, яғни о дүниеде тұра­
тын бабасы Утнапиштиге барады ғой
16
. Ендеше, Қорқыттың 
Сыр 
дарияда, дәлірек айтқанда, суда өлуі бұрынғы заманда 
суды, әсіресе оның астын және аяғын – о дүние, өлілер патшасы 
деп түсінген мифологиялық­шамандық санаға меңзейді
17

Бақсы сарындарында «Су аяғы – ер Қорқыт» деп аталуы осы­
дан болса керек. Басқаша айтқанда, Қорқыттың тұрағы – 
өлілер әлемі ретінде қабылданатын судың сағасы. Яғни, ескі 
шамандық түсінік бойынша, Қорқыт өлілер әлеміне кеткен, 
сонда тұрып жатыр және өзіне сыйынатындарға жәрдем беріп 
жатыр, әсіресе бақсыларға. Бақсылар өз сарынында Қорқытқа 
мінажат етіп, «Өлі десем – өлі емес, тірі десем – тірі емес, Ата 
Қорқыт әулие»
18
, – деп оның ерекше екенін айтады.
Осы айтылғандардың бәрі Қорқыт туралы қазақ аңыз­
дарының сюжеті және кейіпкердің өз бейнесі стадия жағынан 
құлиеленушілік дәуірде туған Гильгамеш туралы ежелгі 
шумер эпосынан да, феодализм тұсында қалыптасқан өлмеудің 
амалын іздеген адам жайындағы ертегі, әпсаналардан да көне. 
Олай болу себебі, Қорқыт жақындағы әпсана­хикаяттар пайда 
болып, тіпті, хатқа түскен кездің өзінде қазақ халқы ескі рулық 
қауымнан мүлде қол үзе қоймаған, оның көп сипатын сақтап 
келген патриархалды­феодалдық қоғам болып өмір сүрген еді. 
Сондықтан феодализмге дейінгі қоғамдарда болған байырғы 
мифтер мен мифологиялық түсініктер, алуан түрлі нанымдар 
мен шамандық сенім өзгерген түрде болса да, феодализмге 
көшкен қазақ қоғамына, оның мәдениеті мен идеологиясына 
сіңіп, өзіндік орынға ие болған еді. Соның нәтижесінде сол 
шақтағы қазақ халық ижатында, бір жағынан, рулық қауымда 
туған архаикалық фольклордың өзгерген түрлері, екінші 
жағынан, феодализм қоғамына тән жаңа фольклор үлгілері 
қатар өмір сүріп жатты. Міне, осындай өзгеріске ұшыраған 
көне фольклордың ішінде Қорқыт туралы да шығармалар бар 
еді. Бұл шығармалар тұңғыш қобызды жасаушы, алғашқы 
күйді шығарушы, қобыз тартуды үйретуші және музыка 
таратушы, бақсылардың пірі, бабасы – бірінші шаман туралы 
рулық заманда пайда болған архаикалық мифтің өзгеріп
мұсылманданып кеткен сарқыншағы. Әрине, ұзақ уақыттың 


[
 
 65  
]
ішінде көне мифтердің танымастай өзгеріске ұшырағаны 
заңды. Мәселен, Қорқыт туралы миф қазақтардан жазылып 
алынған уақытта бұрынғы мифологиялық семантикасынан 
арылып, адамның ажалмен айқасын суреттейтін әпсана­
хикаятқа айналған. Дәл осындай процесті ежелгі Грекияда, 
Римде, Египетте, Үндістанда, Қытайда болған құлиеленуші 
мемлекет тұсында архаикалық мифтер де басынан кешірген. 
Бұл мемлекеттердің мәдениеті мен идеологиясы өзінен бұрынғы 
рулық қауымның мәдениетін, мифтерін, бір жағынан, жойып, 
екінші жағынан, өзгертіп, өз мақсаттарына пайдаланған. Міне, 
осындай жағдайда архаикалық мифтер қасиетті және құпия 
сипатынан айырылып, топталған, өңделген, сөйтіп, көркем 
дүниеге айналған. Сол себепті олардың мифологиясы біздің 
(яғни кейінгі заманның) ертегіміз сияқты болып көрінеді. 
Сондықтан антикалық мифологияда бұрынғы шаманның 
өлім 
нен қашуы өзгеріске ұшырайды, ол енді титандардың 
(Прометей) бас құдайға қарсы күресі болып бейнеленеді. 
Құдайға қарсылық Қорқыт туралы әпсана­хикаяттарда да 
бар, бірақ бұл кейінгі заманның әсері, яғни қазақтың мұсыл­
манданған патриархалды­феодалдық қоғамы тұсындағы сана­
сезімнің, идеология мен мәдениеттің ескі сюжетті де, образды 
да қайта қарауының нәтижесі. Ал, шындығына келсек, қазіргі 
хикаяттардағы әулие атанып жүрген Қорқыт исламның өзінен 
әлдеқайда үлкен.
Қорқыт өзінің алғашқы түрінде – құлиеленуші мемлекетте 
бас құдайға қарсы шығатын титандардан көне образ, олар­
дың алдындағы тип, ол архаикалық мифтерде тұңғыш адам­
дарды дүниеге келтіретін, алғашқы еңбек құралдарын, му­
зы ка аспаптарын жасайтын, адамдарға от жағуды, күн кө­
руді үйрететін ілкі ата­демиургке, жа 
сампаз қаһарманға 
ұқ 
сайды, соларға сәйкес келеді. Архаикалық мифтердегі 
жа сампаз қаһарманның «мәдени қызметі» жоғарыда айтқан­
мен шектелмейді. Ол тауды да, көлді де жасаушы, аңдар 
мен құстарды да жаратушы, үйді де салушы, аспанды да 
орнатушы, т.т. Оның қолынан бәрі келеді: күннің қозғалуын 
да баяулатады, желді де тоқтата алады, отты да өшіре алады. 
Кейде өз мақсатына жету үшін ол қулыққа да барады, ақыл­
айламен өз қарсыласын жеңіп шығады
19
.
5­279


[
  66  
]
Осындай «мәдени қызмет» қазақ Қорқытының да кейбір іс­
әрекетінен көрінеді. Мысалы, ол өлімнен қашып Сырдарияға 
келгеннен кейін желмаясын сойып, оның терісінен алғаш рет 
қобыз жасайды. Ажалды өзіне жолатпау үшін қобызбен күй 
тартады, сөйтіп бірінші күй ойлап шығарады. Басқаша айт­
қанда, Қорқыт – тұңғыш қобызды жасаушы және күй шыға­
рушы. Ал қобызды ұзақ уақыт бақсылар иемденіп келді. 
Сондықтан олар Қорқытты пір тұтып: «Әуелі бақсы пірі – Қор­
қыт ата»,
20
 – деп, оған сыйынып, көмекке шақырған.
 
Қорқыт 
туралы әпсана­хикаяттар жайында пікір айтқан адамдардың 
бәрі де бақсылар оны баба деп пір тұтатынын, оның бірін­
ші шаман, яғни бақсылардың атасы екенін, қобызды, күйді 
бірінші ойлап тапқанын айтады. Мәселен, Қорқыт жай ында 
соңғы кезде жазылған еңбектердің бірінде былай деп жазылған: 
«Қорқыт (Хорхут) – қазақ мифологиясында бірінші шаман, 
бақсылар мен абыз­жыраулардың пірі, «қобыз музыкалық 
аспабын ойлап шығарушы. Исламды қабылдағанға дейін 
Қорқыт өлмейді деп саналған Бүркіт «баба образына жақын 
тәңір (мұны оның шамандыққа жуықтығынан да көруге 
болады). Исламның орнауына байланысты Қорқыттың өлімі 
туралы айрықша бір миф пай да болды».
Қорқыттың не себепті өлмейтіні туралы академик В. Бар­
тольд өте қызықты пікір айтады. Бақсылардың: «Өлі десем – 
өлі емес, тірі десем – тірі емес, Ата Қорқыт – әулие», – деген 
сөзіне сүйене отырып, ол былай дейді: «Демек, Қорқыт тірілер 
арасынан аласталған әрі өлмейтін қасиетке ие болған деген 
сенім болған, яғни Қорқыт ту ралы әпсана­хикаят исламның 
батыстан  (Қазақстанға   С.Қ.)  әкелген Хызыр (түрікше – 
Қыдыр) пайғамбар хақындағы хикаятқа ұқсайды...»
20
Сонымен, қазақ аңыздаулары бойынша Қорқыт – ең 
бірін 
ші бақсы, қобызды ойлап табушы және бірінші күй 
шығарушы. Бақсыларға қобыз үйретуші де сол. Сонымен 
бірге, Қор қыт – әрі абыз, жырау және ақын
21
. Г.Н. Потаниннің 
бұл ойын біздің кезімізде Әлкей Марғұлан қолдап, былай 
деп жазады: «Сонымен Қорқыт дәстүрін берік ұстап, оны 
қадірлеген, әсіресе, қобызбен күй, сарын тарататын бақсы, 
жыраулар, Қорқыт аңыздары бойынша, Қорқыт қазақ жырау­
ларының атасы, олардың пірі болып айтылады:


[
 
 67  
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет