[
16
]
терең жарық бар екен... Сол жарықтың ішінде шыңның рух
иесі тұрады екен... Егер оны көріп қалсаң, жақсы болмайды,
жақын бір адамың қайтыс болады. Шыңның дәл төбесінде неше
түрлі сиқырлы шөп өседі екен. Кейде сол жерде өсетін жұпар
иісті ақ гүлді табуға болады... Ол гүл сағат сайын ашыла ды
екен де, бұрынғысы солып қалады екен. Егер ол гүлді тапсаң,
оның көмегімен ойлағаныңның бәрін жүзеге асырасың. Гүлді
алақаныңа үгітіп, қолыңды керек кісіге қарата көтеріп, оның
атын атасаң болды, өзі жетіп келеді, қай жерден болса да. Осы
гүлді іздеп шыңға баратын болсаң, өзіңмен бір ақ әтеш немесе
бір атым үгітілген темекі ала жүр, шыңның рухиесіне сыйға
тарту керек...»
13
Тау иесі туралы бұл түсінік, сөз жоқ, ежелден келе жатыр.
Таудың, шыңның рухиесі бар деген сенімге иландыру мақ
сатында әрі қарай бір әйелдің жеңілтек күйеуін тәртіпке салу
үшін сиқырлы гүлге барғаны, оны тауып алғаны, сөйтіп,
күйеуі нің жетіп келгені туралы айтылады.
Мұндай рухиелер бейнесі, олар туралы түсінік қазақ
мифологиясында да сақталған. Мәселен, «Көл иесі – Қамбар
ау, Шөл иесі – Қамбарау!» немесе «Су иесі – Сүлеймен, Ал
ладан тілек тілеймін» деген эпоста жиі кездесетін поэ зия лық
тіркес тер – қазақ елінің ежелден сақтап келе жатқан мифтік
ұғымдары. Осы тектес әр алуан рухиелерді ертегілерден де,
хикаялардан да кездестіреміз. Мысалы, әйгілі «Ер Төстік»
ертегісіндегі Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты мифтік
кейіпкер
лер – сол баяғы дәуірдегі рухиелер. Олардың әр
қайсысы – әр нәрсенің иесі: Желаяқ – желдің иесі, Таусо
ғар – тауға қожа, Көлтауысар – көлдің иесі. Әрқайсысы – тек
өз құбылысының қожайыны, басқа әлемге билік жүргізе
алмайды, бөтен қожаның жеріне бармайды. Мұны ертегінің
өзі де баян етеді. Жер астына түскен Төстікке жәрдем етіп
болғаннан кейінгі олардың жағдайы мынандай:
«Сөйтіп, Ер Төстік жылап Бапа ханға қайтады. Қайтып
келе жатқанда, жолдан ерген алты жолдастарының бәрі де
өздерінің жерлерінен әрі жүрмейді
(астын сызған біз – С.Қ.).
Достарыңызбен бөлісу: