[
18
]
жер бетіндегі, яғни өзінің маңайындағы заттарды «тануға»
ұмтыл ғанының белгісі. Сонымен қатар, бұл мифтер алғашқы
қауым адамына тән мифологиялық сананың бірінші сатысын
көрсетеді.
Мифологиялық сананың екінші сатысы – адам өзінің өлі
табиғаттан, жанжануарлардан бөлек екенін сезінген жағдай.
Бұл тұстағы мифтерде адамның басқа нәрсеге айналуы өз
еркімен емес, біреудің күштеуімен, немесе бір жағдайға
байланысты мәжбүрліктен болады. Бұл кезде адамдар жер
бетіндегі заттар мен жанжануарларды «танып» болып, енді
аспан шырақтарына назар аударады, сөйтіп Күн, Ай, Жұл
дыздар қалай пайда болды деген сауалдарға жауап іздейді.
Оған жауап ретінде мифтер шығарады да, енді бұрынғы әдісті
қолданып, маңайындағы дүние қалай жаралса, аспанда да
солай деп түйіндейді. Өз өмірін аспанға көшіреді, әрі ежелгі
мифтерді пайдаланады, оны өзгертеді. Соның нәтижесінде
аспан шырақтары да адамның айналуынан пайда болған деген
мифтер туады. Бірақ мұндағы айналу бұрынғыдан басқаша:
адам әр түрлі себептен аспанға ұшып, жұлдыздарға айналады,
көп жағдайда жазадан қашып немесе қорқып көкке ұшады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, рухиелік мифологияны
мына ретпен қарастырғанды жөн көрдік. – Бірінші кезекте
жер бетіндегі объектілер мен жануарлардың пайда болуын
баян дайтын мифтер сөз болады. Мұнда алдымен адамдар мен
аңқұстардың бірге өмір сүруін көрсететін, содан соң олардың
бөлектенуін, яғни, маңайдағы таутастың, өзенкөлдің, жан
жануардың, әрі адам дардың пайда болуын баяндайтын мифтер
талданады.
Екінші кезекте аспан әлемінің, жекелеген жұлдыздардың
қалай пайда болғаны туралы мифтерге тоқталамыз. Ай мен
Күн, Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан, т.б. шырақтар жайлы
әңгімелейтін және Темірқазық пен Топан су жөніндегі мифтер
де қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: