[
163
]
Есіткесін бұл сөзді
Алпамыс перен тұрады.
Сұңқардай мойын бұрады:
– Түсінбедім, шешежан,
Қайтадан айт, – деп сұрады.
Сонда кемпір сөйледі:
– Атадан жалғыз туғансың.
Туғаннан белің буғансың.
Сайып қыран ер болып,
Қанмен қолың жуғансың.
Талай бала қырғансың.
Шекті деген елінде
Сарыбай деген бай еді,
Жалғыз қызы Гүлбаршын
Он бесте туған ай еді.
Жасыңнан саған айттырған
Гүлбаршын саған жар еді.
Сарыбай бір күн ойлады,
Алғыр құстай бойлады:
«Жалғыз қызым, бермеймін,
Артынан бала тумады.
Алпамыс қыран өледі,
Артында жоқ көмегі.
Алпамыс батыр өлгенсін,
Құлға кызым тиеді.
Құлға қызым тигесін
Қандай қорлық көреді?»
Осыны ойлап Сарыбай
Бөліне кешіп жөнеді.
Күшің болса барсаңшы,
Жесіріңді алсаңшы,
Намысыңды ойламай,
Қай жерден күлкің келеді»
27
.
Батырдың үйлену тарихы осыдан басталады. Ол енді сол
өзі көрмеген қалыңдығын іздеуге шығады. Эпоста, ертегіде
кейіпкердің осы сапарда басынан кешірген оқиғалары әр
алу
ан болып келеді. Соның бірі – қаһарманның қыз еліне
[
164
]
келгендегі жағдайы. Көбінесе бұл қыздың ауылына жау келіп,
сұлуды берсе қолынан,
бермесе жолынан алып, әйел етпекші
болып отырған қалмақ ханы мен қалың қол жатады. Міне,
зорлықшылармен соғысу – батырдың үйлену жолындағы
тағы бір кезең, кәмелеттік сынақ. Рас, жырларда мұндай сы
нақ тек соғысу емес, күш пен тапқырлық немесе мергендік
сайысы түрінде болып келеді. Айталық, Қозы Көрпештің
қайын атасының еліне тазша кейпінде келіп,
бақташы болуы
мен Қодармен, тоқсан серімен сайысқа түсуі де, бір жағынан,
осындай кәмелеттік сынақ, ал екінші жағынан, оның өзіне
сын. Сол сияқты Төлегеннің Қыз Жібекті іздеп келіп, Шекті
елінде әр көрген қызына бір жорғадан беруі де – кәмелеттік,
әрі азаматтық сынақтың бір түрі. Ал өзінің қалыңдығын
жаудан құтқарып алу – батырлар жырының басты ерекшелігі.
Мәселен, Қамбардың Назымды,
Сансызбайдың Жібекті жау
құрығынан азат етіп, осы жолда басын тігіп, сансыз жаумен
жалғыз айқасу – батырдың ерлігіне сын болуымен қатар, оған
сүйікті қызын алуға толық құқық береді, сондайақ
қыздың
да батырға деген іңкәрлігін арттырады. Мұны біз «Алпамыс
батырдан» да көреміз. Көп қалмақты қойдай қырып, Қараман
ханды мазақ етуге әйелдердің билігіне берген Алпамысты
болашақ қайын атасының жұрты былай қарсы алады.
Достарыңызбен бөлісу: