әпсанахикаяттар (космогонические ле
генды), түсіндірме
әпсанахикаяттар (объяснительные ле
генды), шежірелер
(генеалогические легенды), аңыздар (пре дания), жай әңгімелер
(бытовые расказы) деп бөледі.
Алайда, әр аталған жанрға анықтама бергенде, автор жал
пы дұрыс бағыт ұстағанмен, аңыз бен әпсанахикаяттар ара
жігін еске алмаған, оның үстіне этиологиялық әпсанахи
каятқа мифті қосып жіберген. Шынтуайттап келгенде, әр
түрлі аң мен құстардың пайда болуы, олардың мінезқұлқы
мен ерекшеліктері туралы шығармалар миф болып саналады.
Сондайақ аспан әлеміндегі құбылыстар, ай мен күн, жұлдыз
жайындағы шығармалар да миф қатарына жатады. Мифке
кейбір рулардың шығу тегі туралы шежірелер де кіреді. Демек,
ертегіге жатпайтын проза тобын саралап, жіктегенде тек қана
логикалықмағыналық мазмұнға сүйенуге болмайды. Бұдан
шығатын қорытынды – халық про засын жанрларға жіктегенде
бір ғана шартқа жүгінуге болмайды, яғни критерий етіп
бірнеше факторды алу қажет.
С. Қасқабасов қазақ халық прозасының жанрлық құрамын
анықтауға арналған мақаласында басты принцип ретінде
айтылып отырған шығармаға жұрттың сенусенбеуін алады
62
.
Бұл – бір ғана шарт. Сонымен қатар басты критерийлер болып
жанрдың функциясы мен көркемдік қасиеті де саналады ғой.
Бірақ зерттеуші мақаласында мұны ескермеген.
Дегенмен, ескерте кететін нәрсе: бұл мақалада автор
қазақта миф бар деген пікір айтады және прозалық жанрларға
терминдік атау беруге тырысады. Алайда, ол ұсынған терминдер
әлі ойластыруды қажет етеді. Сондайақ ертегілердің ішінде
батырлық ертегі мен новеллалық ертегі бар, соларды бөліп
зерттеу керек деген пікірді алға тартады.
Сөз реті келгенде айта кетейік: халық прозасын осындай
жанрларға саралауға іс жүзінде 1972 жылы жарыққа шыққан
[
52
]
«Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина» атты жинақта
көрінді
63
. Онда прозалық фольклор текстері төмендегіше
сараланған болатын: әпсанахикаяттар мен аңыздар (себепті,
аспани, әулиелер туралы, шежірелік әпсанахикаяттар мен
аңыздар, тарихи әпсанахикаяттар мен аңыздар, шежірелер)
ертегілер (хайуанаттар туралы ертегілер, қиялғажайып
ертегілер, батырлық ертегілер, ғажайыпхикаяттық ертегілер,
тұрмысхикаялық ертегілер, тұрмыстықғибратты ертегілер,
сатиралық ертегілер, анекдоттар).
Бұл саралау бұрынғы жинақтардағы жіктеуден өзгеше,
бірақ мұнда фольклорлық проза жанрлары ұсақталып кет кен.
Мысалы, ертегілер тым бөлшектеніп кеткен, сондайақ әпсана
хикаят пен аңыз жанрлары айқын жіктелмеген, сондықтан ол
жанрларға мифтер де енген. Себепті (этиологиялық), аспани
(космогониялық) әпсанахикаят деп бөлінген шығармалар – таза
миф жанрының үлгілері. Тіпті әулиелер жайындағы әпсана
хикаят деп берілген текстердің ішінде де мифтер бар. Ал хикая
жанрларындағы шығармалар мүлде дараланбаған. Аталған
кемшіліктер сол кездегі қазақ фольклортануының ғылыми
деңгейіне байланысты. Сөз болып отырған кітап шыққан
кезде қазақ фольклорының прозалық жанрлары жүйе ретінде
зерттелмеген еді, соның салдарынан қазақ фоль клорында миф
жанры жоқ деген пікір орын алып келді.
Ғылымның адам қоғамы сияқты өсіп, дамып отыратыны
аян. Қазақ әдебиеттану мен фольклортану ғылымы соңғы
жылдары жаңа деңгейге көтеріліп, теориялық жағынан мән
ді біраз еңбектерге ие болды. Жоғарыда айтып өткен С. Қас
қабасовтың, Е. Тұрсыновтың халық прозасы жанрларына
арналған мақалалары – осының бір көрінісі.
«Көне аңыздарды зерттеудің, олардың заңдылығын ашудың
қажеттілігі туып отырғаны» жайында Р. Бердібаев та өзінің
«Қазақ эпосы» атты кітабында ерекше көңіл бөліп айтады
64
.
Еңбегінің негізгі объектісі эпос болғанымен, ол ежелгі миф
пен аңыздар туралы да пікір қозғайды. Мифтер мен аңыздарды
көне эпостың түп негіздерінің бірі ретінде қарастыра келіп,
автор бурят эпосы бойынша мифтің кейбір жанрлық белгілерін
сипаттайды. Мысалы, ол былай деп жазады: «Мифтер қаншама
ғажайып, нанымсыз көрінгенімен, әуел баста адамдардың өмір
[
53
]
тәжірибесінің елесі сипатында туған. Бір заманда халықтық
қарусыз, сыртқы дүлей күштерге әрекеті аз кезде тастан
артық айбары болмағаны да миф түрінде жеткен. Адамдардың
түсінігінде тас сиқырлы қуат иесі сияқтанып көрінген...
Заманнан заман өтіп, қарудың жаңа түрлері пайда болса да,
халық санасында тас сол ежелгі «киелі» қалпында қала берген...
Ит туралы да бір алуан миф тер ұмытылмай жеткен. Кейде ит
жер иесі болып көрінеді, аңшылармен достасып көп көмек ете
ді, адал серік болады... Кейбір мифтердің кейіпкерлері түсін
өзгертіп, түрліше құбыла білетін сиқырлы болып көрінеді. Ол
қажет болған кезде өсімдік те болады, басқаша да кейіпке түсе
біледі...
Судың, өсімдіктің қасиетін ардақтайтын мифтер өз ал
дына бір бөлек. Оларда су өлгенді тірілтетін, әлсізге қуат
беретін, шөлдегенді сусындататын ғажайып болады. Ал ағаш
жапырақтары қартайғанды жасартатын керемет делінеді.
Бұғылар, аққулар жөніндегі мифтер мен аңыздар мол. Мұның
бірі барлық құбылыстардың иесі, жаны бар деп түсінетін
анимистік, тотемдік көзқарастарға қатысты мифтер екені
белгілі. Анимистік мифтер азайған кезде мифология да кеми
береді. Мифтегі әсірелеулер әдейі жасалған көркемдеулер емес,
бұл бір кездегі адам ұғымының нақтылы елесі...»
65
Әрине, мұндағы айтылған тұжырымдардың бәрі бірдей дау
сыз емес, сонда да болса біз автордың миф жанрының жалпы
табиғатын тани білгенін айтқымыз келеді. Бұдан шығатын
қорытынды – Р. Бердібаев қазақ фольклорында миф жанры бар
екенін жанамалап болса да айтады. Рас, ол жанрлар теориясына
арнайылап үңілмейді, мифті прозалық жанрлар жүйесінде
қарастырмайды. Зерттеушінің басты мақсаты – қазақ эпо
сындағы мифтің алатын орнын, мифтік құбылыстардың эпос
тың әр жанрындағы көрінісін анықтау.
Халық прозасының кейбір жанрларын белгілі әдебиетші
ғалым Ш. Елеукенов те қарастырады
66
. Атап айтқанда, ол
прозалық фольклорды миф, демонологиялық ертегі және
батырлық ертегі деп бөліп, оларды қазақ романының фольк
лорлық түп негіздері ретінде қарастырады. Сол себепті ғалым
фольклорлық жанрлардың жалпы теориялық мәселелеріне
соқпайды. Бірақ соған қарамастан, мақала авторы өзі бөлектеп
[
54
]
алған үш жанрдың табиғатына біраз көңіл бөлген және оларға
тән кейбір қасиеттерді дәл тани білген. Алайда, миф жанрын
айтып отырып, зерттеуші аңыз (предание) бен әпсанахикаятты
(легенда) қоса қарастырады. Сондайақ, ол хикая (быличка)
жанрын демонологиялық ертегі деп өзгеше айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |