[
45
]
Орыс фольклоры туралы ғылымның үлгісі бойынша одақ
тас республикалардағы ұлттық фольклортану ғылымы,
әсіресе, түркологиялық фольклортану соңғы жылдары фольк
лордың прозалық жанрларына арнап жинақтар, зерттеулер
шығара бастады. Башқұрт, татар
ғалымдары халық прозасы
шығармаларын бірнеше том етіп шығарып, оларға ғылыми
зерттеу мен түсініктемелер жазды
44
. Әсіресе, башқұрт оқы
мыстылары батырлық ертегіге, аңыз бен әпсанахикаятқа
жекежеке том арнағанын атап ету ләзім
45
.
Аталған жинақтарда халық
прозасының ертегіден басқа
жанр
ларының арнайы қамтылып, біршама зерттелгені –
қуанарлық жай. Мысалы, башқұрт фольклорисі Ф. Надршина
аңыз бен әпсанахиқаятқа арналған томға жазған кіріспесінде
башқұрт халқының ертегіге жатпайтын прозалық жанрларын
классификациялап, саралауға тырысқан,
біраз сипаттаған
46
.
Автор жанрлық саралауға критерий етіп шығарманың тақы
рыбы мен мазмұнын, оған елдің сенетіндігін алған.
Ол мынадай жанрларды бөлектеп, даралайды: бұрынғы
ырымнышандарға құрылған легендалар, башқұрттардың
шығу
тарихына байланысты легендалар, жерсу, таутас, т.б.
мекен атауларына байланысты риүәйәт легендалар, тарихи
риүәйәттар, тұрмыскүнкөріс риүәйәттары.
Ф. Надршина сондайақ башқұрт фольклорында хикая (бы
линка) жанры бар екенін де айтып, оны мифологиялық хикаят
деп атайды.
Терминдік
атау жағына келгенде, автор орыс фольк лортану
ғылымында қалыптасқан легенда сөзін алады. Біз оны
әпсана
хикаят деп атаймыз.
Прозалық фольклорды зерттеуде өзбек ғалымдары біраз
табысқа жетті. Олар ертегімен қатар аңыз, әпсанахикаятты да
жеке жанрлар есебінде қарастырып жүр
47
. Коллективтік еңбек
те проза
жанрына эртаклар, афсона ва риваятлар, латифа
Достарыңызбен бөлісу: