[
46
]
Көріп отырғанымыз: екі кітаптағы классификацияда онша
алшақтық жоқ. Тек коллективтік еңбекте сатиралық ертегінің
анекдот типтес түрін латифа және лофлар деп ертегіден тыс
жанр ретінде бөлген. Ал К. Имомов бұны жеке жанр деп есеп
темейді. Ол прозалық жанрға ертакматал деп притчаны (біз
мисал деп алдық) қосқан.
Екі еңбекте де жанрлық классификациялаудың басты
шар ты – шығарма мазмұнының шындығы. Басқа сөзбен айт
қанда, шығармадағы оқиға өмірде болған ба, әлде ойдан
шығарылған ба? Әрине, ғылыми саралауға бұл әлі жетіліксіз.
Бұл принциптен де маңыздырақ критерийлер бар екені белгілі.
Тағы бір айтатын нәрсе – екі еңбекте де жанрларды зерттеуде
олардың шығу тегі ескерілмеген, даму жолдары көрсетілмеген,
сондықтан алдымен көркем жанрлар қарастырылған.
Құптарлық жайттың бірі – терминдік атаулардың молдығы.
Бірақ «афсона» парсы тілінде «ертек» деген сөз. Сондықтан
оны «легенданың» орнына осы күйінде қолдану бұл ұғымды
толық бермей түр. Сол себепті «легенда» ұғымын беру үшін
«әпсанахикаят» деген тіркесті алған дұрыс сияқты.
«Легенда» ұғымын «әпсана» термині арқылы беру ұйғыр
фольклортануында да
орын алған
48
. Ұйғыр фольклортануын
дағы прозалық жанрларды түгел қамтып зерттеу аталған
еңбекте тұңғыш рет қолға алынған. Мұнда ұйғыр халық прозасы
мына жанрларға бөлінген:
чәчәклар (һайванатлар һиккидики,
сехирлық, түрмушһаят),
риваят, әпсана, болмишлар.
Терминдік жағынан келгенде, «болмыш» деген атау орыстың
«быличка» ұғымына сәйкестендіру үшін алынған. Бірақ бұл –
дәлмедәл аударылған калька. Бұл жанрды біз бұрыннан қа
лыптасқан, дәстүрлі болып кеткен «хикая» деген терминмен
атаған дұрыс деп ойлаймыз.
Халық прозасын зерттеуді түрікмен фольклористері де қолға
алды. 1982 жылы А. Баймырадовтың «Түрікмен фоль
клор
прозасының тарихи эволюциясы» деп аталатын еңбегі жарық
көрді
49
. Бұл зерттеудің бір ұтымды жері – түрікмен фольк
лорында миф жанрының бар екенін анықтап, оған арнайы
тарау беруінде.
Негізінде, бұл еңбек ертегіге жатпайтын про
заға арналған. Автор бұл топты «эртеки хасиетсіз фольклор
[
47
]
прозасы» деп атап, оны
миф, легенда, хикаят және
ревоят де
ген жанрларға саралайды.
Көріп отырсаңыздар, мұнда да терминдік атаулар біркелкі
емес.
Жалпы, бір көңіл аударатын мәселе – прозалық жанр
ларды атау. Оларға ат қойып, айдар тағуда түркі халықтары өз
тілдерінде қалыптасқан тума немесе басқа тілден қабылданып,
сіңісіп кеткен сөздерді алуы керек. Айталық,
әпсана, риваят
сөздері ұйғыр, өзбек тілдерінде бұрыннан
белгілі бір ұғым
ретінде орныққан болса, соны пайдалану керек. Ал қазақ
тілінде
әпсана, риваят сөздері сіңіспеген. Олардың орнына бізде
хикая, хикаят, қисса, рисале сөздері қолданылған. Сондықтан
халық прозасындағы ертегі мен аңыздан басқа жанрларды атау
үшін осы сөздерді пайдалану абзал. Оның үстіне «афса на»
–
парсыша «ертек», ал «риваят» арабша «роман» деген сөздер
екен
50
. Демек, мүмкіндігінше тілімізде бұрын қалыптасқан
сөздерді
пайдаланып, оларға терминдік ұғым беру керек.
Қазақ фольклортануында халық прозасын жанрға сара
ламай, түгелімен «ертегі» деп ұғу қалыптасып кеткен. Мы салы,
қазақ фольклорына арналған М. Ғабдуллиннің оқулығында
былай деп жазылған: «Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан
ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз. Солардың ішін
де бастылары: а) қиялғажайып ертегілер, ә) хайуанаттар жа
йындағы ертегілер, б) тұрмыссалт ертегілері және аңыздар»
51
.
Көріп отырғанымыз: ертегі жанрына аңыздар да кіріп
кеткен. Бірақ не себепті бұлай істелгені кітапта айтылмайды.
Сондықтан жанрлық саралауда автордың ұстанған шарты
белгісіз. Оны мынадан да көруге болады. Осы еңбегінде ғалым
жаңағы аталған ертегілер тобынан аңызәңгімелерді жеке
бөліп атайды да,
оған Алдар көсе, Асан Қайғы, Жиренше ше
шен туралы шығармаларды жатқызады
52
.
М. Ғабдуллин қазақ халық прозасында ертегіден өзгеше
жанр бар екендігін аңғарып, М. Әуезовтің пікірімен қосыла
отырып, оны аңызәңгіме деп атайды. Бұл жанрды жіктеудегі
ғалымның критерийі – шығарма оқиғасының шындығы,
өмір де болғандығы. Бұл да М. Әуезовтің пікірінен шыққан.
М. Әуе зов 1927 жылы жарыққа шыққан кітабында
53
,
кейін
1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп жазған еңбегінде
54
, одан соңғы
[
48
]
зерттеулерінде де
55
ертегі жанрын арнайы қарастырып, оның
ішкі жанрларын сипаттап берген еді. Сондайақ ол кісі халық
прозасында ертегіден басқа да жанрлар бар екенін анықтап,
оларды бірде аңыз ертегілер, бірде аңыз әңгімелер деп атаған.
1948 жылы жазған еңбегінде М. Әуезов қазақ ертегісін клас
си фикациялау мәселесінде Еуропа мен Ресей ғалымдарының
тәжірибесіне сүйену керектігін айта келіп былай деп жазады:
«Ендігі тереңдеп тексерулерде қазақ ертегісін де сол Аарне ка
талогына
салыстырып, сол әдіспен зерттеп ұғынуымыз ке рек.
Қазақ ертегілерінің көбі жиылып жазылмағандықтан қазір
де біз бұл әдісті қолданбай отырмыз.
Орыс халқының 2136 ертегісін Андреев жиылған, басылған
күйде қолына алып отырып, тексеру жасаса, қазақта ертегі
байлығы бірнеше жүзақ болып жазылған. Талай жүздеген
ертегілер әлі қағаз жүзіне түскен жоқ. Барлық ертегі қоры
жиналып топталмай тұрғанда Аарне каталогынан қазақ ер
тегілерінің барлық орындарын көрсетіп жіктеу мүмкін емес.
Аз материалмен шалғай үстірт шолу ғана жасауға болады.
Бірақ түбінде аз жылдар ішінде қазақ халқы айтып жүрген
бар ертегіні шама келгенше мол жиып алып оты
рып, сол
жаңағы Аарне – Андреев үлгісінде дүниежүзілік каталогке қо
са тексеру өте қажет болады.
Әзірше жиылған дерек аз болғандықтан,
біз қазақ ертегісін
бүгінгі бар, мәлім түрлерінің ретімен
ғылымдық жалпы
Достарыңызбен бөлісу: