[
261
]
хатқа түсіріп отырған
2
. Бір жақсысы – аудармашылар ер
тегі мен аңызды естіген бойда орысшаға аударып отырған.
Соның арқасында Г. Потанин шығарған жинақтағы ертегілер
(орыс тілінде болса да) сюжеттік жағынан толықтығымен әрі
қызғылықтығымен құнды.
Егер Октябрь революциясына дейін ертегі жанры жеке жи
нақ ретінде санаулы түрде ғана жарық көріп,
көбінесе жалпы
фольклорлық жинаққа еніп жүрсе, Совет өкіметі тұсында ер
тегіге арналған бірнеше жинақтар баспадан шықты
3
. Олай
болу себебі – совет дәуірінде, әсіресе 3040 жылдары, қа зақ
ауыз әдебиеті шығармалары өте қауырт жиналды. Жи
нал
ған материалдың көбісі сол жинақтарды құрады. Ал, бұл
кітаптарға сыймағандары қолжазба қорында сақтала берді
4
.
Оларға кейінгі кездерде жиналған ертегілер де қосылып жат
ты. Сөйтіп, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ ертегітану
ғылымы үшін сан жағынан да, сапасы жағынан да өте құн
ды материал жиналды. Қазақ ертегісін зерттеп жүрген оқы
мыстылар ең алдымен осы мәтіндерге жүгінетіні сөзсіз.
Совет заманында жарық көрген ертегілік жинақтар көпші
лік қауымға бағышталған. Ғылыми тұрғыдан алғанда, олар
дың құнды жағы – қазақ ертегі мұрасын халыққа кеңінен тара
туы, ұлттық ертегіміздегі барлық сюжеттерді қамтуы. Демек,
текс
тологиялық ақауларына қарамастан,
аталған ертегілік
жинақтар қазақ совет фольклортану ғылымы қалыптасып, да
муына айтарлықтай үлес қосты. Ендігі сөз ертегіге арналған
ғылыми, академиялық жинақ хақында болмақ.
Ғылыми мәнді ертегілік жинақ шығару үшін қолдағы ма
териалды сұрыптау, саралау ісі – жинақты дайындау жолын
дағы жауапты кезең. Себебі құрастырушының қолындағы
ер
тегі мәтіндері жанр жағынан да, көлемі жағынан да,
тіпті көркемдік сапасы жағынан да әр түрлі. Кейбіреулерінің
көр кем дікстильдік формасы жақсы болса, енді біреулерінің
маз
мұны нашар болуы ықтимал, керісінше, қайсыбіреулерінің
маз мұны тәуір болып, формасы нәрсіз болуы мүмкін, т.т.
Жинақтың көлемі әрқашан мөлшерлі болғандықтан құрас
тырушы ең алдымен кітапқа нені енгізіп, нені қалдыратынын
шешіп алатыны белгілі. Бізде шығып жүрген ертегілік қана
емес, жалпы фольклорлық жинақтарда көркемдікидеялық
[
262
]
және орындалуы жақтарынан да тәуір деген шығармалар
орын алып жүр. Алайда, бұл да кемшіліксіз емес. Мәселен, көл
көсір материалдан тәуірін, керегін таңдағанда бір шы ғарма
ның бір неше вариантынан қайсысын алған дұрыс? Фольклор
тану ғылымы үшін барлық варианттың маңы зы бар. Неғұрлым
шығарманың варианты көп болса, солғұр лым зерттеу мәселе
лері кеңейе түседі, ғылыми қорытын дылар дұрыс болады.
Бірақ
қазақ ертегілеріне арналған жинақтарда сюжет вариант тары
ескерусіз келеді, сюжеттің бірақ варианты беріліп, қалғандары
аталмайды да, зерттелмейді. Мысалы, түгелдей дерлік жи
нақтарға енген «Ер Төстік» ертегісін алайық. Бұл ертегі соңғы
рет 1957 жылы шыққан үш томдық «Қазақ ертегілері» атты
жинаққа енді. Алайда, онда «Ер Төстік» ертегісінің ешбір
сюжеттік варианттары аталмаған және бұрынғы басылған
нұсқалары да көрсетілмеген. Ал, егер таза ғылыми жинақ бол
са, онда түсініктемеде былай деп жазу керек еді: «Ер Төстік»
ертегісі өте кең тараған. Жинаққа пәлен мұрағаттан не басы
лымнан алынды. Бұл сюжеттес ертегі В. Харузинаның, Г. По
таниннің, А. Мелковтың, А. Васильевтің, М. Миропиевтің,
Ә. Диваевтың басылымдарында кездеседі»
5
.
Демек, қазақ фольклортануында ертегілерді ғылыми түр
де жинақ етіп шығару жұмысы әлі
толық қалыптаспаған
6
.
Құрастырушылар ертегілік материалды әзінше сұрыптап, өзі
қалаған текстіні ғана жинаққа енгізіп жүр. Шығарма ва риант
тары да ескерілмей, жинақтан тыс қалуда. Және әркім бір жа
ңадан сүрлеу салуға тырысады, бірақ ол қолдан келе бермейді.
Шынын айту керек, бізде ертегі мәтінін сын көзбен қарау
әлі де жолға қойылмаған. Көп жағдайда мәтінді тек мазмұны
тұрғысынан, аракідік көркемдік жағынан бағалаймыз да,
сол мәтіннің тілі, орындалу сапасы қандай – оған мән бер
мейміз. Текстологиялық редакциялаудың ғылыми негіз
делген шарттары да жоқ бізде. Мәтінді қаншалықты және
қандай түрде редакциялау керек? Бұл да әлі ғылыми негіз
делмей жатыр. Сондықтан қазақ ертегілері жинағын құрас
ты
рушылар мәтінді редакциялауда өз білімі мен тәжіри
бесіне және баспахананың шарттарына сүйеніп жүр. Со
ның салдарынан ертегілік жинақтарда мәтіннің тілі көп
өз геріске ұшырап, ертегішінің
стилі мен халықтың ауызекі
[
263
]
тілі толық сақталмай, өз ерекшеліктері мен сипаттарынан
айырылып қалып жүр; жинақтарда әр жерден жазылып
алынған ертегілерде кездесетін диалектілік ерекшеліктер де
өшіріліп қалады. Бір өкінішті жері – құрастырушылар осы
өздерінің «текстологиялық редакциясы» туралы не кіріспе
сөзде, не түсініктемелерде бір ауыз сөз айтпайды. Мысалы
үшін, ең тәуір деп саналатын үш томдық «Қазақ ертегілері»
жинағын алайық. Бұл жинаққа енген біраз ертегілердің
түп
нұс
қасы Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық
ғы лы ми кітапханасы мен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер
инс ти тутының қолжазба қорларында сақтаулы. Солардың бір
екеу ін алып, баспадан шыққан нұсқасымен салыстырсақ бы
лай екен:
Достарыңызбен бөлісу: